Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,электронды оқулық,презентация. Пәнаралық байланыс: Математика,Бейнелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ



Дата08.09.2017
өлшемі123,88 Kb.
#31328
түріСабақ
Сабақ № 22

Сынып 5 «а» информатика күні 18.02.2016 жыл


Сабақтың тақырыбы:Мәтін бойымен жылжыту.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Мәтін теру және түзету ережелері.Мәтін бойымен жылжыту туралы мағлұмат беру.Мәтін теріп оны өңдеуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтін теру мен өңдеу білімдерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа ,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық,электронды оқулық,презентация.

Пәнаралық байланыс:Математика,Бейнелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ –жауап,көрсете отырып түсіндіру.

Сабақтың барысы:

1.Үйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

4.Қорытындылау.Деңгейлік тапсырмалар.

5.Бағалау.

Жаңа сабақ.

Мысалы,сендер дәптердің шетінен бастап жазбайсыңдар ғой?Кітаптардында ондайды көрмейсіңдер.Тырнақшаларды,жақшаларды мәтіннен кенет бөлініп қалмайтындай етіп қойып шығу,осының бәрі маңызды.

1.Бас әріпті немесе символды жоғары регистрден енгізу керек болса shift пернесін басып жібермей үстап түру керек.

2.Егер бас әріптен бірнеше сөз енгізу керек болса Caps-Lock пернесін қос.

3.Бір бос орын сөздердің арасына жіне тыныс белгілерінен кейін қойылады.

4.Дефис бос орынсыз қойылады.Мысалы:жан-жақты,бетпе-бет т.б.

5.Ұзын сызықша (тире) алдынан да артынан да бос орынмен қойылад Мысалы: «Блокнот - қарапайым мәтіндік редактор» .

6.Даталар Мысалы: 2014ж.,1 қыркүйек,Ш.Уәлиханов.

7.Тырнақшалармен жақшаларға алынған сөздер бос орынмен ажыратылмайды.

Мысалы: «Информатика » журналы,Целиноград қаласы (қазіргі Астана қ.).

8.Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.Мысалы:ХХІ ғасырдың басы.

9.Enter пернесін абзацтың соңында басады.

Мәтін бойынша жылжу.

Home- жолдың басына апарады.

End- жолдың соңына апарады.

Page Up,Page Down- бір бетке жоғары немесе төмен.

Егер құжат беті көп болса онда мәтіннің соңына жету мына пернелермен орындалады Ctrl+End

Сабақты қорытындылау:

Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

Бақылау сұрақтары.

1.Бас әріпті қалай енгіземіз?

2.Бос орын қай кезде қойылады?

3. Enter пернесін қай кезде басу керек?

4.Ұзын сызықша (тире) қалай қойылады.

5.Мітңн бойнша жылжыту пернелерін атаңдар.

Үйге тапсырма: Мәтін теру және түзету ережелері.Мәтін бойымен жылжыту.Пернелерді жаттау.Сөзжұмбақ құрастыру.
Тексерілді

Сабақ № 22

Сыныбы: 7 «а» Пәні: Информатика күні 18.02.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программаның интерфейсі.

Білімділік:  Оқушыларға Corel Draw графиктік редакторында бояу құралын түсіндіре отырып, однородная заливка, фонтанная заливка, заливка с узором, заливка с текстурой, интелектуальная заливка құралдарымен жұмыс істеуге үйрету

Дамытушылық:  Оқушыларды теорияда алған білімдерін оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелілік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа,өзін өзі ұстай білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың түрі: Теория-практика.

Сабақтың әдісі:  есептер шығаруда проблемалық  іздену.

Көрнекілігі: Компьютер-13, электреонды оқулық.

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Ұжымдық әрекет

Ә) Қауіпсіздік техника ережесін ақтау

Б) Кабинеттің гигиеналық-санитарлық жағдайға сай болуы

В) Оқушылардың көңілін сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

СorelDraw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы.

    Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал.


    Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ.
    СorelDraw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады.
    Векторлық графика безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің сапасы өзгрмейді.
    Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel-ге кіруде экранның ортасында тікбұрыш орналасқан, мұнда өз объектінді құруға болады.
Объектті беттің сыртында құруға да болады, ал бетте таңдаған беттін форматына өз объектілерінді орналасуын және көлемін өлшеу үшін қолдануға болады. 
   СorelDraw – бірнеше беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады.
    Клон – оригиналға еңгізелген барлық өзгерістерді қабылдайтын объекттің дубликаты.
    Свиток – вкладка - әр түрлі эффектерді: бұрылыстарды, айналуларды, түсте өзгертуді, т.б. құру үшін аспаптардың қосымша панелі.
    Объект – құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді жасауға болады.
Интерактивтілік – басқарылатын режім. Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті.
Түрлі-түсті модельдер
   Сorelде түрлі-түсті модельдер пайдаланады:
1) RGB – (қызыл + жасыл + синий) – бейнелеулерді экранға шығару үшін
2) CMYK – (көгілдір + қызыл + сары + қара) – баспа өнімін жасау үшін
3) HSB – (рең + қою бояу + жарық) – жеке көркем шығармаларды жасау үшін
Кеңес:
   Сorel үйреніпалу, тышқанның оң жакты кнопканы қолданыпалыңыз. Бүкіл кнопкаларда, аспаптарда, объектлерде, экранның элементерде шертеңіз. Контексті-тәуелділікті меню шығады, қажетті әрікеттерді іздеп аласыз.
Дайынды файлды .CDR расширение Сorelде басқа форматта файлдардың өңдеуге болады: .CPT, .TIF, .PCX, .BMP, .GIF, .PCD, .JPG, .IMG, .ICO және басқалар.
Объекттерді ерекшелеу
    Әр түрлі өзгерісте объект немесе объектірінің топты дайындау үшін – форматты, түсті, орналастыру, өзгерту үшін ерекшелеу қажет болады.
1) Объекті ерекшелеу – Таңдау (выбор) кнопканы шерту
2) Бірнеше объекттерін ерекшелеу – Таңдау шерту, Shift ұстап, барлық объекттерді шерту
3) Айырылық, маңызбен бірдей объекттерін ерекшелеу (мысалы, барлық эллипстер, барлық фигурлік мәтідерін) - Правка – Найти и заменить – Найти объект – Начинать новый поиск – Далее – Типы объектов – Выбрать тип объектов, мысалы Эллипс – Далее – Далее – Готово – Найти все.
Барлық біртиптері объекттері бірлестірілген маркерлерін алады.
4) Беттін барлық объекттер бір мезетте ерекшелеу – Ctrl + A немесе Правка – Выделить все
5) Бірлестікті топтадан бір объекті ерекшелеу – Ctrl ұстап – объектте шерту

IV. Пратикалық жұмыс

V. Оқушы білімін бағалау.

VI. Қорытындылау.

Тексерілді



Сабақтың тақырыбы:

Есептеу эксперименті

Сынып: 9 «а» №22

Күні: 19.02.2016 ж

Сілтеме:

Информатика-9, қосымша ресурстар, электрондық оқулық

Жалпы мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға модель ұғымы, модельдеу және модельдеудің кезеңдері жайлы ақпарат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды нақты шешім қабылдай білуге, топпен жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды модель құруға дағдыландыру, пәнге қызығушылығын арттыру.

Оқу нәтижесі:

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылату.

Негізгі идея

Жеті модульді ықпалдастыра отырып, табысты  оқыту мақсатына жету.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

СТО әдіс тәсілдері

Дереккөздер:

Оқулық, дереккөздері, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика, география, физика

Тапсырмалар:

  1. Тренинг     6 минут                          

  2. Ой қозғау сұрақтары «Алғыр оқушы» 5 минут

  3. Жаңа сабақты түсіндіру 10 минут

  4. Тәжірибелік (жеке) жұмыс 8 минут

  5. Топқа бөлу. «Шыңға шығу!» 5 минут

  6. Қорытынды. Бағалау. 3 минут

  7. Рефлексия.2 минут

Қосымша: Тәжірибелік жұмыс:

1. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар.
2. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.
3. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.

«Арқадағы сурет» оқушылар столды жағалап тұрып бір-бірінің арқасында қандай да бір заттың моделін салады. Әр оқушы өз арқасында салынған суретті айтады.


2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру: «Алғыр оқушы» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қою арқылы «Алғыр оқушыны» анықтайды

III. Жаңа сабақты түсіндіру: (Оқушылар компьютерде электронды оқулықпен жұмыс)

Модель – бұл глобус және әлем картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, көрме стендіндегі зымыранның макеті, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі. Нақты нысандарды (түпнұсқа) зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды – модель деп атаймыз.

Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді.

Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.
«Модель құру, модельдеу не үшін қажет?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін.

Модельдеу кезінде алдымен нысанның немесе қандай да бір үдерістің қасиеттерін біліп қана қоймай, сонымен қатар модельдеу кезеңдерін жоспарлау да қажет.

Модельдеудің кезеңдері: есептің қойылымы, модельді құру, компьютерлік модель, модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеу нәтижесін талдау барысында алынған нәтиженің мақсатқа сәйкес келетіндігін немесе мақсатқа сәйкес келмейтіндігі талданады.

Анықталған қате – бұл да нәтиже болып есептелінеді.

Модельдеу мақсаты ретінде мыналарды айтуға болады:

Қоршаған ортаны танып - білу;

Берілген қасиет бойынша нысанды құру;

Әсердің нысанға тигізер салдары;

2-кезең. Модельді 
құру.

Ақпараттық модель

Таңбалық модель

Компьютерлік модель

1-кезең. Есептің қойылуы.

Есептің берілгені.

Модельдеу мақсаты.

Объектіні талдау

Құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды тиімді басқару.
4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау

3-кезең. Компьютерлік эксперимент.

Модельдеу жоспары

Модельдеу технологиясы

Нәтиже мақсатқа сай келмейді

Нәтиже мақсатқа сай келеді

1-сурет. Модельдеу кезеңдері

Есептер экспериментін жасағанда есеп түсінікті тілде жасалуы керек, ең бастысы модельдеу объектісін анықтап, нәтижеде не болу керегін түсіну қажет.

ІV. бекіту: Тәжірибелік жұмыс (жеке жұмыс). Әр оқушы өз жұмыс орындарында есепті жазып шығуын тексереді.


Компьютермен жұмыс (оқушылар компьютерлерінде жұмысты тексереді)

program ysb;

label 5;

const n=3;

var x:array [1..n] of real;

y:array[1..n] of real;

a,b,c,r: real; i:integer;

begin


writeln (‘координатасын енгізу');

for i:=1 to n do

read;

readln (x[i], y [i]);



a:=sqrt((sqr (x[2]-x[1])+sqr(y[2]-y[1]));

b:=sqrt(sqr (x[3]-x[2])+sqr(y[3]-y[2]));

c:=sqrt(sqr (x[3]-x[1])+sqr(y[3]-y[1]));

if (x[3]-x[1])*(y[2]-y[1])<>(x[2]-x[1])*(y[3]-y[1])

then

writeln ('үшбұрыш құрылады') else



begin

writeln ('үшбұрыш құрылмайды');

goto 5;

end;


writeln ('a=', a:8:3, ‘ ‘:4, 'b=', b:8:3, ‘ ‘:4, 'c=', c:8:3 );

if a


begin

r:=a; a:=c; c:=r

end;

if a


begin

r:=a; a:=b; b:=r

end;

r:=sqr(r); a:=sqr(a);



b:=sqr(b); c:=sqr(c);

r:=c+b;


writeln (r,a);

if a=r then writeln ('үшбұрыш тікбұрышты')

else

begin


if aүшбұрыш сүйірбұрышты')

else


writeln ('үшбұрыш доғал бұрышты');

end;


5: writeln

end.


V.Жаңа тақырыпты бекіту: «Шыңға шығу!» ойыны.
Оқушыларға шыңға шығу барысында жол бойындағы жалаушаларды алу керек. Ол үшін оларсол жалаушаларда жасырынған сұрақтарға жауап берулері тиіс.
1. Модель дегеніміз не?
2. Анықталған нәтиже қате бола алады ма?
3. Модельдеу мақсаты дегеніміз не?
4. Құбылыстан, үдерістен және нақты нысаннан модельдің айырмашылығы неде?
5. Модельдеудегі түпнұсқаның маңызы.
6. Модельдеудегі негізгі кезеңдерді атаңдар.
Қосымша: Тәжірибелік жұмыс (жұптық жұмыс).
1. Сабаққа кешігу барысындағы жазылатын түсініктеменің сөздік моделін құрыңдар.
2. Оны мәтіндік редакторда рәсімдеңдер.
3. Қалай ойлайсыңдар, сөздік модель құру барысында қандай мақсаттар қойылады?
VІ. Қорытындылау. Оқушылар өз ойларын стикерге жазып тапсырады
ҮІІ. Үйге тапсырма: §8.3, 288-бет жазу.
Тексерілді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет