Сабақ Тақырып: «Интервалдар»



Дата04.12.2022
өлшемі0,51 Mb.
#161155
түріСабақ
Байланысты:
сольфеджио жоспар



Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Аса ауылы
Мұқан Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі
Мұғалім: Әлімбай Серікболсын Несіпбайұлы.
Топтық сабақ
Тақырып: «Интервалдар»


Ашық сабақ

Сабақ мақсаты:Оқушыға түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы музыкалық қабілетін арттыру

1.Білімділік: Музыкалық интервалдардің шығу тарихымен және қолданылуымен танысу.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру. Заманға сай технологияларды қолдану.
3.Тәрбиелік: Мәдениеттілікке, әсемдікке,әдептілікке,патриоттық сезімге тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ типі: Жаңа сабақты игерту.

Сабақ әдісі: Лекция, түсіндіру.



Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулықтар.



Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру кезеңі.

  • Үй тапсырмасы.

  • Сергіту сәті.

  • Жаңа сабақ.

  • Жаңа сабақты қорытындылау.

  • Үйге тапсырма.

  • Бағалау.




Сабақ барысы.


1- Ұйымдастыру кезеңі: Үш тілде амандасы.

  1. Сәлеметсіңдерме оқушылар.

  2. Здраствуйте ученики.

  3. Hello students



2-Үй тапсырмасы.
Динамикалық белгілер. Динамика (гр:dinamikos — күшейту) – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.(плакатпен жұмыс жасау)

Ал кім айтады-

  • Динамика дегеніміз не?

  • Динамикалық белгілердің неше түрі бар?

  • Мысал келтірейікші динамика түрлеріне.

(5-минут)
Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Интервалдар»
Топтарға бөлу: тақ және жұп сандарға саналу арқылы бөлу әдісі.
1-ші топ: Жәй интервалдар 2-ші топ: Күрделі интервалдар
Миға шабуыл: Интервал терминін кім ойлап тапты деп ойлайсыңдар?
Музыкалық интервал (лат. інтерваллұм - арасы,қашықтық,айырмашылық) - белгілі биіктікте орналасқан екі дыбыстың арасындағы арақатынасы . Интервал музыкада өте маңызды . Музыканың тиімді қолдануы үшін интервал білуге тиісті . Бұл сөздің алғашқы пайда болуы грек философы Пифагор болған (деректер бойынша 580-500 б.з.д.) . Пифагор мен оның шәкірттері музыкадағы тон жоғарлығын мен қалтақ шегінің ұзындығының байланысын іздегенде , олар музыкалық интервалдардың байланысын тапты . Нәтижесінде музыка ғылымына үлкен үлес қосты .


Интервалдар екі түрге бөлінеді.

  1. Жәй интервалдар

  2. Күрделі интервалдар

Жәй интервалдар Күрделі интервалдар



Интервалдардың тондық жүйесі



(15-минут)


Сергіту сәті:
«Интервалдарды тап ойыны»
Ортаға сыныптағы 8 оқушылардың барлығы шығады. Мұғалім интервалдар түрлерін айтады оқушылар. Оқушылар соны тауып айтуы керек.



(5-минут)


Тапсырма

  • Интервалдарды құрастыру. Соль дыбысынан жәй интервалдарды құрастырыңыздар.

(10-минут)


Жаңа сабақты қорытындалауға арналған сұрақтар:

  • Интервал дегеніміз не?

  • Интервалдардың неше түрі бар?

  • Жәй интервалдарды атаңыздар?

  • Интервалдардың жалпы тондың жүйесі неше?

(5-минут)


Үйге тапсырма

  • Интервалдарды жаттау.

  • Си дыбысынан интервалдарды құрып келу.

(5-минут)


Кері байланыс:
Суреттерді құрастыр тәсілі.
Егер оқушыларға сабақ түсінікті болып және ұнаса, сурет толық шығады. Ал егер керісінше болса турет толық пайда болмайды.



Оқушылармен қоштасу:
Сау болыңыздар оқушылар. До свидания ученики. Good bye students


Келісілді «____»________________ Бекітілді: «____»________________
М.Төлебаев атындағы БӨМ М.Төлебаев атындағы БӨМ
ДОІЖО: Көлбаева Ж.І директоры: С.Б.Косанова
_____________ _____________


Ашық сабақ
Тақырып:«Интервалдар».
Мұғалім:Әлімбай Серікболсын Несіпбайұлы.

Аса ауылы-2022жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет