Қызылорда облысының білім басқармасы
«Жас өркен» колледжі
«Келісілді» «Бекітемін»
Әдіскер__________ Жалғасова О Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________Сейдахметова Г
Ашық сабақ
Пән аты: Электротехника электроника негіздерімен
Сабақ тақырыбы: Тұрақты токты электр машиналары
Оқу тобы: ТЖ-14-9, ТЖ-15-11
Өткізілетін күні: 13.11.2015
«Техникалық» пәндер бірлестігінің оқытушысы: Тоқаев Б.
«Техникалық» пән
бірлестігінде қаралды
Хаттама № _____
«_____»______ 2015 ж.
Бірлестік жетекшісі:
__________ Шалқарбаев А.
Қызылорда 2015ж.
Электротехника электроника негіздерімен пәні бойынша ашық сабақ жоспары
Сабактың өткізілетін күні: 13.11.2015
Оқу тобы: ТЖ-14-9,ТЖ-15-11
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токты электр машиналары
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары:
а) білімділік: Тұрақты токты электр машиналарын еске түсіріп, болашақ маман ретінде өз ойын айта алуға қалыптастыру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, теория мен тәжірибені байланыстыра отырып, жауапкершілігін, адамгершілігін арттыруға тәрбиелеу .
б) дамытушылық: Салыстыра білу қабілеттерін, танымдық қызығушылықты дамыту, жаңашылдық, жүйені ойлауға дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: бейне материалдар, слайдтар, оқулықтар, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ұжымдық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: «Техникалық механика негіздері», «Металдар технологиясы және құрылмалы материалдар».
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру кезеңі оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, олардың дайындығына назар аудару 2-3 мин
Бұрынғы білімін жетілдіру, тексеру, бекіту 30-35 мин
Жаңа білімді хабарлау және оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру , пәннің басқа пәндермен байланысын көрсету 15-20мин
Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту 20-25мин
Үй тапсырмасы 3-5 мин
Сабақтың өткізілу барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ басталмай тұрып алдымен дәрісхананың тазалығына және дайындығына назар аударамыз. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру кезінде кезекші арқылы кімнің жоқ екенін белгілейміз.
II. Өткен білімін тексеру кезеңі
Оқушылардың пән бойынша білім деңгейін тексеру жүргізіледі. Алдын ала дайындалған карточкалар мен тест сұрақтары таратылады.Дайындалуға үш төрт минут уақыт беріледі. Уақыт өткен соң оқушылар кезегімен тұрып жауап береді.
Оқушыларға карточка және тест сұрақтарын, пайдалану арқылы оқушының өткен сабақты күнделікті қайталап тұруға, сонымен қатар жақсы сақтауға тигізетін пайдасы мол.
Үй жұмысын ауызша сұрауда оқушылармен пікірлесе отырып, олардың ойлау қабілетін және сөз қорын дамытуға бірінің білмегенін екіншісі толықтыру арқылы бір бірімен жақсы қарым қатынаста болуға тигізетін әсері мол.
1) Сәйкестендіру тесті (берілген бірінші бағандағы тапсырмаға
екінші бағаннан тиісті немесе дұрыс
жауабын тауып белгілеу керек)
1. Трансформатор негізгі бөлшектері
|
1.Төменгі кернеу орамасы жоғары кернеулі ораманың бөлігі
|
2. Трансформатор құрылысы
|
2. Магнитөткізгіш,орамдар
|
3.Автотрансформаторлар
|
3. Жоғары кернеулі тізбектерге қосу
|
4.Өлшеу трансформаторлар
|
4. Магнитөткізгіш,жұқа оқшаулағыш,болат,екі орамы
|
Жауаптары: 1-2,2-4,3-1,4-3
2)Тест және бақылау сұрақтары
1.Кернеу трансформаторының атқаратын қызметі.
А) жиілікті өзгерту
В) кернеудің шамасын өзгерту
С) электр қуатын өзгерту
Д) потенциалды энергияны көбейту
2.Трансформатордың магнитөткізгіші қандай материалдан жасалады?
А) Пластмассадан
В) Болаттан
С) Алюминийден
Д) мыстан
3.Трансформатор орамасының минимал саны.
А) 1,0
В) 3,0
С) 4,0
Д) 2,0
4.Трансформатордың болат магнитөткізгіші атқаратын міндеті.
А) Орамалар арасындағы магниттік байланысты күшейту үшін
В)Трансформатордың беріктігін көбейту үшін
С) Фуко токтарын азайту үшін
Д) Салмағын өсіру үшін
5.Трансформатордың жоғары кернеу орамаларының шартты белгісі.
А)ҚО
В) ЖК
С)ҚОО
Д)ШКО
6.Күштік трансформатордың орамасын жалғау сызбалары.
А)тізбектей жалғау
В)параллель жалғау
С)Үш сәулелік жұлдызша жалғау
Д)аралас жалғау
7.Екі орамалық үш фазалық трансформатордағы орамалар саны.
А)1
В)2
С)6
Д)8
8.Автотрансформатор трансформатордан құрылымдық қатынасымен қалай ерекшеленеді?
А)фазада бір орамасы болады
В)орама сым материалымен
С)магнит өткізгіш болмайды
Д)ешнәрседен
9.Трансформатордың бірінші реттік орамасының атқаратын міндеті түрлендіреді.
А)электр энергияны механикалыққа
В)электр энергияны магниттікке
С)электр энергияны жарықтыққа
Д)магниттік энергияны электрлікке
10.Кернеуді трансформациялау кезінде қандай электртехника заңы қолданылады?
А)Ом заңы
В)Кирхгофтың бірінші заңы
С)Кирхгофтың екінші заңы
Д)Электрмагниттік индукция заңы
Жауаптары: 1-в,2-в,3-в,4-а,5-в,6-д,7-с,8-а,9-в,10-д
Оқушылардың білімін тексеріп болған соң, мұғалім сөз алады. Оқытушы жаңа тақырыпты жариялайды, тақырып бойынша қаралатын сұрақтарды атап өтеді.
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұрақты токты электр машиналарының құрылысы:
1.Статор жармасынан
2.Якорьден
3.Негізгі және қосалқы полюстерден
4.Коллектордан
5.Щетка құрылғысынан
6.Қоздыру орамасынан
Статор жармасы - тұрақты ток машинасының қозғалмайтын бөлігі,ол полюстерді орналастыруға және машинаның өзін іргетасқа бекітуге қызмет етеді.Статинаның полюстер бекітілетін бөлігі жарма деп аталады.Ол магнитөткізгіштің бөлігі болып табылады,сондықтан ол арқылы ток өтетін магнит ағынына қолайлы жағдай жасау үшін,оны жоғары магнитөткізгіштігі бар болаттан болмаса арнайы шойыннан жасайды.Жарманы жасау технологиясын құйма болаттан немесе тұтас тартылған болат құбырдан даярлайды.Негізгі полюстердің магнит өрісі тұрақты болғандықтан, мұнда гистерезис құбылысы мен құйынды токтар болмайды.
Якорь- машинаның айналатын бөлігі,ол қалыңдығы 0,5 мм қалыпталған,тиісті дөңгелек электртехникалық болат қаңылтырдан жиналған цилиндр.Қаңылтырларды жинаған соң арнайы тетікпен қысады,якорьдің сыртқы бетін бойлай ойықтар мен тістер қалыптасады.Якорьдің ойықтары әдетте ашық болады,ал шағын машиналар үшін асинхронды машиналар роторының ойықтары сияқты жабық болады.Жинағаннан кейін пайда болған бойлық ойықтарға якорьдің орамаларын төсейді.
Негізгі және қосалқы полюстер- негізгі бас полюстер машинада негізгі магнит ағынын жасауға және өткізуге арналған полюс өзектен және полюстік ұштамадан құралады,полюстер қалыңдығы 1мм электртехникалық болаттан жасалған,оқшауланған қаңылтырлардан жиналады.Қосалқы полюстер қосымша магнит өрісін жасауға арналған,ол якорь реакциясының орнын толтырады және машина жұмысының түрлі режимінде,коллектордағы щетканың ұшқынсыз жұмысын қамтамасыз етеді.Қосалқы полюстер негізгі полюстердің арасында орналасады және жармаға болттармен бекітіледі.
Коллектор - механикалық түзеткіштің құрамдық бөлімі,ол якорь орамасында индукцияланатын айнымалы синусоидалы ЭҚК-ін генератордан шығатын тұрақты ЭҚК – ке айналдырады.Коллекторды сына тәрізді етіп мыс қаңылтырдан жасайды.Коллектордың қаңылтырлары ыстық кезінде цилиндр корпусқа тығыздалады,оның қисық беттері дәл цилиндр сияқты болу үшін айналдыра жонылады.Жылдам айналатын машиналарда айналу жылдамдығы жоғары кезде щеткалар дірілдемеуі үшін диск тәрізді коллектор қолданылады.
Щетка құрылғысы – щеткалы аспап электр энергиясын коллектордан алуға немесе беруге қолданылады.Ол көмірден,графиттен немесе металлграфитті щеткадан, серіппелері бар щетка ұстағыштан, щетка шыбығынан , ток алатын шиндерден тұрады.Щетка щетка ұстағышқа салынып коллекторға серіппемен қысылып тұрады.
Қоздыру орамасы – машинаның якорь айналатын полюс аралық кеңістігінде магнит өрісін туғызуға арналған.Қоздыру орамасы полюс өзекшесіне кигізілетін, каркасқа оралған шарғы түрінде жасалған.Шағын және орта қуатты машиналарда қоздыру орамасы каркассыз шарғылар түрінде жиі қолданылады.Ылғал өткізгіштігін азайтып, жылу өткізгіштігін арттыру үшін қоздыру орамасы шарғысын, лакпен бірнеше рет көп қайтара қанықтырады.
Тұрақты ток машиналарындағы коммутация
Коммутация дегеніміз – секциялардың якорь орамасының бір тармағынан екіншісіне секірмелі ауысып қосылуы,ол дискретті қаңылтырлардан тұратын коллектордың айналу кезінде щеткалар арқылы периодты түйісуінен және ажыратуынан болады.Коллекторлы электр машиналарындағы коммутация күрделі процесс болып саналады,ол көптеген факторларға байланысты,олардың кейбірін талдау теориялық сипатты проблемаға жатады.Сондықтан электр машиналарындағы коммутация процестері теориясында бір қатар жорамалдаулар бар,олардың негізгілері:
Коллектор мен щеткалар кез келген айналу жылдамдығында механикалық тұрғыдан алғанда толық жетілген деп қарау;
Коллектор қаңылтырлары арасындағы оқшаулағыш төсеніштердің қалыңдығын елемеу;
Щетка мен коллектор арасындағы меншікті кедергі тұрақты және қаңылтырдың жанасу бетінің аумағы мен түйіспедегі ток тығыздығына байланысты емес;
Бірінші жуықтауда щетканың ені мен коллектор қаңылтырларының ені бірдей деп қарау.
Тұрақты токты ток машиналарының негізгі магнит ағынын қоздыру жүйелері
Тәуелсіз қоздыру жүйесі
Параллель қоздыру
Тізбектей қоздыру жүйесі
Тұрақты магниттерден қоздыру жүйесі
Аралас қоздыру жүйесі
Негізгі магнит ағыны магниттен жасалған полюстерде болатын қоздыру жүйесі бар тұрақты ток машиналары магнитті электрлік машина деп аталады.
Мұндай машиналардың негізгі полюстерінің қоздыру орамалары тұрақты ЭҚК-і бар сыртқы көзден қоректенеді.
Аралас қоздыру жүйелі тұрақты ток машинасы компаудты делінеді,негізгі полюстерінде екі орамасы – шунтты және сериесті болады.
Мұндай машиналардың қоздыру орамалары шунттық деп аталады,щетка арқылы якорьдің орамасына параллель жалғасады.
Мұндай машиналардың қоздыру орамалары сериесті делінеді,якорь орамасына тізбектей жалғанады.
Тест сұрақтары
1.Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы қалай аталады?
А) сериестік
В) асинхронды
С) компаудтық
Д) шунттық
2. Параллель қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы қалай аталады?
А) сериестік
В) асинхронды
С) синхронды
Д) шунттық
3. Аралас қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышы қалай аталады?
А) сериестік
В) асинхронды
С) компаудтық
Д) шунттық
4. Тұрақты ток машинасының негізгі полюстерінің атқаратын міндеті.
А) Статор бекіту үшін
В) негізгі магниттік ағынды тудыру үшін
С) якорь реакциясын компенсациялау үшін
Д) коммутацияны жақсарту үшін
5. Тұрақты ток машинасында қосымша полюстердің атқаратын міндеті.
А) статор бекіту үшін
В) айнымалы ЭҚК –ті тұрақты ЭҚК –ке түрлендіру үшін
С) негізгі магниттік ағынды тудыру үшін
Д) желдетуді жақсарту үшін
6. Тұрақты ток машинасында якорь орамасының атқаратын міндеті.
А) магнит ағынын тудыру
В) ЭҚК – ті тудыру
С) коммутацияны жақсарту
Д) айналу жиілігін тұрақтандыру
7. Тұрақты ток машинасында қоздыру орамасының атқаратын міндеті.
А) магнит ағынын тудыру
В) ЭҚК – ті тудыру
С) Физикалық нейтральды ауыстыру
Д) айналу жиілігін тұрақтандыру
8. Тұрақты ток генераторының якорь орамасында қандай ЭҚК индукцияланады?
А) Үш фазалы
В) Екі фазалы
С) тұрақты
Д) айнымалы
9. Тұрақты ток машиналарындағы коммутация дегеніміз не?
А) орама секциясы тізбегінің үзілуі
В) коллектор ластануынан щетканың қысқа тұйықталуы
С) қоздыру орамасының үзілуі
Д) якорь орамаларында орамдық тұйықталу
10. Электр қозғалтқыш энергияны түрлендіреді.
А) механикалық энергияны электрлікке
В) потенциалдық энергияны кинетикалыққа
С) электрлік энергияны механикалыққа
Д) кинетикалық энергияны потенциалдыққа
Жауаптары: 1-а,2- е,3-с,4-д,5-в,6-а,7-д,8-д,9-с,10-д.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында жаңа термин сөздермен таныстыру және оларға түсінік беру, сораптардың түрлеріне тоқталу.
Термин сөздердің аудармалары
Статина – статор жармасы
Якорь - ротор
IV.Оқушылардың алған білімін бағалап, жаңа тақырыпты бекіту
Жаңа сабақты бекіту сұрақ-жауап арқылы оқушының өтілген тақырыптан түсінгенін қорытындылау.
V.Үй тапсырмасы
1) Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, тұрақты токты машиналар туралы жазып келу
2) Интернет желісінен қосымша материалдар іздену
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1)Исаханов М. Электр машиналары және транформаторлар . 2013ж
2)Мұхити И. Электротехника. 2012ж
3)Робинович А.А Крановок. Электржабдық М.Энергия .1979ж
4)Ракутов Б.М Металлургиялық крандардың Электржабдығы М.1979ж
Достарыңызбен бөлісу: |