ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №8
Сабақтың мақсаты: Аймақтың топырақ-климат жағдайына қарай ауыспалы eгic нобайларын құрастыруды үйрету
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: Ауыспалы егіс нобайлары, макеттер және түрлі түсті плакаттар.
Ауыспалы eгic егіншілік жүйесінің басты буындарының бірі. Ол егілетін дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Осыған байланысты егіншілік мәдениетін арттыру, соның арқасында әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығының тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі – ауыспалы егістерді өндіру және игеру, топырақ қорғайтын, қор үнемдейтін топырақ өңдеу технологиясын пайдалану және арамшөптермен күресудің тиімді әдістерін қолданудың маңызы өте зор екенін дәлелдеуді қажет етеді.
Егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда – суарудың маңызы өте зор. Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы жерлерде ауыспалы eгic құрамында өсіргенде олардың өнімділігінің елеулі түрде жоғарылайтындығы дәлелденген. Өнімнің өсуімен қатар суару суын, тыңайтқыштарды пайдалану коэффициентінің артатыны, техника тиімді пайдаланатындығы белгілі болды. Суару басқа факторларды (қоректік заттар, жылу т.б.) толық пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Сондықтан суармалы жерлерде күріш, коза (мақта), қант қызылшасы, темекі, күздік бидай, жүгері, дәнді-бұршақты, көкөніс дақылдары, картоп, тағы басқа жоғары өнімді ауыл шаруашылығы дақылдары өсіріледі. Ауыспалы егістерді сапалы биік өнім беретін, топырақтың құнарлылығын арттыратын жоңышқа дақылы кең түрде пайдаланылады.
Үлгі ретінде мына ауыспалы егістерді келтірейік:
Күріш ауыспалы егісі:
Арпа+жоңышқа 5. Күріш
Жоңышқа 6. Мелиоративтік танап
Жоңышқа 7. Күріш
Күріш 8. Күріш
Мақта ауыспалы егісі:
Арпа+жоңышқа 5. Мақта
Жоңышқа б. Мақта
Жоңышқа 7. Мақта
Мақта 8. Сүрлемдік жүгері
9. Мақта
Қант қызылшасы ауыспалы егісі:
1. Дәнді дақылдар+Жоңышқа 5. Қант қызылшасы
2. Жоңышқа 6. Күздік бидай
3. Жоңышқа 7. Қант қызылшасы
4. Қант қызылшасы 8. Жүгері
Көкөніс ауыспалы егісі:
1. Дәнді-дақылдар+Жоңышқа 5. Қияр
2. Жоңышқа 6. Қырыққабат
З. Жоңышқа 7. Қызанақ
4. Қызанақ 8. Пияз немесе тамыржемістілер
Дегенмен шаруашылықтардың басым көпшілігінде қазіргі кезде енгізілген ауыспалы егістер жоқтың қасы. Сондықтан, көпшілік жағдайда алмастырмай егу (моно дақыл) кең етек алған немесе ауыспалы егістің кейбір элементтері ғана кездеседі. Айтылған жәйттан туындайтын корытынды –ауыспалы егісті енгізу кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі.
Бақылау сұрақтары:
Ауыспалы егіс нобайын құру қағидалары
Ұсынылған ауыспалы егістің типтері
Енгізілген және игерілген ауыспалы егіс нобайлары
Достарыңызбен бөлісу: |