1 аралық бақылау сұрақтары



Дата24.01.2022
өлшемі14,97 Kb.
#113845
Байланысты:
1 аралық бақылау сұрақтары (1)


1 аралық бақылау сұрақтары

Студент аталған сұрақтардың ішінен біреуін таңдап 1-2 беттік көлемде жазбаша орындауы тиіс.

Жұмыстың сапасы мен орындалуы оның мазмұны мен уақытылы тапсырылуында жатыр. Жұмыстың мазмұны: деректер мен мәліметтердің болуы, студенттің тақырыпты өзіндік ойлау тұрғысында талдау жасауы.

1. Мемлекеттегі биліктің легитимділігінің қалыптасуына қандай факторлар әсер ете алады деп санайсыз. Сіздің түсінігіңізше легитимділік деген не? Өзіндік ой түйіндеңіз

2. Неліктен саясаттану пәнін оқытуда Латын американың кейбір елдерінде немесе бұрынғы социалистік елдер, КСРО жоғарғы оқу орындарында тиым салынды? КСРО да партиялық көсемдерді даярлауда саясаттану жасырын оқытылды. Бұның себептері неде деп ойлйсыз? Өзіндік қорытындыға келіңіз

3. Мемлекеттің демократиялануындағы жергілікті өзін өзі басқару органдарының рөлі мен орнына өзіндік баға беріңіз. Өзіндік ой түйіндеңіз

4. Ежелгі антика дәуірі ойшылдарының саяси-әлеуметтік ой-пікірлерінің кәзіргі өмірдегі маңыздылығы мен құндылығы неде деп санайсыз? Өзіндік қорытындыға келіңіз

5. Абай Құнанбайұлының саяси-әлеуметтік ой-пікірлерінің кәзіргі замандағы өзектілігі мен маңыздылығын қандай себептермен түсіндіресіз. Өзіндік ой түйіндеңіз

6. Неліктен саясаттану ғылымының зертеу ядросы билік болып табылады? Сіздің түсінігіңізше билік деген не? Өзіндік көзқарасыңызды дәлелдеңіз

7. Мемлекет және оның ерекшеліктері, функциялары, типологиясы

8. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері

9. Монархия және оның түрлері, ерекшеліктері

10.Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктері мен функциялары

11.Мемлекеттік саяси тәртіп: демократиялық, тоталитарлық, авторитарлық және олардың сипаты мен ерекшеліктері

12.Саяси билік: ұғымы және структурасы, саяси билікті жүргізу механизмдері

13.Саясаттану пәнінің зерттеу обьектісі мен субьектісі, мақсаты, функцияларын ашып көрсетіңіз

14.Саясаттану пәнінің өзектілігі мен дамуы тарихына сипаттама беріңіз

15.Саясаттанудың негізгі парадигмалары (тәсілдері): сипаты мен ерекшеліктері

16.Әлеуметтік мемлекет: түсінігі, мәні мен белгілері

17.Билік және оның мәні, типологиясы

18.Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің маңызы мен өзектілігі

19.Орта ғасырдағы қазақ даласындағы ойшылдардың саяси-әлеуметтік көзқарастары мен ойларының қазіргі кездегі өзектілігі

20.Ш.Л.Монтескьенің мемлекет туралы ойлары

21.Орта ғасырдағы А. Августин, Ф.Аквинский тұжырымдарындағы билік, мемлекет категориялары

22.Тәуелсіз Қазақстандағы саяси ғылымның дамуы және өкілдері

23.Саясат түсінігі, мәні, мазмұны мен құрылымы, қызметтері

24.Мемлекет және биліктің пайда болуының теократиялық және патриархалды концепциялары: салыстырмалары ерекшеліктері

25.Биліктің пайда болуының концепциялары мен тұжырымдары

26.С.Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» еңбегінің мәнісі

27.Неліктен Аристотель демократияның кемшіліктері көп соның ішінде халықтық басқару қара тобырдың билігіне алып келеді деп қорытындыға келді. Сіз осы пікірмен келісесізбе? Өзіндік ойыңызды дәлелдеңіз

28.ХХ ғасыр басындағы алаш қайраткерлерінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік көзқарастары мен тұжырымдары: өзектілігі мен маңызы

29.Мемлекеттік саяси тәртіп: демократиялық, тоталитарлық, авторитарлық және олардың сипаты мен белгілері

30.Ағарту дәуіріндегі саяси ойшылдардың Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Гоббс көзқарастары мен ойларындағы саясат мәселелері

31.Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы.

32.Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Абсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. – 2 т.- Алматы: Қарасай, 2011.

2. Heywood A. Politics. - N.-Y.: Palgrave Macmillan, 2013.

3. Мұсатаев С.Ш. Саяси билік: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. – 2014

4. Әлемдік саясаттану антологиясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы: Қазақстан. – 2005-2009.

5. Бәйділдінов Л.Ә. Теориялық саясаттану. – Алматы, 2005.

6. Казахстанская политологическая энциклопедия / Под ред. Т.Т.Мустафина. - Алматы,1998.

7. Чеботарёв А.Е. Политическая мысль суверенного Казахстана: динамика, идеи, оценки. Алматы: ИМЭП при Фонде Первого Президента, 2015.

8. Антология мировой и политической мысли. В 5 томах. Москва., 1997.

9. Г. Алмонд Политическая наука: история дисциплины//Полис журнал, 1997. №2



10.Гаджиев К.С. Политическая философия. Москва., 1999.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет