Сабақ тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л. Пастердің тәжірибесі



Дата20.11.2016
өлшемі52,89 Kb.
#2127
түріСабақ
Күні:

Сынып:9


Сабақ тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л.Пастердің тәжірибесі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Тірі табиғаттың пайда болуы мен шығу тегінің ақиқаттығына көз жеткізіп, дұрыс дүниетанымдылықты қалыптастыру. Тіршілік дамуындағы 5 заман туралы жалпы түсінік беру

ә) дамытушылық: Тіршіліктің пайда болу теориясын талқылау арқылы оқушылардың білімді өздігінен меңгеруі, оқулықпен жұмыс істеу дағдысын, ой-өрісін, шығармашылығын, ізденімпаздығын дамыту

б) тәрбиелік: Оқушыларды қызығушылыққа, ізденуғе және ойлауға үйрету. бірлікке, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру,дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.Ақпарат құралдары арқылы жаңа әдістерді пайдалана отырып білім алушылардың шығармашылығын дамыта оқытуға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұхбат, термин сөздермен жұмыс, тестік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс: География, химия ,тарих т.б.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сөз тізбегі, слайдтар

1, Ұйымдастыру кезеңі

2. Қайталау оқу анасы (үй тапсырмасын тексеру)

Биологиялық жаджазу

Сынақөтем сұрақтары

3. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Сызбалар сыры (кестемен жұмыс)

Психологиялық икем «Кім шапшаң?»

4. Жаңа сабақ

«Білгенге маржан»

Жер тарихының шежіресі

Замандарға сипаттама беру

5. Бәрін білгім келеді (сабақты бекіту)

Геохронологиялық кесте

«Құпия сан» ойыны

7. Бағалау

8. Үйге тапсырма

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қайталау оқу анасы (үй тапсырмасын тексеру)

Биологиялық жаджазу

Эволюция :

1.“Эволюция” терминін енгізген адам

2.Эволюция дегеніміз не ?

3.Эволюцияның қозғаушы күштері ?

4.Ч.Дарвиннің пікірі бойынша эволюцияның басты қозғаушы күші

5.Тіршілік үшін күрестің ең қатал түрі

6.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы

7. Микроэволюция дегеніміз не?

8.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен адам

9. Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі

10. Топтағы біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес

Жаджазудың жауабы:

1. Ж.Б. Ламарк

2. Органикалық дниенің тарихи дамуы

3. Тұқымқуалаушылық., өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу

4. Сұрыптау

5. Түрішілік

6. Ж.Б.Ламарк

7. Жаңа түрлер мен түршелердің пайда болуы

8. Ч.Дарвин

9. Эволюция

10. Тіршілік

Сынақөтем сұрақтары

1.Алғашқы эволюционист деп қай ғалымды атайды?

А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней.

2. Тірі табиғаттың алғаш ғылыми классификациялануын кім ашты?

А) Ж.Б.Ламарк. В)Л.Уоллес. С)Ч.Дарвин. Д)К.Линней.

3. Эволюцияның басты қозғаушы күші не?

А)Өзгергіштік. В)Табиғи сұрыпталу. С)Тұқымқуалаушылық. Д)Тіршілік үшін күрес.

4.Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс.

А)Дегенрация. В)Конвергенция. С)Ароморфоз. Д)Дивергенция.

5.Эволюцияның қарапайым өлшемі:

А) дара В) ареал С) популяция

6. Биология терминін ғылымға қай ғалым енгізді?

А) Ч.Дарвин В) Ж.Б.Ламарк С) К.Ф.Рулье Д) Э.Дарвин

7. Эволюция теориясын жасаған ғалымдар:

А) Ч.Дарвин, Ч.Лайел В) Ч.Дарвин, А. Вейсман С)Ч .Дарвин, А.Уоллес Д) Ч.Дарвин, Ж. Ламарк

8. Биология терминін ғылымға қай ғалым енгізді?

А) Ч.Дарвин В) Ж.Б.Ламарк С) К.Ф.Рулье Д) Э .Дарвин

Жауабы:

1 – С


2 – Д

3 – В


4 – С

5 – С


6 – В

7 – Д


8 - В

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Сызбалар сыры (кестемен жұмыс)

Психологиялық икем «Кім шапшаң?»

Кестеде 10 сөз берілген, осы сөздерді есте сақтап қайталап айтуыңыз керек.
1.эволюция 2.микроэволюция 3.макроэволюция 4.ароморфоз 5.дегенерация 6. популяция 7. түр

8. конвергенция 9. эндемик 10. адаптация

Берілген сөздерді қатыстыра отырып бір сөйлем құрастырыңыз.

IV. Жаңа сабақ

«Білгенге маржан»

Жер тарихының шежіресі

Замандарға сипаттама беру

Жер тарихының шежіресі

Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары:

Криптозой

1. Архей — ежелгі заман

2. Протерозой — алғашқы тіршілік

Фанерозой

3. Палеозой — ертедегі тіршілік

4. Мезозой — ортадағы тіршілік

5. Кайнозой — жаңа өмір

Архей заманында тіршіліктің дамуы

Протерозой заманында тіршіліктің дамуы

Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы

Палеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады:

кембрий,

ордовик,


силур,

девон,


тac көмір,

пермь.


Мезозой заманы.

Кайнозой заманы.

Қорытынды

V. Бәрін білгім келеді (сабақты бекіту)

Геохронологиялық кесте

«Құпия сан» ойыны

Ойын шарты:интерактивті тақтаға дайын 10 сөз жазылады.Мұғалімнің қойған сұрағына оқушылар кестедегі жауапты қою керек.

“Құпия сан” ойынының сұрақтары

1.Алғашқы тіршілік қалай аталады?

2.Ежелгі заман

3. Ұзындығы 1,5, салмағы 50 кг балық қалай аталады?

4. Балықтар кезеңі қай кезең?

5. Жерде тас көмірдің қалың қабаты пайда болған кезең

6. Ортадағы тіршілік

7. Биіктігі 30-40 м, ені1-2 м ағаш тектес плаун аты.

8. Жаңа өмір

9. Адам қашан пайда болды?

10”Динозаврлар ғасыры” қай кезең?

Дұрыс жауаптары:

1

Протерозой



2

Архей


3

Латимерия

4

Девон кезеңі



5

Тас көмір кезеңі

6

Мезозой


7

Лепидодендрон

8

Кайнозой


9

Антропоген

10

Тирас
VІІ. Бағалау.



Оқушыларды сабаққа қатысуы бойынша бағалаймын.

VІІІ. Үй тапсырмасын беру.

§33. «Жер тарихы және оны зерттеу әдістері. Жер тарихының шежіресі.

Реферат .Адамның шығу тегі туралы әр түрлі мәліметтер (ғаламтор)



Интернетке хабарлау:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет