«Дидактика» терминін ең алғаш «оқыту өнері» мағынасында ашып, енгізген неміс педагогы: a вольфганг Ретке



Дата20.12.2021
өлшемі52,48 Kb.
#103704
Байланысты:
Педагогика
Konspekt-lektsij-po-distsipline -Osnovy-krosskul-turnogo-obshheniya, философия сессия, Kratkie.konspekty.lekcij..Teoreticheskii.osnovy.logopedii, Kratkie.konspekty.lekcij..Teoreticheskii.osnovy.logopedii, Дәріс 2. Арнайы мектепте қазақ тілін оқытудың принциптері, заңдылықтары, biologiya-pnnen-8-synypa-arnalan--tosan-zhiynty-baalau-tapsyrmalary, «География» п нінен 2-то сан а арнал ан жиынты ба алау тапсырма, 1 аралық бақылау сұрақтары (1), abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy, аза стан Республикасыны экономикалы реформаларыны жа ыруы к, 50, 50, Методичка ТСП 1, Темы ДП ВЕБ

« ...Ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздық қадірін кетіреді ...» сөз жолдарының авторы:A) әл- Фараби

«Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп тәрбиенің мәніне ерекше тоқталған  ағартушы:A) әл-Фараби

«Білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс-əрекет» – бұл:A) Оқу процесі

«Білім беру» ұғымын құндылық, жүйе, процесс, нәтиже аспектілерінде қарастырған білім беру философиясының белгілі маманы:A) Б.С.Гершунский

«Дидактика» терминін ең алғаш «оқыту өнері» мағынасында ашып, енгізген неміс педагогы:A) Вольфганг Ретке

«Дидактика» терминінің жан-жақты мағынасын 1657 жылы Амстердамда шығарған «Ұлы дидактика» еңбегінде «Бәрі, барлығына оқытудың әмбебеп өнері» мағынасында сипаттаған чех педагогы:A) Я.А.Коменский

«Жаңа тұрпатты мұғалім» тұжырымдамасы авторын атаңыз:A) М.Н.Сарыбеков

«Креативті мұғалім» тұжырымдамасы авторын атаңыз:A) К.Д.Бузаубакова

«Құндылық» ұғымына алғаш рет философиялық тұрғыдан түсініктеме берген ғалымдар:A) Р.Ротце, Г.Коген

«Менеджмент – бұл адамдардың ынтымақтастығы, өзара қарым-қатынас тәсілі, нәтижесі, адамның ішкі әлеуетіне бағытталған әкімшілік іскерліктің ерекше формасы» деп көрсеткен ғалым:A) Т.М.Баймолдаев

«Мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ» деп өсиет қалдырған педагог:A) Я.А.Коменский

«Тәрбиенің мақсаты –  заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, адами құндылықтарды жетілдіру» деген ежелгі ойшылды атаңыз:A) Сократ

1904 жылы ғылымға П.Ф.Каптерев алғаш рет енгізген ұғым – бұл:A) Педагогикалық процесс

2-ге дейінгі жас – дене тәрбиесі; 12-ге дейінгі жас   – мектепке дайындық; 15-ке дейінгі жас –  ақыл-ой, дене әрекеті; 18-ге дейінгі жас – сезім тәрбиесі, отбасын құруға   дайындық – бұл ... бойынша  баланың жас кезеңдері.A) Ж.Ж.Руссо

А.С.Макаренко анықтаған жалған бедел түрлерін атаңыз:A) Тәкаппарлық, басшылдық, қашық, сүйіспеншілік бедел

А.С.Макаренко  бойынша, тәрбиенің іс-әрекеттік сипатта болуы; тәрбиенің дамуы мен өзгеруі; қарама-қайшылықты сипаты; басқарылуы – бұл ...  ерекшеліктері.A) Тәрбие процесінің

А.С.Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектерін атаңыз:A) «Педагогикалық поэма», «Мұнара үстіндегі тулар»

Адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы:A) Кәсіп



Адам бетінің бұлшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі – бұл:A) Мимика

Адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбаны – бұл:A) Мұғалім

Адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау және жүйелеу – бұл педагогиканың ... .A) Міндеті

Адамгершілік бағыттылық; балаларға деген махаббаты; педагогикалық мәдениет; қабілеттілік;  жоғары интеллектуалдық деңгейі;  құндылық бағдар;  бәсекеге қабілеттілік; өз пәнін жетік білуі – бұл:A) Креативті педагогтың кәсіби сапалары

Адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру – бұл ғылыми дүниетанымның ... сапалық белгісі.A) Сындарлы ойлау

Адамға әсер ететін түрлі жағдайлар – бұл:A) Қозғаушы күш

Адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, аға ұрпақтың келер жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру – бұл ... процесі.A) Тәрбиелеу

Адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы – бұл:A) Функционалдық сауаттылық

Адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының және т.б. жиынтығы – бұл:A) Білім  

Адамзаттың жеке тұлға ретінде толысуы, тұрақтануы, жетілуі – бұл:A) Қалыптасу

Адамның бойындағы әлеуметтік қасиеттер, сапалар, белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға өзінің қатынасын мойындайтын, дара ерекшеліктері бар нақты адам, қоғамның саналы мүшесі – бұл:A) Тұлға

Адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы;  адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге бағытталған білім түріне ауысу болып табылатын білім беру түрі:A) Үздіксіз білім беру

Адамның қоршаған орта мен қоғамның  құндылықтарын,  нормаларын қарым-қатынасқа түсу арқылы бойына сіңіруі:A) Әлеуметтену

Адамның өзінің жеке басының қасиеттерін шыңдау, жақсарту мақсатында бағытты, жүйелі, саналы іс-әрекеті:A) Өзін-өзі тәрбиелеу

Адамның өзінің ішкі жан дүниесіне, тәжірибесіне, өмірлік іс-әрекетіне сүйенуі және білім берудің алдыңғы қатарлы жаңашыл тәжірибесінде пайдаланылатын мақсатқа жету құралы – бұл:A) Рефлексия

Ақиқатты дүниеге, ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына, өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, осы көзқарастар арқылы қалыптасқан ұстанымдары, наным-сенімі, мақсат- мұраттары – бұл:A) Дүниетаным

Ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, эстетикалық, құқықтық, патриоттық, экологиялық, экономикалық – бұл:A) Тәрбиенің түрлері

Ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселелерін зерттейтін педагогика саласы – бұл:A) Олигофренопедагогика

Алғаш peт ХІХ ғасырдың ортасында пайда болып, обьектінің жағымды және жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-әлеуметтік ұғым – бұл:A) Құндылық

Американдық және Еуропалық білім беруде «оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталған оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі – бұл:A) Портфолио

Американдық физик, философ Т.Кун бойынша,  «қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін (білімін) анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың) жиынтығы»  – бұл:A) Парадигма

Анализ, синтез, абстракциялау, талдап қорыту, жекелеп бөлу, индукция, дедукция, модельдеу – бұл ...  зерттеу әдісінің түрлері.A) Теориялық

Арнайы кәсіби білім; нәтижеге бағытталған мақсаттың болуы; оқыту, білім беру, тәрбиелеу мазмұнының нақтылығы; педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесін бағалай алуы; баланы педагогикалық қолдауы – бұл кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің ... .A) негізгі белгілері

Арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптары варианттарының қатал логикалық құрылысы, құрастырушы ұсынған алдын-ала бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұратын әдіс: A) Сауалнама жүргізу



Әдіс термині гректің «мetodos» деген сөзінен алынған, ол ... дегенді білдіреді.A) «Білімге жол ашу»

Әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік, ... .A) Прескриптивтік

Әдістер туралы ілім – бұл:A) Әдіснама

Әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттердің субъектісі ретіндегі индивид – бұл:A) Жеке тұлға

Әлеуметтік тәжірибенің педагогикалық тәуелсіз көздері; ниеттеген мақсатына жету жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы заттар – бұл:A) Тәрбие құралдары

Әңгіме-сұхбат, сұхбат-әңгіме, сауалнама (анкета); интервью;   тест жүргізу;   педагогикалық құжаттармен танысу; оқушылардың жазбаша, шығармашылық, графикалық  жұмыстарын   тексеру  әдісі– бұл:A) Сұрақ-жауап

Әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технология:A) Мультимедиалық технология

Б.П.Есипов бойынша сабақтың жіктемесі: аралас сабақ; жаңа оқу материалымен танысу сабағы; пысықтау; қайталап жинақтау, қорыту сабағы;  ... .A) Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы;

Б.Т.Лихачев бойынша оқыту заңдылықтары: оқушының білімге ынтасына мұғалім әсерінің сәйкестігі; оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне мұғалімнің әсерінің сәйкес болуы; ... .A) Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне мұғалім әсерінің сәйкестігі

Бағдарламаның сабаққа қатысты бөлімін ұғыну; осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып білу; сабақтың мақсатын анықтау; оқыту әдістерін таңдау; сабақ құрылымын жобалау – бұлар:A) Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі – бұл:A) Акселерация

Баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы болған, қатаң таяқ тәртібіне қарсы «еркін тәрбие» идеясын ұсынған философ:A) Жан-Жак Руссо

Баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсіндірілетін, бүгінде «баланы өмірге жетелеу» өнері ретінде қабылдайтын  ғылым:A) Педагогика

Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін түсіндіру, оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейтін әдіс:A) Жазалау

Баланың мүмкіншілігінің шектеулі болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету – бұл:A) Инклюзивті білім беру

Баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару, жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиетінің дамуына, мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдіс – бұл:A) Тапсырма беру

Басшылық бөлінетін, басшылыққа оқушылар да қатыстырылатын, жауапкершілік бөлінетін басшылық түрі:A) Демократиялық (жариялылық)

Белгілі бір бала дамуының кезеңдеріне тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктер – бұл:A) Жас ерекшеліктері

Белгілі уақытта тақырыпты, тарауды үйрену соңында оқушының білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктері қалыптасу деңгейін анықтау – бұл:A) Жиынтық бағалау

Болашақ мұғалім тұлғасының жеке - дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің  деңгейі – бұл:A) Педагогикалық шеберлік

Білікті мұғалімдер, профессорлар 100-150 адамға дәріс оқиды; 10-15 адамнан тұратын топтар материалды талдап пікірсайыс өтеді. Дәріске – 40%, сабаққа – 20%, жеке жұмысқа – 40% оқу уақыты жұмсалады – бұл:A) Трамп жоспар

Білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім – бұл:A) Білім алушыларды аралық аттестаттау

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда қолданылатын бақылау түрлері: күнделікті; тақырыптық; ... .A) Жалпылай

Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің біліктілік сипаттамасы:A) Жас маман, тәжірибелі мұғалім, шығармашыл мұғалім, жаңашыл мұғалім, зерттеуші мұғалім, креативті мұғалім

Білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі: A) Жалпы орта білім беру

Білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі – бұл:A) Жалпы орта білім беру

Білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас – бұл:A) Педагогикалық парадигма

Білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы – бұл:A) Дидактика

Білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның негізгі компоненттері – мақсаты, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқыту нәтижесі – бұл:A) Дидактика ұғымдары

Білім беруді ізгілендіру технологиясының ерекшеліктерін атаңыз:A) Ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру, оза оқыту технологиясы

Білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы – бұл:A) Білім беру сапасы

Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады:A) Мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық

Білім мазмұнын игерудің және оқушылардың оқу процесінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктері, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейі – бұл:A) Оқыту сапасы

 білімді сынау сабағы

Білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға, тәрбиеге ықпалын анықтау; оқыту принциптерін тиімді қолдану; тиімді әдіс, тәсіл, құралдарын таңдау, оларды ынталандыру – бұл  қазіргі сабаққа қойылатын ... .A) Дидактикалық талаптар

Бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі – бұл ...  қарым-қатынас.A) Вербальды

Бір күйден екінші күйге өту процесі, ескі сапалық күйден жаңа сапалық күйге өту, қарапайымнан күрделіге өту, төменнен жоғарыға өту – бұл:A) Даму

Біртұтас педагогикалық процестің даму кезеңдерін көрсетіңіз: дайындық кезең, негізгі кезең, ... .A) Қорытынды кезең

В.А.Сластенин бойынша біліктілік сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық білім көлемін, болашақ мұғалімге қажет педагогикалық, әдістемелік іскерлік, дағды жүйесін көрсететін мамандық құжаты – бұл:A) Мұғалім профессиограммасы

Г.И.Шукина бойынша оқытудың әдістері:A) Ақпараттық-дамыту; эвристикалық (іздену); білім, білік, дағдыны жетілдіру мен бекіту әдістері

Ғалым К.Д.Бузаубакованың зерттеуі бойынша іс-әрекет сапасының артуы, интеллектуалды даму, ерік-күшін жігерлендіру, жаңаға деген ерекше құлшыныс – бұл:A) Инновациялық өзін-өзі дамыту

Ғылыми әдіснаманың негізін салушы:A) Гегель

Ғылыми-зерттеушілік негізде білім берудің жаңа мазмұнын, жаңа формасы мен әдістерін, ғылыми идеялардың мағыналы байланыстары тұрғысынан жүзеге асыру – бұл ... іс-әрекеттің түрі.A) инновациялық

Дағдыны дамыту үшін жоспарланған нәтижеге жетудің сипаттамасы – бұл:A) Бағалау критерийлері

Дефектология, Сурдопедагогика, Тифлопедагогика, Олигофрено-педагогика, Логопедия – бұл педагогика ғылымының ... саласы.A) арнайы

Джон Локк   қай еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлген, баланы «таза тақтаға» теңеген? A) «Тәрбие туралы ойлар»

Диагностикалық болжау; нәтижелік; тиімділік; жоспарлау; біртұтастық; басқарушылық; түзетушілік; оңтайлылық; қайталанушылық – бұл ... сапалық қасиеттері:A) педагогикалық технологияның

Дидактика  ... деген сұрақтарға жауап береді.A) «Қалай оқыту?», «Не үшін оқыту?»

Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу – бұл:A) Қарым-қатынас

Ел, мемлекет, этнос, қоғам; белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді – бұлар:A) Макрофакторлар

Еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби рөлдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның әлеуметтену процесі – бұл:A) Кәсіби даму 

Еңбекке деген қатынасты, рухани және материалдық игілікті жасауға деген жеке тұлғаның әрекетін мақсатты қалыптастыру процесі – бұл:A) Еңбек тәрбиесі

Жалпы орта білім беретін мектептердің оқу жүктемесі минимумына, әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білім туралы құжаттардың эквиваленттілік талаптарын тағайындайды – бұл:A) Мемлекеттік стандарт

Жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы – бұл:A) Сынып

Жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады– бұл:A) Сыныптық-сабақ жүйесі

Жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін  ұсынған көрнекті педагог:A) А.С.Макаренко

Жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері – бұл:A) Әлеуметтік орта

Жеке тұлғаны дамытуға, қоғамдағы әлеуметтік орнын анықтау үшін адамзаттың жинақтаған өмірлік тәжірибесін, мәдениетін  аға ұрпақтың  жас ұрпаққа беруге бағытталған әлеуметтік іс-әрекетінің  бір түрі – бұл:A) Педагогикалық іс-әрекет

Жеке тұлғаның ойы қоршаған ортамен, табиғатпен байланыспағанда туындайтын қарама-қайшылық – бұл:A) Ішкі қарама-қайшылық

Жеке тұлғаның ойы, талап-тілектері, іс-әрекетінің қоршаған ортамен,  табиғатпен,  қағидалар мен заңдар, рухани дүние мен материалдық жағдай арасындағы қарама-қайшылық – бұл:A) Жалпы қарама-қайшылық

Жеке тұлғаның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тану және өздігінен білім алуды тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік құндылықтың белсенділігін қалыптастыру – бұл білім берудің ... .A) Мақсаты

Жеке тұлғаның, ұжымның даму динамикасын көруге, нәтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге болатын, тұлға дамуына мүмкіндік жасайтын теориялық білімнің педагогикалық процестегі реттелген іс-әрекет жиынтығы– бұл:A) Педагогикалық технология

Жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық; өзара бірлесіп оқыту, саралап оқыту, бригадалық оқыту, Винетка-жоспар, Трамп-жоспар, оқытудың микротоптық жүйесі, Белл-Ланкастер жүйесі, Дальтон жоспар – бұлар:A) Оқытудың формалары

Жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық; өзара бірлесіп оқыту, саралап оқыту, бригадалық оқыту; Винетка-жоспар, Трамп-жоспар, оқытудың микротоптық жүйесі, Белл-Ланкастер жүйесі, Дальтон жоспар – бұл:A) Оқытудың формалары

Жеке-дара (тәрбиеші-тәрбиеленуші), топтық (тәрбиеші-оқушылар тобы), жаппай көпшілік (тәрбиеші-бірнеше топ) формалары – бұл тәрбие жұмыстары формаларын ... қарай топтастыру.A) Қатысушылар санына

Жеткіліксіз білімді ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше оқып үйренуін; танымдық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына; жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау – бұл  ...  технологиясы.A) Жобалап оқыту

Жұғысу, адамдар ара-қатынасының түрі,  адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас жасауына қажетті жағдай – бұл:A) Әдеп( такт)

Зияткер, дене бітімі және рухани дамыған азамат қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру,  бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту– бұлар:A) Білім беру жүйесінің мақсаты

И.Н.Казанцев бойынша сабақтың жіктелуі: алғашқы сабақ;  қорытынды сабақ; пысықтау, жаттығу, тәжірибелік сабақ; ... .A) Қайталау-қорыту, тексеру, білім сапасын бағалау сабағы

И.П.Подласый бойынша оқыту әдістері жіктемесі: практикалық; көрнекілік, демонстрация, иллюстрация; ... .A) сөздік, түсіндіру, әңгіме, пікірталас; кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы

И.П.Подласый бойынша оқыту әдістерінің жіктемесі:A) Практикалық, көрнекілік, демонстрация, иллюстрация, сөздік, түсіндіру, әңгіме, пікірталас; кітаппен жұмыс, бейнетаспа әдістер тобы

И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин бойынша оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс, репродуктивтік; проблемалы баяндау; ішінара баяндау; ... .A) Зерттеу әдістер тобы

И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин бойынша оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:A) Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік; проблемалы баяндау; ішінара баяндау; зерттеу әдістер тобы

Индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы – бұл:A) Әлеуметтік бейімделу

Инклюзивті білім берудегі оған қатысатын әрбір адамның бойында қалыптасатын құндылықтар:A) Теңдік

Инновациялық іс-әрекеттің басым бағыттарының негізгі түрлерін көрсетіңіз:A) Жаңашылдық

К.Д.Ушинский  « ... сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істердің бірі» деп атап көрсетті:A) Мұғалім мамандығы

Кәсіби  маңызды, интегративті  сапа: эмоциялық  тұрақтылық, аяғына дейін тыңдай  білу  қабілеті,  қуаттай  білу  іскерлігі, сыпайылық, тілдік шеберлігі – бұл педагогтың ... құзіреттілігі.A) Коммуникативті

Кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде талдаған педагог:A) Н.К.Крупская

Коммуникацияны орнату, дамыту, ұйымдастыруға бағытталған ортақ іс-әрекеттің мақсаты мен мазмұнына байланысты туындайтын педагог пен оқушы арасындағы өзара түсіну, өзара әсер ету процесі – бұл:A) Педагогикалық қарым-қатынас

Космос, неосфера, планета, әлем; басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді – бұлар:A) Мегафакторлар

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Бұл адамтану, күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу» деп атап көрсеткен мамандық:A) Мұғалімдік мамандық

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектерін көрсетіңіз:A) «Мектептің жас директорымен сырласу», «Балаға жүрек жылуы»

Көрнекті педагог К.Д.Ушинский «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, ... қыр-сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді» деп атап көрсетті.A) Педагогикалық әдептің

Көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы – бұл:A) Тифлопедагогика

Критериалды бағалау жүйесін енгізу – бұл бағалаудың ... мақсаты:A) Оқудағы қиындықтарды анықтау

Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді; кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік беретін бағалау– бұл:A) Қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау (ОүБ)

Қазақстан Республикасында  Ғылым мен білім беруді дамытудың 2020-2025  жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын атаңыз:A) Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру

Қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары  – бұл:A) Ым-ишара (жест)

Қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы  – бұл:A) Пантомимика

Қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан,  сезімі мен дене күші мығым, белсенді, өмірлік позициясы айқындалған креативті жеке тұлғаны қалыптастыру – бұл:A) Тәрбиенің мақсаты

Қоғамға қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғамы, дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған зияткер тұлғаны қалыптастыру – бұл:A) Тәрбиенің мақсаты



Қоғамдық сананың ең жоғарғы деңгейі – бұл:A) Ғылыми дүниетаным

Қоғамдық ұйымдарда, білім беру  ұйымдарында мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс – бұл:A) Тәрбие

Қоғамның ең маңызды әлеуметтік институты, онда жаңа өмір өсіп-өнеді, дамиды, баланың жеке басы қалыптасады, мәдени, адамгершілік-рухани, азаматтық қалыптасуы жетіледі – бұл:A) Отбасы

Қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойын, сана-сезімін, ерік-жігерін, мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің  бірлескен әрекеті – бұл:A) Тәрбие процесі

Қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің  өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы – бұл:A) Педагогикалық процесс

Қолданбалы зерттеулер практикалық іс-әрекеттердің заңдылықтарын, қолдану тәсілдерін анықтайды – бұл  ... зерттеулер.A) Қолданбалы

Құбылыстар мен процестерді сипаттап, түсіндіреді, олардың өзара байланыстылық даму заңдылықтары мен тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін айқындайды – бұл ...  зерттеулер.A) Іргелі

Құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген,  жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылатын  шығармашыл  маман – бұл:A) Кәсіби мұғалім

Құндылық теориясы, құндылық табиғаты жайлы, оның өмірдегі алатын орны, яғни жеке тұлғаның құрылымы мен әлеуметтік жеке мәдени факторлары арасындағы әртүрлі құндылық байланыстары жайлы ілім:A) Аксиология

Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс – бұл ... технологиясының кезеңдері.A) Сын тұрғысынан ойлау

М.Е.Вайндорф-Сысоева, Л.П.Крившенко бойынша, «педагогикалық ақиқаттың  қалыптасуы мен таным процесі, формалары, прнициптері туралы ілім» – бұл:A) Педагогикалық әдіснама

М.Жұмабаев бойынша  « ... кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз».A) Тәрбие

М.И.Махмутов бойынша сабақтың жіктемесі:  жаңа білімді меңгеру сабағы; білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы; жинақтау, жүйелеу сабағы,  аралас сабақ; ... .A) Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы

М.Левитан бойынша мұғалімнің тұлғалық сапалары:A) Өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім; өз білімін оқушыларға жете жеткізе білуі; талап қойғыштық пен  педагогикалық әдеп

Мазмұны бойынша портфолио негізгі 3 түрге бөлінеді: құжаттар портфолиосы; жұмыстар портфолиосы; ... .A) Пікірлер портфолиосы

Мақсат – принциптер – мазмұн – әдістер – құралдар – форма – бұл педагогикалық процестің педагогикалық ... .A) Құрылымы

Мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлға қасиеттерінің жиынтығы – бұл:A) Кәсіби шеберлік

Мамандық таңдаудағы жеке икемділігі, қызығушылығы, кәсіптік ынтасы, қоғамдық деңгейдегі кәсіби біліктіліктің және әртүрлі мамандық кадрларына сұранысымен жасөспірімдерді дайындауға бағытталған іс-әрекет – бұл:A) Кәсіптік бағдар

Мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы сөзсіз қарым қатынас – бұл ...  қарым-қатынасA) Вербальсыз

Мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі; мұғалімнің өз пәнін өскелең өмір талабына сай білуі, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуімен сипатталатын қабілет түрі:A) Академиялық

Мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным міндеттерін жете түсініп, білім, іскерлік, дағдыны игереді, өмірде қолданады – бұл екі жақты, біртекті процесс:A) Оқыту

Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар кешенін көрсетіңіз:A) Жалпы адамзаттық, кәсіби-педагогикалық касиеттері, арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары

Мұғалім  әрбір  оқушының іс-әрекетін тек өзі анықтап, ал  оқушылар оны бұлжытпай орындауға міндетті болатын мұғалімнің жеке басының үстемдігіне негізделген басшылық түрі:A) Авторитарлық

Мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны – бұл:A) Профессиограмма

Мұғалімдер мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының саласын қамтитын  мұғалімнің  іс- әрекеті – бұл:A) Коммуникативтік іс-әрекет

Мұғалімді өздігінен білімін жетілдіруге ықпал ететін мотивтерді атаңыз:A) Шығармашылық, жаңалыққа құлшыныс, материалдық ынталандыру, бәсекелестік, ізденіс– бұл:

Мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру тұжырымдамасының  авторларын атаңыз:A) Н.Д.Хмель, Н.В.Кузьмина, И.И.Цыркун, Ш.Т.Таубаева

Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасына қойылатын талаптардың межесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарда олармен дұрыс қатынастың  бабын таба білу білігі– бұл:A) Педагогтік әдептілік

Мұғалімнің өз іс-әрекетін басқара алу іскерлігі;  нәтижені  болжай алуы және жоспарлауы, тұрақты белсенділік танытуы;  нәтижені бағалай алуы; педагогикалық  рефлексия жасай алуы – бұл педагогтың ... құзіреттілігі.A) Реттеушілік

Мұғалімнің сөзі, оқулықтар, оқу жабдығы мен көрнекі құралдар, оқу киносы, радио, дыбыс таспасы, теледидар, интерактивті тақта, т.б. техникалық құралдар, электронды-мультимедиалық оқулықтар – бұл:A) Оқыту құралдары

Мұғалімнің іс-әрекеті аздау, ал  оқушылар  өз шешімдерін қабылдауда толық еркіндік алатын басшылық түрі:A) Либералдық

Мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыру; өз мінез-құлқын ұйымдастыру; балалар іс-әрекетін ұйымдастыру; оқушылар ұжымына дұрыс басшылық жасап, оны ұйымдастыра білуі – бұл мұғалімнің ... .A) ұйымдастырушылық іс-әрекеті

Нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтер үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс– бұл:A) Критериалды бағалау

Нәтиже талқыланатын  педагогикалық процестің кезеңі:A) Қорытынды

Оқу бағдарламасына сәйкес болу; оқу материалының ғылыми деңгейінде түсінікті болуы; оқу материалының оқушының жас ерекшелігіне сәйкестігі; оқушылар үшін ұғымды, қысқа, қызықты болу – бұл:A) Оқулыққа қойылатын талаптар

Оқудағы сабақтастық – спиралды тұғыр; пәндер интеграциясы; көптілді білім беру, тілді үйренудегі коммуникативтік; оқытудағы іс-әрекеттік тұрғы; оқыту нәтижесін анықтаудағы таксономиялық тұғыр– бұл:A) Оқу бағдарламасын құруға қойылатын талаптар

Оқу-тәрбие процесінде оқушыларды достыққа үйрете отырып, белсенділік пен шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді:A) Ойын сабақтары

Оқу-тәрбие процесінің жоғары нәтижелігін, тиімділігін қамтамасыз ететін шығармашылықтың, жаңашылдықтың  жоғары деңгейі– бұл:A) Педагогикалық шеберлік

Оқушы мен мұғалім арасында жүйелі жүргізілетін мақсатты әрекет жасау нәтижесінде оқушының білім, іскерлік, дағдысы, танымдық шығармашылық белсенділігінің қалыптасу процесі – бұл:A) Оқыту

Оқушы мен мұғалімнің жетістікке жеткендігін көрсету – бұл бағалаудың ... мақсаты. A) Кері байланыс

Оқушы мен ұстазға қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыруда бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі – бұл:A) Педагогикалық технология

Оқушылар оқыту процесінде берілетін ғылыми білімдерді меңгеруде жаттандылық пен енжарлық көрсетпей, керісінше саналы әрі белсенді түрде оларды терең және ойларына берік тоқуымен сипатталатын  принцип:A) Оқытудағы саналылық пен белсенділік

Оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп:A) ШКМ-шағын комплектілі мектептер

Оқушыларға оқу материалын түсінікті жеткізу, олардың білім дәрежесі, іскерлігі мен дағдысын дұрыс анықтай білу, пәнге қызығушылығын арттырып, таным белсенділігін және ойын дамыту – бұл ... қабілет.A) Дидактикалық

Оқушыларда білім, дағды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыру – бұл оқытудың ... қызметі.A) Білімділік

Оқушыларды тек бір-бірінен даралайтын жеке ерекшеліктерін есепке алу ғана емес, оқушыға жеке тұлға ретінде, бірлескен қызметтің саналы әрі жауапкершіл субьектісі ретінде қарау – бұл:A) Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту

Оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру, жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен еркіне жан-жақты әсер ету – бұл:A) Сендіру

Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға  мүмкіндік береді:A) Ақпараттық коммуникативтік технология (АКТ)

Оқушылардың игерген білім, білік, дағдыларды игеру деңгейін бағалау бөлінеді:A) Жинақтаушы, қалыптастырушы

Оқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылатын әдіс– бұл:A) Ынталандыру әдістері

Оқушылардың оқу процесінде алған білімдерінің берік әрі тиянақты болуы принципі:A) Оқытудағы білімнің беріктігі

Оқушылардың танымдық, шығармашылық, теориялық, тәжірибелік іскерлігін басқару жүйесі, ойлау процесі заңдылықтары білімді меңгеру жағдайына, танымдық қабілеттің дамуына негізделген оқыту түрі:A) Проблемалық оқыту

Оқушылардың тәртібі мен мінез-құлқын және басқа да қасиеттерін бағалауды білікті мамандар береді– бұл:A) Педагогикалық консилиум

Оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолын нұсқайтын ынталандыру әдісі:A) Мадақтау

Оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету – бұл педагогтың кәсіби  ... .A) Міндеті

Оқушының жеке ісі, дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс хаттамалары, жазба жұмыстарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру практикасында ақпараттармен қаруланатын әдіс түрі:A) Педагогикалық құжаттармен танысу

Оқушының ішкі дүниесін тани білу; қабілетті мұғалімнің оқушыларда ауық-ауық болатын психологиялық жағдайды (ренжу, қобалжу және т.б.) бірден байқауы – бұл ... қабілет.A) Перцептивті

Оқылатын оқу материалдарын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастыратын оқыту принципі – бұл:A) Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі

Оқылатын оқу материалдарын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізуді қамтамасыз етіп, дамытуды және оны әрбір оқушының саналы меңгеруін қарастыратын оқыту принципі– бұл:A) Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі

Оқылатын тақырыпқа сай оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін шыңдау, мұғалімнің өз ойын оқушыларға нақты дәләлдеуі үшін қолдануы – бұл көрнекілік принципінің ... .  A) Мақсаты

Оқыту барысында әдіс, амал, құралдар, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болатын оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті:A) Оқыту формасы

Оқыту процесінде іске асатын педагогикалық процестің қызметтерін көрсетіңіз:білімділік; тәрбиелік; ... .A) Дамытушылық

Оқыту процесінің заңдылықтарын атаңыз:A) Оқытудың мақсат-міндеттері қоғам талабынан туындайды

Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету – бұл оқытудың ... принципі.A) Оқытуда теория мен практиканың байланыста болуы

Оқытудың мазмұны, ұйымдастыруы және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар – бұл:A) Оқыту принциптері

Оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері – бұл дидактиканың:A) Зерттеу пәні

Оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдерін атаңыз:A) Оқыту әдістері

Оқытушы мен оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеттерін арттыратын оқыту тәсілдері:A) Оқыту әдістері

Орыс алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы, мектеп жұмысын сабақ уақытымен ғана шектеп қойған  жоқ,  сабақтан  тыс  сағатты  енгізген қазақтан шыққан тұңғыш көрнекті ағартушы-педагог:A) Ы.Алтынсарин

Отбасының əр мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдай жасау; отбасы ұжымының мүшелеріне жеке-дара ықпал жасау; өмірлік тəжірибе, тəртіптер, адамгершілік құндылықтарға баулу – бұл отбасының ... қызметі.A) Тəрбиелеу

Өз бетінше педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі – бұл мұғалімнің ... .A) Педагогикалық білімін көтеруі

Өз пәнінің әдістемесін жетік меңгерген, алдыңғы қатарлы озат тәжірибелерді шебер әрі шығармашылықпен қолдана алатын шебер мұғалім – бұл:A) Шығармашыл мұғалім

Өзі ұсынған авторлық технологиясының басқа мектепте, аудан (қала), облыс, республика көлемінде қалай өтуіне  байланысты зерттеу жүргізетін, зерттеу жұмысына диагностикалық мониторинг жүргізе алатын мұғалім – бұл:A) Зерттеуші мұғалім

Өзінің авторлық технологиясын ғылыми  тұрғыдан негіздей алған, іс-тәжірибесі республика көлемінде танылған, насихатталған ұдайы ізденістегі жаңашыл, шебер мұғалім – бұл:A) Креативті мұғалім

Өзінің авторлық технологиясын  ұсынатын жаңашыл мұғалім – бұл:A) Ізденуші мұғалім

Өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі – бұл:A) Әлеуметтік кемелдену

Өзіңді-өзің сендіру, өзіңді-өзің иландыру, өзіңді-өзің бақылау, өзіңді-өзің талдау, өзіңді-өзің сынау, өзіңді-өзің қолдау – бұл өзін-өзі тәрбиелеу ... .A) Әдістері

Өзіңді-өзің сендіру, өзіңді-өзің иландыру, өзіңді-өзің бақылау, өзіңді-өзің талдау, өзіңді-өзің сынау, өзіңді-өзің қолдау – бұл:A) Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері

Өндірістік, Әскери, Дәрігерлік, Кибернетикалық, Заң қызметкерлік, Инженерлік, Авиациялық, Мәдени-ағартушылық, Әлеуметтік, Салыстырмалы, Коррекциялық –  бұл  ... педагогика ғылымының саласы.A) Кәсіби

Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі – бұл:A) Мұғалім

П.Ф.Каптерев бойынша педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды факторларының бірі болып табылатын мұғалімнің тұлғалық сапаларын сипаттаңыз:A) Мақсатқа ұмтылу

Парадигманы когнетивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратып көрсеткен ғалым:A) Е.А.Ямбург

Пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылатын педагогика саласы – бұл:A) Кәсіптік педагогика

Педагог профессиограммасы қамтитын сапаларды атаңыз:A) Психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша кәсіби дайындық, ұстаздың жеке басының тұлғалық сапалары

Педагогика ғылымының ерекшелігін көрсетіңіз:A) Әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру қажеттілігінен туындаған ғылым

Педагогикадағы инновациялық процестердің теориясын жан-жақты қарастырып, инновациялық процестерді сипаттайтын ұғымдар мен принциптерді ашады – бұл:A) Педагогикалық инноватика

Педагогикалық әдеп талаптарын атаңыз:A) Жеке тұлғаның қадір-қасиетін құрметтеу; ықпал жасау шамасы; тиімді шешім жасау;   көңілін қалдырмау

Педагогикалық еңбек өтілі 1-3 жыл болатын, еңбек жолын жаңадан бастаған жас мұғалім– бұл:A) Жас маман

Педагогикалық еңбек өтілі 3-5 жыл болатын, өзіндік тәжірибесі бар тәжірибелі мұғалім:A) Тәжірибелі маман

Педагогикалық заңдылықтарды тәжірибеде, іс жүзінде қолдануды білдіретін педагогикалық зерттеу әдісінің түрі:A) Эксперименттік-эмпирикалық

Педагогикалық зерттеу әдістері – бұл:A) Педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған факті мен білімдерді талдаудың негізгі тәсілдері

Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаты және жеке мамандығына  қатысты В.А.Сластенин  ұсынған мұғалім профессиограммасы талаптары:A) Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы, мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына қойылатын талаптар

Педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіріп отыратын, рухани  жағынан дамыған, шығармашыл  креативті тұлға – бұл:A) Білікті педагог 

Педагогикалық процесс – бұл педагогиканың ... .A) Зерттеу пәні

Педагогикалық процесс;  педагог-мұғалім және тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері – бұл мұғалім іс-әрекетінің ... .A) Объектісі

Педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, дамуының оңтайлы жағдайын тудыруға өзін еркін шығармашылықта көрсету мүмкіндігін таңдауға бағытталған кәсіби қызмет – бұл:A) Педагогикалық қызмет

Педагогикалық процесті ұйымдастыру мен басқаруда жоғары нәтижеге жеткен  алдыңғы қатарлы мұғалім – бұл:A) Озат тәжірибелі мұғалім

Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, психологиялық, ... .A) Әдістемелік

Педагогикалық процестің ерекшеліктерін көрсетіңіз:A) Мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан процесс

Педагогикалық тәртіп, педагогикалық әділдік, педагогикалық бедел, кәсіби ар-намыс, кәсіби педагогикалық борыш – бұл педагогтың ... .A) Кәсіби этикасы

Педагогикалық тәртіп, педагогикалық әділдік, педагогикалық бедел, кәсіби ар-намыс, кәсіби педагогикалық борыш – бұл педагогтың кәсіби  ... .A) Этикасы

Педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жоғары нәтижеге қол жеткізетін оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі – бұл:A) Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі 

Педагогикалық  процестің  негізгі принциптерін көрсетіңіз:A) Педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық-нысаңдық бағыттылығы

Педагогикалық құндылық тұрғысынан  оқыту – бұл:A) Педагогикалық аксиология

Педагогиканың атқаратын қызметтері – бұл:A) Теориялық, технологиялық (практикалық)

Педагогиканың негізгі ұғымдары:A) Тәрбие, білім беру, оқыту

Педагогтың  жаңа ақпаратпен жұмыс істеу  қабілеті, оқушылар мен олардың ата-аналары жайлы ақпараттар жинай алуы, оны талдай алуы – бұл педагогтың ...  құзіреттілігі.A) Ақпараттық

Педагогтың  кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық даярлығы мен қабілеттерінің бірлігі – бұл:A) Кәсіби құзыреттілік

Педагогтің кәсіби қызметтегі  құқықтары; педагогтің міндеттері мен жауапкершілігі  ... анықталады.A) ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңында

Психологиялық  қасиеттері мен физиологиялық даму ерекшеліктері, даралығы қалыптасқан жан иесі – бұл:A) Жеке тұлға

Ранжирлеу әдісі– бұл:A) Зерттеу объектілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастыру

Рухани және материалдық құндылықтар, адамзаттың шығармашылық педагогикалық әрекетінің тәсілдері сақталған жалпы адамзаттық  мәдениеттің бір бөлігі – бұл:A) Педагогикалық мәдениет 

Рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар менің ұстанымдарыма жат болса да, қабылдаймын дегенді білдіреді – бұл:A) Толеранттылық

С.В. Иванов бойынша сабақтың жіктемесі: кіріспе сабақ; меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалымен алғашқы рет танысу; жаңа білімді меңгеру сабағы; ... .A) Дағдылану сабағы; қайталау, пысықтау және қорыту сабағы; бақылау сабағы

Сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу – бұл:A) Сабақ классификациясы (жіктелуі)

Сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай жіктеген ғалым:A) И.Н.Казанцев

Сабақтың барысында оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы – бұл сабақтың  ... .A) Құрылымы

Саңырау, мылқау және керең балаларға білім  беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы – бұл:A) Сурдопедагогика

Сөздің жүйелі, түсінікті болуы, дауыс күшінің сақталуы; дыбыстардың дұрыс айтылуы, сөздің оқушының жас ерекшелігіне сай құрылуы; сөйлеу әдебінің сақталуы, мазмұндық құрылымын сақтау - бұл мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын ... .A) Талаптар

Сынып жетекшісінің әрбір тәрбиеленуші мен сынып ұжымының тәрбиелілігі жайында ақпарат алатын зерттеу жұмысы – бұл:A) Тәрбиелілік диагностика

Сынып жетекшісінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда тұлғаға жасаған ықпалы және мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруы– бұл:A) Тәрбие жұмысы

Тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.A) Әлеуметтендіру

Тəрбиеленушіні сауаттандыру – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.A) Ақпараттық

Тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі – бұл педагогикалық процестің  ... қызметі.A) Дамытушылық

Тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.A) Аксиологиялық

Тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі – бұл педагогикалық процестің ... қызметі.A) Тәрбиелік

Табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі, оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі; оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін, жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс – бұл:A) Білім беру

Тәжірибеде көрінетін біліктілік, мұғалімнің барлық ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық пайдаланып, табысты нәтижеге қол жеткізе алатын қабілет, іскерлік – бұл:A) Құзыреттілік

Тәрбие жұмыстарының қызметтерін көрсетіңіз: ұйымдастырушылық, реттеушілік, ... .A) Ақпараттық

Тәрбие мен білім беру – бұл педагогиканың ... .A) Зерттеу нысаны

Тәрбие мен оқыту мақсатының  оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекеттері арқылы жүзеге асу процесі – бұл:A) Педагогикалық процесс

Тәрбие процесінің сырттай көрінісі; тәрбиелік жұмыстардың сырттай көрінуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәсілдері мен тәрбиелік шаралар жиынтығы; ұжымдық, жеке, дара іс-әрекеттерді ұйымдастыру – бұл:A) Тәрбие формасы

Тәрбиелеудің тұлғаға бағдарланған технологияларын жақтаушылар:A) Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская,  И.С.Якиманская

Тәрбиенің мақсаты – жан рақымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білген ежелгі ойшыл:A) Аристотель

Тәрбиенің негізгі міндеттерін көрсетіңіз:A) Ішкі ар бостандығын дамыту: өзіне-өзі баға беру, өзін-өзі басқара білу, өз беделін кез-келген ортада, кез-келген жағдайда сақтап, қорғай білу

Тәрбиешінің тәрбиеленушілердің бойында қоғамдық көзқарасты және мінез-құлық әдеттері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында олардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы– бұл:A) Тәрбие әдістері

Тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана емес, тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық:A) Мұғалім мамандығы

Тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар – бұл бақылау ... .A) Құралдары

Тест, бақылау жұмысы, емтихан, сынақ, мемлекетаралық бақылау, олимпиада, байқаулар – бұл бақылау ... .A) Құралдары

Тиімділігін арттыруға бағытталған білім процесін басқарудың технологиялық тәсілдері, ұжымдық формасы, әдісі, қағидаларының кешені – бұл:A) Педагогикалық менеджмент

Тиіс білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілген рәсім– бұл:A) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау

Тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады – бұл ... педагогикалық талдау.A) Қорытынды

Толықтыруды қажет ететін тест; еске алушы; балама жауаптары бар; таңдамалы; сәйкестік; реттілік-бірізділікке негізделген; толықтыруды қажет ететін, құрама тест – бұл тестің ... .A) Түрлері

Топтау (ассосация), ой қозғау; тірек конспектілерімен жұмыс;венн диаграммасы, ой-толғау; сұрақ-жауап; кубизм – бұл бұл сын тұрғысынан ойлау технологиясының ...:A) Әдістері

Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері –  ойын, оқу, ... .A) Еңбек

Тұлғаның дара ерекшеліктерін есепке алу; ізгіліктік-тұлғалық қарым-қатынас; қалыптастыру функцияларын анықтау (ізгіліктік, мәдениеттілік, әлеуметтік) – бұл ...  бойынша тұлғаға бағытталған тәрбие беру парадигмасы:A) Е.В.Бондаревская

Тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы – бұлар:A) Мезофакторлар

Тұтас педагогикалық процесс теориясын жетілдіруді талдауды зерттеген ғалым:A) Н.Д.Хмель, М.Н.Сарыбеков

Түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы – бұл:A) Табиғи орта

Түсіндіру, диагностикалау, болжамдау, жобалау, түрлендіру, рефлексивтік және түзетушілік, тәрбиелік – бұл педагогика ғылымының ... .A) Қызметтері

Тікелей, жанама, тұтас, ашық, жабық, үзік, үздіксіз, дискретті, монографиялық, бір бағытты – бұл ... әдісінің түрлері.A) Бақылау

Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті етіп жеткізу – бұл ... қабілет.A) Экспрессивті

Тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы – бұл:A) Логопедия

Ұлы педагог Я.А.Коменский XVII ғасырда оқытудың ... теориялық тағылымын жасады.A) сыныптық-сабақ жүйесінің

Ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі – бұл:A) Тұқым қуалаушылық

Ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум,  белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер – бұлар:A) Микрофакторлар

Ұстаз бен шәкірттің тәрбие, оқу, үйрену процесін жүргізу барысында істің нәтижесін білуі – бұл:A) Педагогикалық диагностика

Үнемі өз қызметімен орынсыз ерсіну, өзінің жетістіктеріне басқалардың ынтасын аударып отыру және осылардың негізінде қасындағыларға, қызметтестеріне менмендік көрсету – бұл:A) Тәкаппарлық бедел

Ш.Амонашвили білім берудің ... парадигмасын ұсынды.A) Ізгілікті

Шебер ретінде өз іс-тәжірибесін жаңа әдістермен, жаңа технологиялармен байытып отыратын шығармашыл мұғалім – бұл:A) Жаңашыл мұғалім

Іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда тиімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті – бұл:A) Іскерлік

Іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті көп күш жұмсамай жасауға мүмкіндік береді; алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің қайталап жаттығу нәтижесінде автоматтандырылуы – бұл:A) Дағды

Ішкі және сыртқы, басқарылатын және басқарылмайтын  факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі – бұл:A) Жеке адамның дамуы

Эксперимент әдісі– бұл:A) Арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес зерттелетін процестің барысына белсенді, әрі мақсатты түрде араласу

Ю.К.Бабанский бойынша оқыту әдістері жіктемесі: оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдістері;  оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері; ... .A) Оқу-танымдық бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері

Ю.К.Бабанский бойынша оқыту әдістері жіктемесі:A) Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру; ынталандыру; бақылау және өзін-өзі бақылау

Ю.К.Бабанский бойынша оқыту заңдылықтары: оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы; оқытудың білім берудің және жеке дамудың өзара байланысына тәуелділік заңдылығы; ... .A) Оқыту процесінде оқушылардың жас, жеке ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы

Ю.К.Бабанский бойынша тәрбие әдістерін көрсетіңіз: тұлға санасын қалыптастыру әдістері; іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері; ... .A) Іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру, мотивациялау әдістері

Я.А.Коменский ұсынған оқыту принциптерін көрсетіңіз:A) Көрнекілік, жүйелік, бірізділік



Я.А.Коменскийдің сыныптық-сабақ жүйесінің мәні: оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау; сабақ аяқталмай, ешкімді босатпау;сабақты күзде бастау; ... .A) Күніне кем дегенде 4 сабақ өткізу; қоңыраудың соғылуы; бір сабақтың ұзақтығы 1 сағаттан аспау керек

Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин бойынша оқыту әдістері жіктемесін көрсетіңіз:A) Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет