Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
“”
“Мектептің жаны-мұғалім.
Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, ол
мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай
болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика,
әдістемеден хабардар , оқыта білетін мұғалім.”
А.Байтұрсынов
Мақсаты:
Білім беру процесіндегі тұлғалық бағдарлы, әрекеттік, құзіреттілік және денсаулық сақтау тәсілдерін жүзеге асыра
алатын, мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын мақсатты түрде
ұйымдастыратын,оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға бағдарлай білетін тұлға дайындау.
Міндеті:
Жалпы білім беруде мектеп түлектерінің еңбек нарығына
ену процесіне назарын күшейту;
Оқушылардың оқытудың ішкі бағдарлы курстарын нақты таңдауына
және икемді білім алу бағдарламалын құруына мүмкіндік беру;
Оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту , жалпы және
кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.
1.Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;
1.Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;
2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.
3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзімді көрсету;
4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы.
1. Сандық бағалау
1. Сандық бағалау
2. Міндетті рубрикалардың болуы – 2 ұпай.
3. Қосымша жеке рубрикалардың қамтылуы – 5 ұпай.
4. Әріптестері мен ғалымдардың пікірлері – 5 ұпай.
5. Сапалық бағалау
6. Зерттеу әдістерінің пайдаланылуы – 10 ұпай.
7. Өзіндік жұмыстары мен дербестігі – 10 ұпай.
8. Өзіндік пайдалылығы мен құндылығы – 10 ұпай.
9. Рефлексиялық материалдардың болуы – 10 ұпай.
10. Материалдардың безендірілуі – 8 ұпай.
11. Портфолионы көрсету – 10 ұпай.
Барлығы – 70 ұпай.
Қорытынды:
Оқушы жақұт (янтарь), ал педагог-зергер.
Зергердің міндеті - бар өнерін қолдана отырып, жақұтты жалтырату,оның қырларын ашып көрсету болса, біз, яғни бағдарлы оқу орынбасарлары зергер мен жақұттың арасындағы байланысты нығайтып, физика тілімен айтқанда сәулені жеті түске жіктейтін “призма-тамшы”ролінде бола отырып, олардың шығармашылығы мен біліктілігі, теория мен практика байланысының жан-жақты жарқырауы үшін (спектр) жұмыс жасай отырып, оның нәтижесін портфолиода көрсете білу қажет.Осы биіктен көріне отырып, “Табыстар” портфолиосын өмірге әкелу керек. Себебі, ұлы педагог С.Көбеев айтқандай: “Шын мағынасындағы педагог балалардың досы да, атасы да болады”демекші Сіз жан-жақты теориялық білімді, тәжірибеге бейім, психолог, жаңалық жаршысы, талдаушы, жобалаушы, көрегенді, шешендік өнермен дараланған маман болуымыз шарт.