Сабақ презентациясы, атом құрамы, құрылысы изотоптар
Өмірмен байланыс
Радиация, изотоптардың табиғатта таралуы және оның қоршаған ортаға әсері.
Пәнаралықбайланыстар
Физика (атом құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік)
Бастапқы білім
«атом құрылысы», «изотоп»
Сабақбарысы
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
Ресурстар
Сабақтыңбасы
0-6 мин
Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.Жағымды атмосферақұру.
Бейнебаян қарау: Атомдеген не? Атом құрылысының заманауи моделі
Атом дегеніміз не?
Оның құрамбөліктері қандай?
Атомдық масса дегенді қалай түсінесіңдер?
Атомның массасы қайда шоғырланған?
- Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын анықтаймыз.
Сабақтың ортасы
7-12мин
13-20мин
21-26 мин
27-35 мин
«Атомқұрылысы» тақырыбын қайталау. Қазіргі таңда 118 элемент белгілі
табиғатта 340 нуклид кездеседі (250 тұрақты және 90 радиоактивті)
3000 жуық нуклидтер жасанды жолмен алынып қасиеттері сипатталған.Э. Резерфорд 1911 ж атом құрылысының ядролық (планетарлық) моделін ұсынды.
Атом құрылысының ашылу теориясы туралы бейне көріністі талқылау. XIXғасырдың соңында атом құрамының күрделілігі және олардың өзара айналу мүмкіндігі туралы бірқатар дәйектемелер анықталған. Атомның құылысы күрделі екенін дәлелдейтін ашылулар .Электронның ашылуы (Дж.Томсон, 1897)
Радиоактивтіліктіңашылуы(А.Беккерель, 1896)
Протонныңашылуы (Э.Резерфорд,1919)
Нейтронныңашылуы (Дж.Чедвик, 1932)
Жалпы алғанда атом бейтарап, сондықтан электрондар зарядтарының қосындысы ядро зарядына тең болу керек. Бұдан кейінгі зерттеулер көрсеткендей, атом ядросының оң заряды сан жағынан Д.И Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі элементтің реттік нөмеріне тең. Оны 1913 ж. ағылшын физигі Г.Мозлидәлелдеген. Ал 1920ж. Э Чедвик химиялық элементтердің ядро заряды олардың реттік нөмерлеріне сай келетінін анықтады.Орыс ғалымдары Д.Д Иваненко және Е.Н Гапон ядро құрылысының протондық –нейтрондық теориясынжасады. Теорияға сәйкес сутек атомының ядросы протон және нейтроннан тұрады. Протон мен нейтрон сандарының қосындысы атомдық массасына тең.
А= Z + N
Атомның химиялық қасиеті – электрондық қабатының құрылысына тәуелді.
Тапсырма
1939К калий атомында неше протон және нейтрон бар?
(Т) «Атомқұрылысы» тақырыбын қайталау. Оқушыларға І – ІІІ период элементтерінің атом құрылысының сызбанұсқасын және электрондық конфигурацияларын құрастыруды ұсыныңыз.
Ядрода протон мен нейтрондарды ұстап тұратын күштерді – ядролық күштер деп атайды.Атом ядросының қасиеті негізінен ядроның құрамымен анықталады. Мысалы оттек атомының құрамы былай жазылады
16
8О (8р,8n) 8e-
Жұптық жұмыс, қосымша №1 жұпта талқылау
Атом құрылысын анықтаудағы Резерфорд
моделі туралы материалдарды таратып беріп беруге болады.
Сонымен атомның заманауи теориясы электрон- белгілі массасы бар өте жылдам қозғалатын Электрондар – микробөлшектер, олардың атомдағы қозғалысын кванттық механика зерттейді. Ол элементар бөлшектердің әрекеттесуі мен тәртібін қарастырады.
Кванттық механика бойынша электрон өзін бөлшек және толқын түрінде байқатады, яғни корпускулалы - толқындық екі жақты қасиеті бар:
бөлшек сияқты қысым тудырады және жарық дифракциясына ұқсас электрондар дифракциясын береді.
Электронның заряды- 1,6∙10-19Кл
Салыстырмалы бірлігі -1
Массасы - 9,10∙10-28
Атомдық масса бірлігі - 0,00055
Периодтық жүйенің құпиясы - атомның күрделі құрылымын, оның сыртқы электрондық қауызының құрылысын, ядро айналасында электрондардың қозғалыс заңын ашқанда белгілі болды.Электрон бұлттарының пішіндері ,Сфера немесе шар тәрізді (S – электрон бұлты),гантель немеесе жартылай сегіздік (p – электрон бұлты), көлемдік сегіздік (d – электрон бұлты).
s orbitals,p orbitals , d orbitals ,
s, p, d, f орбитальдерінің пішінін салыстыруға тапсырма беруге болады. Тапсырма , төмендегі суреттерді сәйкестендіріңдер, қайсысыs, p, d орбитальдары , ал f орбитальдерінің пішінінің кеңістікте күрделі екенін айту керек.