Сабақтың атауы М. Қуанышбеков «Өкініш» Сілтеме
Дата 08.09.2017 өлшемі 77,64 Kb. #30186 түрі Сабақ
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні , сыныбы, мектебі
Алимова Кундуз Сагынбаевна 4-сынып Оқушының саны -15
СҚО, Уәлихан ауданы,
Кішкенекөл селосы.
Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы
3-апта
21.02.2015ж
2-сабақ 102-кабинет
Сабақтың атауы
М. Қуанышбеков «Өкініш»
Сілтеме
Б.И. Иманбеков, П.Қ. Жаманқұл, З. Муфтибекова әдебиеттік оқу
4-сынып, сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Оқушыларды мәтіннің мазмұнын ашуға , негізгі ойды ұғына білуге жағдай туғызу. Әңгімедегі басты кейіпкерлердің ойы мен өкінішін дұрыс түсінуге үйрету. Оларды сабақ барысында бірлесіп жұппен, топпен жұмыс жасау дағдыларын есте сақтау, өз ойларын дәлелді шешімдермен жеткізу тапсырмаларын орындай отырып, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдауға, кешірімді болуға, жақсылық жасауға баулу.
Міндеттер:
1.Өткен тапсырмаларды пысықтау
2. Әңгіменің мазмұнын түсіну..
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
4.Оқушылардың пәнге деген белсенділіктерін арттыру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
1.Оқушыларды оқыту арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу.
2.Мұғалім оқушыларды оқуға бағыттап отыру.
3.Оқушылардың өзін және достарынының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйеніп, пайдалану.
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
3. Проблемалық сұрақтарды кайта бағыттау сұрақтарын қою техникасы арқылы шешуге итермелеу арқылы СТО-ны пайдалану.
Күтілетін нәтиже
1.Мәтін мазмұнын толық түсіну.
2.Сабаққа деген қызығушылықты арттыру.
3. Алған білімдерін өмірде пайдалану,
4.Жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру , сәлемдесу
Психологиялық дайындық
Қазақстанның жері кең байтақ,
Биік-биік таулары бар
Терең- терең көлдеры бар
Суда жүзетін балықтары бар
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Сабаққа сәттіліктер тілеу, жылы лебіздер білдіру.
СТО сұрақтары
Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?
-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Қызығушылықты оятуға дайындық кезеңі
Тапсырма: үйге берген тапсырма бойынша өткенді еске түсіру :
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
І. Қызығушылығын ояту
Мұғалімнің сұрағы : Қағазды бірнеше рет бүктеп шетін жырту. Оны ашып қарау, әр оқушының өз қиялы, өз пікірі, өз ойы болады. Сол себепті бәрімізде әртүрлі, кейде ұқсас та болып жатады.
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау , қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
ІІ. Мағынаны тану
Сабақтың тақырыбы: М. Қуанышбеков «Өкініш»
Тапсырма: Тақырыпты табу.
5*7=35 (ө)
6*8=48(к)
7*7=49(і)
9*8=72(н)
5*4=20(і)
8*7=56(ш)
ӨКІНІШ
Тапсырма : топтастыру әдісі арқылы тапсырмаларды орындау.
1-топ: Өкініш неден туады?
2-топ: Қуаныш қай кезде болады?
3-топ: Реніш қай кезде болады?
4-топ. Жақсылықты қай кезде жасауға болады?
Ойды қорытып жүйелеу.
Тапсырма: Мәтінмен жұмыс Топпен берілген мәтіннің бөліктерін талдап, қорғап шығу.
1-топ: 1бөлімді
2-топ: 2бөлімді
3-топ: 3бөлімді
4-топ: 4бөлімді
Тапсырма: Мәтін мазмұнын түсінгенін анықтау
*Беріктің газетті рұқсатысз алып кетуінен қандай келеңсіздік туды?
*Беріктің: «бір газетке бола ренжімес. Онда тұрған не бар?!» деген ойына сендер не айтар едіңдер?
*Мәтін неліктен «Өкініш» деп аталады?
Тапсырма: Жұппен болжау кестесін толтыру.
Беріктің бұл ісі ұрлық деуге бола ма?
Егер берік өз үйіңде , үстел үстінде жатқан газетті байқап қалса, оқиға қалай өзгерер еді?
Әңгімені өз ойыңша аяқтап жаз.
Тапсырма:
*Өз бастарында осындай оқиға болды ма?
*Бір нәрсеге өкінген уақыттарын болды ма?
Толғаныс (рефл-я)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып , білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
ІІІ. Ой қорытынды
Мұғ: Үйге берілетін тапсырмамен жұмыс түсіндіру
«Өзім үшін жазу күнделігін» толтыру. Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?
Әңгімеде біздің өмірімізге керек не бар?
Қандай оқушы болу керекпіз?
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
124-125 бет оқып, мазмұндап, әңгімелеу. Берікке берер ақыл-кеңестерің қандай жазып келу.
Бағалау (формалары)
-оқушының өзін-өзі бағалауы
-топтың өзін-өзі бағалауы
-мұғалімнің бағалауы
-жалпы бағалау
-критерийлер арқылы бағалау
Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Аты-жөні
Жұмысым ұнай ма?
Ойымды жеткіздім бе?
Белсенді қатыстым ба?
Көмегім тиді ме?
Тақырып бойынша не істедім?
Қызық-ты болды ма?
Нешеге бағалай-мын?
Кері байланыс жасау: сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарымен бөлісу
-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау
-өз пікірін дәлелдеумен аяқтауды жоспарладым. Ол сабақта қорытынды шығару емес, үйде жалғастырып ойлау
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
45 мин. Сабақтың соңы
Достарыңызбен бөлісу: