"С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ
9 сынып
Дебат сабақ
Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары
Тарих пәнінің мұғалімі: Ахмадиев Азамат Турдыгулович
Қопа ауылы
2016 оқу жылы
Тарих пәнінің мұғалімі
Ахмадиев Азамат Турдыгулович
"С.Сейфуллин атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп" КММ
Ш.Қ.О. Аягөз ауданы, Қопа ауылы
Тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игерудің жетістіктері мен зардаптары
Мақсаты:
а) білімділік: -Тың және тыңайған жерлерді игерудің себеп-салдарын, жетістіктері мен кемшіліктерін тарихқа маңызын ашып көрсету;
ә) дамытушылық: -тыңды игеруге байланысты екі түрлі көзқараста баға беру. Қызу пікірталасқа қатыса отырып, әр топ өзпікірін дәлелдемелерге сүйеніп, айғақтар келтіру арқылы өз көзқарастарын қорғап шығу. Өз бетімен жұмыс істету арқылы оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін,еркін сөйлеу қабілетін дамыту. Сондай-ақ болған оқиғалар мен оларды жүзеге асырған қайраткерлерге баға бере білуге дағдыландыру.
б) тәрбиелік: -сабақ барысында тың туралы оқушылар пікірін тыңдай отырып, оларды туған халқын, ұлтын, жерін сүюге тәрбиелеу. Мамандыққа, еңбекке деген көзқарастарын қалыптастырып, адамзат прогрессінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |