Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық бас киімдері
Сабақтың мақсаты: Сахналық көрініс арқылы ұлттық бас киімдер
туралы білім беру . Бас киімдердің түрлері мен
оның ерекшеліктері туралы түсінігін дамыту.
Салт-дәстүріміз бен ұлттық киім үлгілерін өнеріміз-
Бен таныстыра отырып кұрметпен қарауға сүйіспен-
шілігін ояту.
Сабақ түрі: Сахналық сабақ.
Сабақ әдісі: Сахналық көрініс, ұлттық киімдер
демонстрациясы, өлең оқу.
Сабақ барысы: Сахна көрінісі: Жарты шеңбер формасындағы киіз үйдің
ішкі көрінісі.Сырмақ,басқұр түс киіздермен жабдықтал-
ған.
Киіз үй ішіне жайғаса отырған қыздар.Қыз жасауын тігіп,
әсемдеп, өңдеп отырған көрінісі.
Киіз үйді айнала жайғасқан, ортада әжесі қызының ша-
шын талдап өріп отыр. Қыздармен әжесі әңгімелесіп
отыр. Әңгіме көрінісі ұлттық бас киімдер,шашбау,қыз
жасауы жөнінде.
Көрініс.
Әжесі қызының шашын талдап өріп отыр.Ұштарына шашбау тағып
сәндеп отыр.
1.Айдана:
-Әжесі неге қыздардың шашын талдап өріп, оған шашбау таққан?
Әжесі:
-Шашбау қыздың көркі. Қолаң шашты қызды қас ару дейді. Шаштың ұзын,
әдемі болып өсуі үшін, әрі терлемес үшін шашты талдап өріп ұшына шашбау
тағады. Шашбау салмақты, шашты шатастырмай төменге тартып тұрады.
Шаштың талданып өрілгені «бір-біріне жетсем деп» таласа өседі деген ырым
бар.
2.Әйгерім.
-Әже неге қыздарға сылдырлатып сырға, білегіне білезік, жүзік таққан, ол аз-
дай мойнына тұмар алқа таққан?
Әжесі:
-Қыздарға көрік береді. Әрі тәрбиелік мәні де бар. Қазақ қыздарына құрмет-
пен қарап, аялап гүлдей етіп өсірген.Тәрбиелік мәні қыздың салмақты, сым-
батты болып өсуіне әсері бар. Егер сылдырлап беталды дыбыс шығарса«тұш-
тақай қыз» деп ескерту береді. Сыңғырлатып әуенді дыбыс шығарып жүруі
керек. Қыздың сыңғырлатып әсем басып келе жатқанын байқаған жан әбес-
тік сөз айтпай, өзін жақсы ұстаған.
3.Әжесі:
-Қой менен көп сұрап кеттіңдер ғой, мен де сендерден білейін.Мына қолда-
рыңа ұстап отырған бас киімдерің жайлы білесіңдер ме?
4.Сандуғаш:
-Менің қолымдағы бөрік. Бұл ерлердің күзде,көктемде киетін сәнді бас киімі.
Мұның жиегін қымбат бағалы аң терілерімен көмкерген.Содан «сусар бөрік»,
«кәмшәт бөрік»,«құндыз бөрік» деп аталады.
5.Әйгерім:
-Менің қолымдығықасаба. Қасабаны жас келіншектер киген. Қас аруға лайық
деп білген. Өзі дөңгелек, үстінен тұстай түскен желкені жауып тұратын желегі
болған. Ол шашақпен көмкерілген. « Ұл- қызы көп болсын » деген ниетпен тігілген.
6.Ақнұр:
-Менің қолымдағы қалпақ. Бұл да ерлердің көнеден келе жатқан киізден тігілетін бас киімі. Қалпақтың екі түрі бар: «ақ қалпақ», «айыр қалпақ». Ақ киізден тігіліп жиегі тұтас жиектеліп дөңгеленіп тұтады. Айыр қалпақтың етегі айыр болады.
7.Нурилә:
-Менің қолымдағы тақия. Тақия ерлердің және қыздардың тақиясы болып бөлінеді. Ерлердікіне қарағанда қыздардың бас киімі қымбат маталардан тігіліп сары паршамен көмкеріліп өрнектеледі. Тақияның жоғарғы жағы конус немесе төрт қырлы болып ұшына үкі тағылады немесе тоты қауырсыны тағылады.
2.КӨРІНІС.
1.Ойын:
«Ине жасырмақ» ойынын ойнайды. Ортаға ойынды басқарушы мен екі қыз шығады. Бір қызды теріс қаратып қойып,инені қыздардың біріне жасырады. Ойын басқарушы домбырамен күй тартады.Теріс қараған қыз екінші қыздың бойнынан инені іздейді. Күй баяу тартылып тұрады. Қыз инеге жақындаған сайын күй қаттырақ тартылады.Күй біткенге дейін инені тапса,жасырған қыз айыбын өтейді.Табыымаса іздеген қыз айыбын өтейді.
2.Ойын: «Жүзік салу»
Айнала қыздар отырады. Ортада оралған сүлгі ұстаған ойын басқарушы шығады. Жүзікті қыздарғы айналдыра қолдарын тосып отырған қыздарға салып шығады. Байқатпай біреуіне ғана тастап кетеді. «Тұр,жүзігім тұр» дегенде жүзік салынған қыз орнынан атып тұруы керек. Егер оны жанындағы қыздар сезіп қалып тұрғызбаса, тұра алмаған қыз өтеуін өтейді. Егер тұрып кетсе онда жанындағы екі қыз айыбын өтейді. Айыбын: би немесе әнмен, мақал-мәтелмен, өлең оқумен өтеуіне болады.
3.КӨРІНІС.
Сырттан әжесі келеді.
1.Айжан:
-Әже қолыңыздағы үкіні қайда тақпақсыз?
Әжесі:
-Қызымның сәукелесіне таққалы келдім.
2.Ақмарал:
-Әже мен сәукелені білемін, сәукелені қалыңдық киген. Сәукеле ең қымбат бағалы бас киім. Қыздар өзіне арналып тігілген сәукелені тұрмысқа шығарында киген. Оның екі бөліктен тұратынын білемін. Басқа киетін бөлігі астар салынып,сырылған биіктігі 25см конус тәріздес болған. Жоғарғы жағына сәукеле орналастырған. Екі жағынан белге дейін түсетін құлақбау тағылып, жоғарғы ұшына желек тағылған.
3.Гулмира.
-Әже, неге «сәукеле» деп аталған?
Әжесі:
-Е, айналайындар – ай, ұзатылған қызға ертеден жасау берген. Ұзатылғанда жасаумен,басына сәукелесін кигізіп ұзатып салған. Ол кезде жасауды түліктерге артып,жасауғақосабайларқыздарына күң ретінде өзінің дос қыздарын қоса жіберген. Керуен келе жатқандай сән түзген . Ол кезде де ұры – қарылар болған. Бай жасауды жол-жөнекей торуылдап , реті келсе тонап кететін болған . Жігіт жағы қарауыл төбеге адам жіберіп бақылатып отырған . Аман-сау келе жатқан керуенді көрген бақылаушы, ауылға қарай сүйіншілеп «сау келеді, сау келеді» деп айқайлап келеді екен.
Келіншек ауылға жақындағанда басына сәукеле киіп келеді.
Осы « сау келеді» деген сөз кейін келе «сәукелеге» айналып , қалыңдықтың бас киімі солай аталып кеткен екен.
4.Асыл.
-Неге сәукеле ауыр болады ?
Әжесі.
-Сәукеле адамның байлығын , барлығын көрсетеді. Қымбат асыл тастармен, күмістермен әшекейлеген . Өте биік болған. Сәукелені бір балалы болғанға дейін киіп жүрген. Сәукеле киген келіншек басындағы сәукелесі түсіп кетпес үшін өте сақтықпен, әсем-әдемі қимылмен жүрген. Бұл келіншекті сабырлыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа баулыған,сонымен қатар сәукеле киген келіншек өте әдемі, сымбатты, сұлу болып көрінген.
5.Гаухар:
-Мен кимешек жайлы айтқым келеді. Кимешек әйелдердің бас киімі. Бір балалы болған жас келіншектен бастап егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ матадан тігілген, жас келіншектер үлбіреген ақ жібектен жасаған.Кимешек басты , мойынды, кеудені, иық пен жауырынды жауып тұрады. Оның өңірді, жауырынды жауып тұсын «күндік» деп атайды.
Әжесі:
-Е, айналайындарым-ай, қазақ халқы данышпан халық болған ғой. Ата-бабамыз ертеден тазалықты бағалаған. « Кимешек» ол тазалықтың белгісі. Аппақ ақ кимешегін кірлетпей , тірлігін дөңгелетіпалып жүрген қазақ әйелдері қандай жандар! Қазір зорлау, зомбылық көп дейміз , ертеде әжелеріміз ұзын көйлек кигізіп, ұзын жеңді, омырауы жабық, оның сыртын қымтап тұратын камзолдар кигізген. «Жылтырағван жерің» көрінсе әбүйіріңді «жауып жүр» деп ескерту айтып отырушы еді. Содан ба , ол кезде адамдар иманды болатын . Қыздардың ашық-щашық жүргені өзгеге де зиян, қарақтарым.
6.Айман.
-Әже мен қазақ қыздары жайлы өлең оқығым келеді.
И.Сапарбаевтың «Қазақ қызы» өлеңі.
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе, елдің көркі» деген сөз бар,
Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам!?
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар «Ақтабаннан»
Сүймеген сені азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта,
Бәрін айт, бірін айтта, лайықтысың,
«Қазағым қызы» деген ғажап атқа.
Өлең айтып болған соң , әжесі сәукелені үкілеп:
Тіл көзден , сөзден сақтасын,
Басың құт болып, өсіп - өн,
Барған жеріңде бағың ашылып,
Сыйлы бол! - деп батасын беріп , шашу
шашып кигізеді.
Ұялған қыз құрбылармен бірге шығып кетеді.
Қортынды: Сабаққа үздік қатысқан оқушылар бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |