Сабақ.Қысқа мерзімді жоспар Тақырыбы Қиысу. Мақсаты



Дата24.07.2017
өлшемі61,05 Kb.
#21915
түріСабақ
БҚО Жәнібек ауданы Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ

қазақ тілі - 7 сынып

Мұғалімі: Гиззатова Райхан Амантаевна

  1. Сабақ.Қысқа мерзімді жоспар

Тақырыбы

Қиысу.

Мақсаты

-Қиысудың қалай байланысатынын меңгереді.

-Сөйлемдерден қиысуды сұрақ қойып табуға үйренеді.

-Қиысу әрі сөз байланысының бір түрі, әрі сөйлем болып саналатынын тәжірибеде іске асырады.

-Оқушылар жұптық, топтық жұмыстар барысында ынтымақтастық ортасын қалыптастырады.



Күтілетін нәтиже

Сабақ соңында оқушылар өздерінің түсініп, алған білімдерін іс-әрекет барысында қолданады және өздерін бағалайды (кейбіреуі)

Топта ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді. (кейбіреуі)



Сабақтың барысы

Кезең/уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе бөлім

6 минут


Тұсаукесер

7 мин

Негізгі бөлім

25мин


Қорытынды бөлім

7 минут




Тренинг: «Атыңды әнге қосу»

Топқа бөлу: Смайликтерді теріс жағымен партаның үстіне орналастырамын.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Ыстық орындық» (стикерлерге «Ыстық орындық» деп біреуіне жазылады да, қалғандары бос бүктеледі.Сол сөз кімге түссе, сол ортаға шығып оқушылардың сұрақтарына жауап береді.Әр топтан тек 2 сұрақтан берілуі тиіс)

Мыс: Сөздердің байланысуы дегеніміз не?

Байланысу түрлеріне қарай сөз тіркесінің құрылысын атаңдар.



Рөлдік ойын: (Алдымен тақтада қиысу туралы слайд шығып тұрады) Екі оқушыны ортаға шығарамын. Біреуі бастауыш, екіншісі баяндауыш ортада оқулық, доп, қалам.

Іж. Мен (көріністі) көрдім

ІІж. Сен ... көрдің

Сіз ... көрдіңіз

ІІІ ж.Ол ... көрді

Көпше түрде Кәне бәріміз ойланып көрейік...

Жаңа сабақты ашуда оқушылардың Түсінгенін қол шапалағы арқылы берулері сұралады. Түсінбеген жағдайда көрініс қайта орындалады.



Жеке жұмыс

Оқулықтағы берілген ережені мысалдарымен оқу тапсырылады.



Жұптық жұмыс.

Ережені бір – біріне түсіндіру тапсырылады.



Дарынды оқушымен жұмыс:Айнаға шығармашылық тапсырма «Ана тілінің қоғамдағы маңызы»

Тақтада орындалатын талдау жұмысы: 1-тапс. Талғатқа - Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіреді, білімнің жемісін сол тілде таратады.



(Сөйлемнің негізін тап)

2-т. Назеркеге- Ана тілі-біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз. (Қиыса байланысқан сөздердің құрамын анықта)

3-т. Даризаға -Ана тілі - тәрбие көзі. (асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса)
Түгел сыныпқа ой қозғау сұрақ:

Ана тілі жетік білу үшін... (ойды өрбіту)
Топтық жұмыс.

Блум өлшеміне сәйкес тапсырмалар беріледі. Интерактивті тақтада көрсетіліп қойылады.

Қадамы

тапсырмалар

ұпайы

Білу

226-жаттығуды оқып шығу

1-2

ұпай


Түсіну

Сөйлемдегі сөздердің қиыса байланысқан түрін көрсету

3-4

ұпай


Қолдану

Сөз тіркесінің әрбір сыңары қай сөз табынан болып тұрғанын анықтау.

5-6

Ұпай


Талдау

Не себепті оқудан қайтқан баласын сағынып тұрған шешесі бас салып құшақтай алмады?

7-8

Ұпай


Жинақтау

Оқудан келген шәкірт Абай үйінің қасына жеткенде ең алдымен шешесіне қарай жүрген себебін түсіндіріңдер.

9-10

Ұпай



Бағалау

Ата-анаң, туған –туысқандарың күтіп түрғанда, кімнен бастап амандасар едіңдер? Себебін айтыңдар.

11-12

ұпай


Тапсырманы өз беттерімен меңгергендіктерін анықтау мақсатында формативті сауалдар қойылады (кері байланыс)

-Қиысу дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.

-Қиысудағы сөздерді жақ-жағын ажыратып көрсет.

-Бүгін қиысу туралы нені білдік?...


Барлық бала шеңбер болып тұрады. Есімін жуан – жіңішкелігіне қарай музыка әуенімен айтады.Кейбір жақсы айтылған әуендер қайталанады.
Оны әр оқушы таңдауына қарай алады.

Оқушы жауап береді. (Сөйлемдегі сөздердің әр түрлі ыңғайда, әр түрлі сипатта байланысуы. Қиысу, матасу, меңеру, қабысу, жанасу)

Дұрыс, толық жауап берген, жақсы сұрақ берген оқушыларға фишкалар беріледі.

Ортадағы оқушылар өз рөліне сай бастауыш пен баяндауыштың сұрақтарына ортадағы затты

байланыстыра жауап береді. Мысалы: Бастауыш- Кім?-Айнұр (оқулық, доп, қалам) Баяндауыш-Не істеді?- оқыды, ойнады, жазды.
Көріністі көргендерін көпше түрде жіктеп қиысудың жіктеліп барып қолданылатынын айтады.
Оқушылар қолдарын сабақты түсіну деңгейіне сай шапалақтайды.

Ережені оқиды.

Ережені бір – біріне түсіндіреді.

3 оқушы тақтаға шығып топшамен жұмыс жасайды.

Отырған оқушылар дұрыс-бұрыстығына пікір білдіреді.
Қол шапалағы арқылы оқушыларды ынталандыру.

Жақсы жауаптарына жұлдызша беріледі.

Оқушылар жауап береді.

Оқушылар тапсырмаларды постерда топпен орындайды. Топ басшысы жұмысты қорғайды. Соңында әр топтың жұмысын басқа топтар бағалап, ұпайын есептеп, жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызша береді.

Оқушылар кезекпен жауап береді.

Дұрыс, толық жауап берген оқушыларға фишкалар беріледі.



Үй тапсырмасы: 1 – топқа 228-ж. 2-топқа 229-ж. 3-топқа 230-ж.

Жиынтық бағалау

Блум өлшеміне сай кестені тексеріп, кері байланыста берілген жауаптарды ескеріп, жеке жиналған фишкалар саны есептеліп жиынтық баға қойылады.




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет