Сабақтың мақсаты : Білімділік Оқушыларды Медеу Сәрсеке «Ғажайып сәуле» танымдық



Дата25.08.2017
өлшемі27 Kb.
#27799
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып сәуле. Медеу Сәрсеке

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды Медеу Сәрсеке «Ғажайып сәуле» танымдық

әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен

идеясын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар.

Жоспар:


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.



Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.



  1. Оқушыларды Медеу Сәрсеке «Ғажайып сәуле» танымдық әңгімесімен таныстыру.

  2. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту.


Оқулықпен жұмыс

- Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.



Сергіту сәті.

Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.

1. «Көрінбейтін адам» деген фильмді көріп пе едің? Ондағы оқиғалар есіңде ме?

2. «Көрінбейтін адам» романының авторы кім? Әңгімеде сол романнан қандай үзінді

келтірілген?

3. Жаңадан табылған сәуленің аты қалай? Оның «Көрінбейтін адам» романының

кейіпкерімен қандай ұқсастығы бар екен?

4. Осы әңгімеден кейін сенде қандай қиял пайда болды?

5. Әңгімеден «нейтрон» сәулесінің адам өміріне қауіпті екенін ұққан боларсың? Оны

қолдаушыларға көзқарасың қандай?

6. Атом бомбасынан зардап шеккен қандай елдерді білесің? Туған елің ше?


1. Әңгімеден «көрінбейтін адам» қасиеттері жөнінде айтылған тұсты тауып оқы.

2. Шығармадан «ғажайып сәуле» жөнінде айтылған жолдарды тауып оқы.

3. Егер осындай жаңалықтар жөнінде толығырақ білгің келсе М. Сәрсекенің

«От және атом» кітабын оқы.

4. Күнделік дәптер арнап‚ өз басыңда туған ойлар‚ қиялдар немесе басыңнан кешкен



Кейбір оқиғалар жөнінде жазып жүруге дағдылан. Бұл өзіңді өзің байқауға көмектеседі және өзіңнің «сырлас» досыңа айналады. Сол күнделігіңе оқыған кітаптарыңның авторы мен атын‚ не жөнінде екенін жазып қоюыңа болады‚ көрген киноларыңды да жазып жүргенің жақсы.

Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма: . Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 1326
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1326 -> Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Қазақ тілі 5- сынып, аптасына 4 сағаттан барлығы – 136 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет