Сабақтың атауы Грамматикасы Бауыржан Момышұлы. Орыс мектебінде. Жалпы мақсаты



Дата28.11.2016
өлшемі57,97 Kb.
#2717
түріСабақ

Тексерген оқу ісінің

меңгерушісі _______________





Күні :

Пәні:қазақ тілі

Сыныбы:

8 АБВГДЕ

Пән мұғалімі:

Шынәділова Камшат Әтірбекқызы

Сабақтың атауы

Грамматикасы

Бауыржан Момышұлы. Орыс мектебінде.


Жалпы мақсаты


Білімділік: Қазақ халқының ұлы қаһарман тұлға Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп таныстыру, «Орыс мектебінде » әңгімесін оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау, тіл үйренуге деген талпынысы туралы мәліметтермен бөлсісу арқылы, өз бетімен ізденіп оқуға, ойларын еркін айтуға үйретуге жағдай туғызу;

Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету.Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу.Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

  • Оқушылар шығарма кейіпкерлерін жан - жақты талдап, олардың арақатынасын анықтайды.

  • Әр оқушы кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, зерттеу жүргізеді, өз ой - пікірін білдіре алады.

  • Шағын топта бірлесе ынтымақпен жұмыс атқарады, бірге қорытынды жасайды.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Бауыржан Момышұлының ерліктерімен танысып Отанға деген сүйіспеншілікті ұлттық психология тұрғысынан салыстырады.

Сабақтың әдіс - тәсілдері

1.Оқулықпен жұмыс

2.Жұппен жұмыс

3.Топтық жұмыс

4.Постер қорғау

5. «Бағдаршам» әдісі

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

а) амандасу, түгендеу;

ә) сынып тазалығына көңіл бөлу;

б) сыныптың ахуалын қалыптастыру

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Қайырлы күн, жер ана,

Қайырлы күн ,көк аспан

Қайырлы күн, маған

Қайырлы күн, саған

Қайырлы күн, балалар

Қайырлы күн, мұғалім!

Бір - біріне бақыт тілейді.

1-әрекет. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (1,3,4 - модулдер):

а) Грамматиканы қайталау

1. Есімше дегеніміз не?

2. Есімше нешеге бөлінеді?

3. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

Ә) Мұзафар Әлімбаев кім?

Қандай шығармаларын білесіңдер?

Балалар әдебиетінің атасы кім?

Б)«Он саусақ» өлеңін сұрау.

2-әрекет. Жаңа білімді игеру. (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7-модулдер) :

Эпиграф:

«Батырым, Бауыржаным,» - дейді халқым

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын,

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып туған жерде жүрген қалпын»

Қ. Аманжолов

Бауыржан Момышұлы туралы интерактивті тақтадан слайдтар көрсету арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

1.Өмірбаяны: Презентация

Аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, бейбіт өмірде жазушы болып екінші ерлік жасаған Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш. Шешесі – Рәзия. Отбасында 4 қыздан кейін Бауыржан дүниеге келіпті. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде бір жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, интернатта жатып, үш жыл оқып, бастауыш мектепті бітіреді.

1928ж-мұғалім болды

1932ж-армияға шақырылды

1936ж-Ленинград финанс академиясын бітірді

1941ж-316-атқыштар дивизиясының құрамына қабылданады

1941-1945 - Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияны басқарады.

1952ж-Жоғары әскери академиясын бітіреді.

1950-1956жж- Жоғары әскери академиясында сабақ береді

Демалысқа шыққан соң-жазушы болды.

Шығармалары: «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья»

«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы, «Генерал Панфилов», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» т.б.

Бауыржанның ұрыс жүргізудегі шеберлігі, жеке басының ерлігі Ұлы Отан соғысы кезінде аңызға айналады. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ел басына күн туса» көркем фильмі-батыр рухына қойылған ескерткіш.

3-әрекет. Білімді өз бетінше меңгеру (1, 2, 3, 4-модулдер) :

«Орыс мектебінде» әңгімесін жұппен оқу. Орыс тілі мен қазақ тілін үйрену барысындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын нақтылай өз сөздерімен және постер құру арқылы дәлелдеу.

4-әрекет. Тілдесім.

1. Енді балалар, Б.Момышұлының жазып қалдырған өсиет сөздерін жазып, есімізде сақтап жүрейік.
(Интерактивті тақтадан сөздер беріледі)


а) Тәртіпті бала – елдің ұлы.

ә) Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің нағыз басты белгісі.

б) Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

в) Кітап - әлемнің азаматы.

г) Өтірік – барып тұрған зиянды у.

2.( Б. Момышұлының құрастырған жұмбақтарын шешейік)
Жұмбақтар


1. Алғашқысы суытады өлкені,

Екіншісі жылытады, жер кеуіп.

Үшіншісі көк теңізге бар дейді,

Төртіншісі ұсынады бар дәмді.

(Жылдың төрт мезгілі)

2. Он екі ағайын бірінен соң бірі жүреді,бірақ таппайтынын біледі.

(12 ай)

3. Жылына кім төрт рет ауыстырар киімін.

(Жер)

5-әрекет. Интернет желісі арқылы Бауыржан Момышұлының өз дауысын тыңдау.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын» видеоролик арқылы сергіту жаттығулар жасау

6-әрекет. Сабақты бекіту. (1, 2, 3, 4,5,6,7-модулдер)

Тірек сызба арқылы сабақты бекіту. Тірек сөз «Бауыржан Момышұлы»

7-әрекет. Бағалау. Оқушылардың сабақ үлгерімдеріне қарай формативті бағалау.

8-әрекет. Үй тапсырмасын беру: «Бейбіт күндегі ерлік» тақырыбында эссе жазып келу.

Рефлексия кезеңі.(1, 2, 3, 6, 7-модулдер): 5минуттық эссе жазу


Аты-жөні ________________________________ Сыныбы______

ЭССЕ

Бүгін қазақ тілі сабағында...

__________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________




Каталог: uploads -> doc -> 08aa
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08aa -> Тақырыбы: Дүниетану сабағында қолданылатын ойын
08aa -> Сабақ типі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер
08aa -> Сабақтың тақырыбы: «Салауаттылық өмір салты»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет