Сабақтың аты С. Жүнісов «Ақырғы бәйге»



Дата24.05.2017
өлшемі65,97 Kb.
#16810
түріСабақ
Карабекова Эльмира 240 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақтың аты

С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» әңгімесі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.С.Жүнісов өмірі, «Ақырғы бәйге» әңгімесі туралы білу.

2. «Ақырғы бәйге» әңгімесіндегі оқиға желісін түсіну

3. «Ақырғы бәйге» әңгімесіндегі оқиғаларға,кейіпкерлерге сипаттама,мінездеме беруді үйрену.


Күтілетін нәтиже

1.С.Жүнісов өмірін, «Ақырғы бәйге» әңгімесінің мазмұнын білетін болады.

2. «Ақырғы бәйге» әңгімесінде Ақанның сәйгүлігі-Құлагердің мерт болуын,Ақанның қиналуын түсінеді.

3. «Ақырғы бәйге» әңгімесіндегі Құлагер атқа сипаттама,Күреңбай,Мөңке атты кейіпкерлерге мінездеме беруді үйренеді.


Негізгі идеялар

Мертіккен Құлагердің және Ақанның трагедиялық жан күйі.

Жылқының қасиетін ұлықтау,жақсы мен жаманды айыра білу



Тапсырмалар

1.Кім жылдам? (Сұрақ-жауап)

2.Топтық жұмыс (Мәтінді талқылайды)

3. Жұптық жұмыс(Аяқталмаған тезис)

4.Жеке жұмыс (Блум таксономиясы)



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (шаттық шеңбері)

2.Топқа бөлу (Тайбурыл,Байшұбар,Керқұла аттарымен 3 топқа бөлінеді).

Сабақтың табыс критерийлері

1.«Ақырғы бәйге» әңгімесінің авторы кім екенін білемін.

2. «Ақырғы бәйге» әңгімесінің идеясын түсіндіре аламын.

3. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне сипаттама жасап,мінездеме бере аламын.

1-қадам.Кім жылдам?(3 минут)

1.Бейнеролик көрсетіледі

2.Бәйге дегеніміз не?

3.Бәйге туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

4.Бәйгені өткізудегі мақсаты не?

5.Бәйге туралы кім шығарма жазды?

6.Қандай шығарма жазды?

7.«Ақырғы бәйге» аталуының себебі не?

Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.(2 минут)

2-қадам.Топтық жұмыс (Мәтін талқылайды) (10минут)

Топтарға мәтін таратылып беріледі, оқып талқылайды.

Топтарда 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

1 топқа – Ақан серіге топтастыру

2 топқа – Кейіпкерлерге мінездеме беру

3 топқа –Құлагерге сипаттама

Мадақтау сэндвичімен бағаланады.(3 минут)

Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бақылау парағы






Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тапсырманың орындалуы













2

Өз міндетін атқаруы













3

Құнды идеяның айтылуы














3-қадам. Жұптық жұмыс (Семантикалық карта) (10минут)








Күреңбай сыншы

Батыраштың баласы Мәттақын

Жаршы

Ақан


Мөңке


Құлагер


1

Шіркіннің тұрқын,


+

















2

Уа,жараңдар,жараңдар,бәрің де маған қараңдар,аттарыңа мініңдер,тауға қарай жүріңдер







+










3

-Ал,қарағым,жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой.Құлагерді тым қыспа.










+







4

Шіркін-ай,құдай тағаланың кәрімен атың сүрінсе,допша домалап,ат үстінен құласаң




+













5

Саған жамандық тілеп қайтем, сен қаласың,мен озамын.Қазір сонау бір кезеңде шаңымды да көрмей қаласың













+




6

Айдалада жалғыз қалдырмай, жеттің бе,үлгердің бе?Менің қазам енді жеткен шығар. Ризамын саған
















+

Дайын үлгі жауап арылы бағаланады (2 минут)


4-қадам.Жеке жұмыс (Блум таксономиясы) (10 минут)


Ойлау

деңгейлері



Тапсырмалар


Оқушының жауаптары

Білу

Күреңбай сыншы Құлагерге қандай баға береді?




Түсіну

«Мынау бір пырақ екен» дегенде ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты?




Қолдану

Құйындай ұшқан құлагерді сипатта




Талдау

Құлагер не себепті өледі?




Жинақтау

«Құлагер-омыртқамның ішіндегі жұлыным-ай» эссе жазу



Бағалау

«Ер қанаты ат » қазақ халқының дәстүрлі өнері




Оқушылардың жұмыстары екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады (3 минут)




Кейінгі тапсырмалар

С.Жүнісов «Ақырғы бәйге»

Кейінгі оқу

Әңгімені оқу.


Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет