БҚО Сырым ауданы
Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Елмұратова.А.К.
Тақырыбы: Үш бақытым Мұқағали Мақатаев
Мақсаты: Мұқағали Мақатаев жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету; есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру; өзінің ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: суреттер топтамасы.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Қызығушылықтарын ояту.
Мақал-мәтел арқылы топқа бөлу. (Отан,Тіл)
Сыныпты топқа бөлу.
Тіл
Отан
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ауылым-туған жерім» тақырыбында өз ойын жазу..
Ой шақыру:
Жаңа сабақты бастамас бұрын сендер бақыт деген не екенін қалай түсінесіндер? 2- топқа тапсырма
Бақыт дегенде ойларыңа не келеді соның бәрін жазып беріңдер
Бақыт дегенде ойларына не келеді соны сурет бетіне түсіріп,қорғау..
Бүгінгі сабағымызда М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
Автор жайлы оқушылар айтып өтеді.
Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы обылысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауданында дүниеге келген.Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан бастап жаза бастайды. Анасы Нағима Мұқағалидің өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып,ауылдық кеңестің хатшысы, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады.1960-1970 жылдарда ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
М.Мақатавтің қаламынан «Қарылғашым келдің бе?»,»Дариға жүрек»,»Аққулар ұйықтағанда»,»Шуағым менің»»Өмір-дастан»т.б жинақтары бар,«Қош махаббат», «Өмір-өзен», «Соғады жүрек», «Шолпан»т.бжыр кітаптары барбар.
Халықтың салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, қазақы ауыл тірлігін сезімталдықпен жырлаған ақынның бірі – Мұқағали Мақатаев.
Үш бақытым өлеңін мәнерлеп оқу. ( үн таспадан тыңдау.
Оқушылардың өздеріңе оқытып талдату. (түртіп алу)
-Өлеңнен қандай әсер алдың?
-Сонымен ақынның үш бақыты не екен?
-Ақын Халқын, ОтанынТілін Қандай көркем сөздерге теңейді?
-Еліне,Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы ақынға қандай мінездеме берер едің?
Өз өмірінде ақынның тірегі, сенетіні не? - Сен үшін бақыт нешеу? Жаз.
Ең бірінші бақытым -....
Одан кейінгі бақытым - ....
Бақыттардың бақыты -....
Отан тобы- Қазақ деген ел қандай?
Қазақ деген ел- бостандықты , азаттықты , даланы , таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Сергіту сәті:
Музыка «Мен қазақпын»
Ой толғаныс.
Отан тобы- Мен бақытты баламын ұйқасын тап өлең құрастыру.
Тіл тобы - Сен үшін бақыт нешеу? Жаз.
Ең бірінші бақытым -....
Одан кейінгі бақытым - ....
Бақыттардың бақыты -....
Отан тобы- Қазақ деген ел қандай?
Қазақ деген ел- бостандықты , азаттықты , даланы , таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық.
Ғабит Мүсірепов
Өмір берсең бақытты қып бер
Арман ағашы
Мен бақытты болу үшін не істеуім керек. (жазып жапсыру.)
Рефлексия:
Мен бақытты өмірді қалаймын. Мен қаламаймын.
Үйге тапсырма: 55-беттегі өлеңді жаттау.
i Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Білімділік: өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, мазмұнын меңгерту арқылы әдеби талдау жасау, көркемдік ерекшелігін таныту.
Дамытушылық: ақын шығармаларын талдай отырып, әр оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өз пікірін айтуға, сөйлей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: тілдің құдіретін сезіндіру, оқушыларды отансүйгіштікке, сөз өнерін құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: репродуктивті, іздендіру, баяндау, Блумның сұрақ қою өлшемі арқылы талдау, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалар, слайд, т. б.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка
Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
ІҮ. Жаңа сабақ
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту
YIІ.Үйге тапсырма беру
YІIІ. Білімдерін бағалау
І . Ұйымдастыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы
1. «Барлығы да сендердікі» өлеңін мәнерлеп оқу. «Мен таулықпын» өлеңін жаттау.
2. Шығармашылық жұмыс түрлері берілді:
а) М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы хабарлама дайындау.
ә) «Тау баласы» деген тақырыпқа шағын шығарма немесе өлең жаз.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту
Біз сіздермен өткен сабақта ақынның өмірбаянымен танысып,өлеңдерін оқып танысып жатырмыз. Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеуі мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам, еліне, жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады. Поэзия Пайғамбары атанған Мұқағали Мақатаевқа өлең жазудан артық бақыт жоқ еді. «Өлең менің тынысым, адал досым, жұбанышым» — деген екен ақын. Ендеше, біз сіздермен бүгін ақынның «Үш бақытым» атты өлеңімен танысамыз.
ІҮ. Жаңа сабақ
Ой қозғау үшін қойылатын сұрақ:
-Балалар, бақыт дегеніміз не?
-Ақынның бақыты не болуы мүмкін?
-Қазір өлеңді тыңдай отырып ақынның бақытының неде екендігіне көз жеткіземіз.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
М.Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі
Өлең үнтаспадан тыңдалады .
-Өлеңнен қандай әсер алдық?
Сөздікпен жұмысАлтын Ауыспалы. Бағалы, қымбат.
Кен 1. Жер астынан қазылып алынатын
пайдалы қазба, байлық.
2. Ауыспалы. Қайнар көзі, мол жер.
Нарық 1. Заттың кесімді бағасы, құны.
2. Ауыспалы. Қадір-қасиет.
Оты сөнген Ісі ілгері баспаған, талабы кері кеткен.
От ал Жігер беру.
Жалғанда Жарық дүниеде, бұл өмірде, тіршілікте.
Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып, сұрақтар қою арқылы әр шумаққа тоқталып өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып,
өлеңнің тақырыбы, идеясы ашылады, әдеби талдау жасалады.
— Сонымен ақынның үш бақыты не екен?
— Ақын Халқын, Тілін, Отанын қандай көркем сөздерге теңейді?
— Халық, Тіл, Отан сөздерінің синонимін тауып көрейік.
— Әрбір шумақты талдай отырып, Халық, Тіл, Отан сөздеріне түсінік бере кетейікші. Бірінші шумақты талдаймыз
— Неге ақын халқын бірінші бақытына теңейді?
— Екінші шумақты оқи отырып,ақынның айтқысы келген ойына үңілейік.
— Ақын Отанды үшінші бақытым деп есептеген
-Ақын «Құдай деген кім десе, Отан дер ем!» деген тіркесті неге қолданды?
-Төртінші шумақты ақын «Үш күн нұрын төгеді аспанымнан
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!» деген өлең жолдарымен аяқтаған. Қазақстан картасынан осы өлкені
кім көрсетіп жібереді? Ақынның айтпақ ойы не?
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1-қатардың тапсырмасы. Ақын өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау
2-қатардың тапсырмасы
«Бес жолды өлең»
3-қатардың тапсырмасы
«Менің үш бақытым» ойтолғау
Сергіту сәті «Не артық?» ойыны
ҮІ. Жаңа сабақты қорыту
1. Еліне, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі арқылы ақынға қандай мінездеме беруге болады?
2. Өлеңнің идеясы не?
YIІ. Үйге тапсырма беру
1. «Үш бақытым» өлеңін жаттау 2. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, өлең жолдарын жазу
YІIІ. Білімдерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |