Сабақтың атауы Ы. Алтынсарин. Салақтық Мақсаты



Дата20.07.2020
өлшемі48,94 Kb.
#63329
түріСабақ

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ы.Алтынсарин. Салақтық

Мақсаты

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,мәтіндегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру

Дамытушылық: Өз ойларын,пікірлерін еркін айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру

Тәрбиелік: Салақтық,ұқыпсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ- жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі:Ы.Алтынсариннің портреті , сөзжұмбақ,тазалық туралы суреттер .


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

М.Мақатаев. «Қарттарды сүйем». «Менің атам және әжем» (әңгіме жазу)

-М.Мақатаев кім? Қандай өлеңдерімен таныстық?



-Кім өзінің атасы мен әжесі туралы жазған әңгімесін оқиды?

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Алтынсарин Ыбырай( 1841-1889). Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесіне қанағаттанбайды, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің – В.Шекспирдің, И.Гетенің, Д.Байронның, А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, М.Лермоновтің, И.Крыловтың, Ә.Фирдаусидің, І.Низамидің, Ә.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқыды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірді. Содан кейін ол екі жылдай өз елінде тілмаш болды. 1859 жылы Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Сол жерде шекаралық комиссияның председателі, белгілі шығыс зерттеушісі, ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ылтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Оның кітапханасынан әдебиет, тарих,философия кітаптарын оқиды. Және дүние жүзі ағартушыларыныңеңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы кітаптарды көп оқыған.

Сергіту сәті

Мәтінді талдау.

Топ бойынша көріністер көрсету

1.Керімнің улануы

2.Керімнің тазалық сақтамауы

3.Керімнің ауырып қалуы





Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс

- Балалар,мақалдарды белгілі бір тақырып төңірегіне топтастырайық.

1.Туған жер,Отан туралы

2.Еңбек туралы

3.Жақсы,жаман істер туралы

4.Ерлік,батырлық туралы



Үйге тапсырма

мәтінді түсініп оқу. «Ұқыптылық» туралы әңгіме жазу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0565
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0565 -> Сабақтың тақырыбы : 1945-2009 жж. АҚш сабақтың мақсаты
0565 -> Пән мұғалімі: бекітемін
0565 -> Көрнекілігі: кітаптар, слайдтар көрсету, үнтаспа Барысы: Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. Кітапханашы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет