Оқушыларға еңбек ұжымы, адамның ұжымда\сыныпта, мектепте, емханада, құрылыста, түрлі фирмаларда т.б.\ өзін ұстауы, қызметтестермен қатынас жасау, әріптестің қадірін сыйлау, сыпайлылық, әдеп, диалог, өзара түсіністікті біліп, өмірде қолдана білуге \бейнероликтегі ұжымның жетістікке жетуінің себебін сөйлеу мәдениеті арқылы жеткізе білу. \қойылым, ашық сұрақтар арқылы\ дайындық жасау. Адам ұжымда \ сыныпта, мектепте, емханада, құрылыста, түрлі фирмаларда т.б.\алға жетелеп, жетістікке жетуі қарым-қатынас пен сөйлеу мәдениетінің дұрыс қалыптасуын білу. Бұл тақырып ата заң мен еңбек заңына негізделгенін түсіну. Жақсы қарым-қатынас арқылы сыныптың жетістікке жетуін бір апта келесі сабаққа\22.10.16ж.\ дейін қадағалау
3.Ұжымдағы адам мен сыныптағы достар, сенің қорытындың!
Еңбек ұжымы дегеніз не?
Қарым-қатынас қандай болу керек?
Ұжымдық қарым-қатынас. Демократиялылық.
Ұжымдағы өндірістік қызметтің
алға басуына ең бірінші не қажет?
5.Сөйлеу мәдениеті дегеніміз?
6.Сіз деп сөйлеудің ерекшелігі.
Еңбек ұжымы дегеніз не?
Жауап: Ол адамның екінші үйі. Адамның тағдыры, негізінен, ұжымдағы қызметіне, кәсіпқой ретінде орнығуына, қоғамдық қызмет үдерісіне функциялық міндетін атқаруына ,өзін ұстай білуіне тәуелді.
2. Қарым-қатынас қандай болу керек?
Жауап:Қарым-қатынас- адамдардың өзара әрекеттесу формасы, өзара ақпарат алмасу және эмоциялық қатынас актісі. Адамдардың біріккен еңбегі жағдайындағы қажеттілігінен туындайтын, олардың өзара қатынас орнату және оны дамыту үдерісі.
3. Ұжымдық қарым-қатынас. Жауап:Демократиялылық.
Еріктік қатынастар тұрғысынан алғанда, тең бола алмайтын адамдар арасындағы қарым-қатынас үдерісінде теңсіздіктер болып жатады.
4. Ұжымдағы өндірістік қызметтің алға басуына ең бірінші не қажет?
Жауап:Қазіргі заманғы менеджмент адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуына қажетті үш шартты атайды.иерархия, қаражат, қарым-қатынас мәдениеті.
5. Сөйлеу мәдениеті.
Жауап:Қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы,
6. Сіз деп сөйлеудің ерекшелігі?
ЖАУАП. Тек сыпайылылықтың белгісі емес, іске ресмилік рең береді.