Сабақ түрі: саяхат сабақ Сабақ барысы



Дата05.06.2017
өлшемі39,78 Kb.
#17649
түріСабақ
Тақырыбы: Қайдан келдің, Бауырсақ?
Мақсаты:

Білімділік: бауырсақтың, нанның дастарқанға қалай келетінін

түсіндіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы

білімдерін пысықтау.

Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үлкеннің еңбегін сыйлауға, нанды

қадірлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқу-жазу дағдыларын, сөйлеу тілін дамыту,

дүниетанымын кеңейту.


Көрнекілігі: слайдтар, плакат, смайликтер, тапсырма жазылған парақшалар,

бауырсақ.


Сабақ түрі: саяхат сабақ

Сабақ барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


4-5 оқушыдан «Шуақ» өлеңін сұрау
- Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер боады?

-Көктемде адамдар қандай істермен айналысады, яғни көктемгі еңбек түрлерін ата.
- Ендеше балалар, бүгін біз адамдардың еңбегінің жемісі нанның, бауырсақтың дастарқанға қалай келетінімен танысайық. Ол үшін балалар, біз бүгін Бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығып қана қоймай, жолдағы кездескен кедергілердің тапсырмаларын орындайсыңдар. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сіздерге смайликтер береді және сабақ соңында сіздерді үлкен сый күтеді.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту

-Балалар, бауырсақ дастарқанға келу үшін ең әуелі не істеледі соны білу

үшін бауырсақтың 1-тапсырмасын орындайық.
1-тапсырма. Жұмбақ шешу
1. Күні бойы тынбайды,

Дәмді тағам жинайды. (ара)


2. Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай да, шу. (түлкі)


3. Құжынаған жұмыскер,

Бірлескенде тым іскер. Құмырсқа


-Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

- Ал осы заттардың қимылын білдіретін сөздерді табайық


1-слайд Көктемде трактормен жерді жыртып, бидайдың дәнін себеді.
2-тапырма Сәйкестендіру тесті
Ағаш ойнады.

Құс өседі.

Бала ұшады.

-Балалар, біз заттың несін білдіретін сөздермен танысып жатырмыз?

- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2-слайд Диқандар жаз бойы егінді күтіп-баптап өсіреді.
ІV. Жаңа сабақ
3-тапсырма Оқулықпен жұмыс
1. Мәнерлеп оқып беру.

2. Оқушылар тізбектей оқиды


3-слайд Күзде комбайнмен егінді орып, элеваторға тасиды.

4-тапсырма Авторымен танысу


1905 жылы 15 желтоқсанда

туған

жазушы Ө. Тұрманжанов ОҚ обл. Жалғызағаш

ақын ауылында туған

аудармашы
Л.Н. Толстойдың балаларға

арналған шығармалаларын аударған


4-слайд Элеваторда бидайды сұрыптап, оны диірменге жөнелтеді. Диірменде бидайды тартып, ұн жасайды. (ұнды көрсету)


V. Сергіту сәті
5-тапсырма
VІ. Дәптермен жұмыс
1- жаттығу

2-жаттығу

3-жаттығу
5-слайд

Ұннан наубайханада нан, тәтті тоқаштар, бауырсақтар пісіреді


VІІ. Қорытындылау
-Сонымен балалар, бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?

-Ендеше балалар, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?


VІІІ. Смайликтермен бағалау.
Үйге: 244- жаттығу, 150 – бет мәнелеп оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет