Сабақтың мақсаты : Сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін, сөздерден құралатынын ұғындыру



Дата23.08.2017
өлшемі75,31 Kb.
#25607
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем және сөз

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің аяқталған ойды білдіретінін, сөздерден құралатынын ұғындыру

Жеке сөздерден байланыстырып сөйлем құрастыра білуге, сөйлемдегі айтылып отырған ойды анықтай білуге, сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қоюға үйрету.

Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу, бір-бірімен қатынас жасауда түсінікті сөйлеуге дағдыландыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар

Сабақтың көрнекілігі; Интерактивті тақта, суреттер

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:


  1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Күз мезгілі.

Оқушылардың күз мезгіліне сипаттамасы. «Күзгі әуен» музыкасымен қатар айтылады.

Күз мезгілі

Табиғат жасыл желегін сыпырып, сары көрпесіне оранған

Аспанды жиі сұр бұлт торлайды


Салқын жел есіп қояды
Жаз бойы еңбектенген шаруалар еңбегі бекерге кетпеді
Шопандар жаз бойы көк майса шөпке малдарын семіртті
Мая-мая шөптерін жинап, қыстың қамын жазда бітіріп қойды
Барша жан-бау-бақшаның піскен жемістерін жинап, көңілдері жайдары
Күз мезгілі өте тамаша мезгілдің бірі
Күзгі табиғатқа қарап: «Табиғат-ана қандай шебер едің?» дегім келеді
Қою сары, қызғылт, қоңырқай түс қаншалықты суық болса да, шебердің аты шебер ғой!
Өз үйлесімін тауып, орналастыра білген табиғат-анаға таңғаламын
Сылаңқы жел бұталарды сипап, ағаштың аялап тұрған жапырағын ала жөнеледі
Дауыл болып жайрататын жел бір нәрсе ала жөнелуге құмартып ойнақтап тұрады

Салқын сыз,дымқыл тұман соңына ерген,

Жылауық бұлттары бар қанат керген.

Күз келді мезгілінде арқаланып,

Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!

Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ,

Кеттік те қызу істі дереу бастап.

Астық,жеміс,мақтасын… – бар байлығын

Алып қалдық еңбекке айырбастап.

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер де күзгі жемістерді жинап топтарға бөлініпсіңдер. Қызыл алма, жасыл алма, сары алмалар тобы. Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Оған балалар да ерекше болып, қонақтарымыз да қатысып отыр. Сабақ барысында «Су-тіршілік көзі» дегендей сендердің білімдеріңді су тамшыларымен бағалап отырамын. Тамшыларды жинау арқылы сендер өз жемістеріңе нәр беріп отырасыңдар. Сонымен қоса, өзіміздің рухани байлағымыз білімімізді де көрсетеміз. Тамшылар 3 түсте болады. Өте жақсы жауапқа - қызыл түсті, жақсы -жауапқа сары түсті, орта жауапқа - көк түсті тамшы үлестіріледі.

Енді күзгі жапырақтарды жинайық.

Қызығушылықты ояту

2.«Сиқырлы жапырақтар» Берілген сұрақтар арқылы өткен сабақты пысықтау.

Мазмұндама дегеніміз не?

Пайымдау мәтіні дегеніміз не?

Сипаттау мәтіні дегеніміз не?

Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?

Мәтіннің құрылымын айтып бер

Тақырып дегеніміз не?

Мәтін дегеніміз не?

Мәтіннің жоспары дегеніміз не?

Мәтін неден құралады?

Мәтіндегі әрбір бөлім қалай аталады?

Мәтіннің қандай түрлері бар?

Су, ағаш, жер, тау бұлар.......

Аспан шайдай ашық...........

Жапырақтарды ретімен қойғанда жаңа тақырып шығады.

Тақтада күнді шығарып, жаңа сабаққа жақсылық тілейміз.

-Біздің болашағымызға жарқын жол көрсететін күніміз әрдайым ашық болсын. 2014

жылы 11 қарашада елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақстан халқына өзінің кезекті жолдауын жолдаған болатын. Жолдау «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» деп аталды. Біз кішкене бүлдіршін болсақ та, еліміздің жарқын болашағы болған жолдауды қолдаймыз. Бұл жолдауда еліміз үшін табыстың кілті- ел бірлігі екендігін елбасымыз ерекше атап өтті. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» дей отырып жаңа сабағымызды бастаймыз.


  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

-Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Сөйлем және сөз»

Көркем жазу

Күз мезгілі. Бүгін ауа райы тамаша!

Сөздер: кітап, дала, суытты, көркем, жаңбыр, күшті, ағаш, дос, оқыды

Сөйлемдер: Кітапты күтіп ұста. Далада суық жаңбыр жауып тұр. Көк бие құлындады.

Топпен жұмыс. Сөздерді байланыстырып сөйлем құра.

1-топ.

Боя, ағаш, сары, жапырақ, күз, түс.

2-топ.

Сабақ, біз, бар, ерте.

3-топ.

Құс, жаса, қамқор, қыс, балалар.

Ойлан, тап!

Қайрат сабақтан келгенде, үйден жазылған қағаз тауып алды. Оны кішкентай қарындасы Айжан жазыпты. Қайрат не жазылғанын түсіне алмады. Айжанның не жазғанын оқыр көр.

1-топ. МЕНДОСЫМНЫҢҮЙІНЕКЕТТІМБІРСАҒАТТАНКЕЙІНКЕЛЕМІН

2-топ. КІТАПТЫЖАРЫҚТҮСЕТІНБӨЛМЕДЕОҚЫКІТАПТЫЖАТЫПОҚЫМА

3-топ.

КӨЗІҢДІЕШҚАШАНҚОЛЫҢМЕНҰСТАМА ҮШКІРЗАТТАРДЫКӨЗІҢЕЖАҚЫНДАТПА


Өз пікіріңді айт

Айжанның жазуын оқу неге қиын болды?

Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

Әр сөйлемде неше сөз бар?



Ереже

  1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

  2. Сөйлем сөздерден құралады.

  3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

  4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазалыды.

  5. Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.

Кел, оқимыз.

«Сүйікті» пән

Түртіп қалдым Майқанды,

Майқан маған қарайды.

-Әй, сен осы қай пәнді

Сүйесің?-деп сұрадым.

-Білгендерге пән-мәннің

Барлығы да тәуір-ау?-

Деді Майқан. –Ал менің

Сүйер «пәнім» -қоңырау!

Қай сөйлем сұрау мағынасында айтылып тұр?

Ал қай сөйлем көңіл күйді білдіреді?

Қай сөйлем хабарлаудан тұрады?



Сергіту сәті. Ән: «Көңілді күн»

Шығармашылық жұмыс

Сен қай әнді жақсы көресің? Сол пән туралы жаз.



Ереже

Сөйлемнің соңына не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

Өзіндік жұмыс

Көкек

Көкектің жұмыртқасы ұсақ болады өзі бірден артық жұмыртқа тумайды ұя салмайды балапан баспайды жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастап кетеді оны торғай басып шығарады.

Сөйлемнің аражігін тап. Тиісті жерге нүкте қой.

Көкек туралы мәлімет

Көкек– Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Дене тұрқы 25 – 40 см. Ағаш басында жүруге бейім. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Көкектер орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.

Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты.

Ауызекі тілде бірінші сөйлем екінші сөйлемнен қалай ажыратылады?

Жазбаша тілде ше?

Дәптермен жұмыс.

Сен білесің бе?

Мәтінді оқы. Төмендегі сызбаға сәйкес келетін сөйлемдерді көшіріп жаз.




Қабақ пен кірпік көзді шаңнан қорғайды. Егер көзге бір нәрсе түсіп кетсе, жас жуып шығарады. Ал қас маңдайдан аққан тер тамшыларын көзге

Жібермей ұстап қалады. Осылайша табиғат көзді өзі қорғайды.




.

.

Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Рефлексия.

Үй тапсырмасын беру. 6-жаттығу.79-бет.

Нұрлы жолдағы сапарымыз сәтті,

болашағымыз жарқын болсын!

1 Алға мектеп-бақша

Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: «Сөйлем және сөз»

2- сынып

Өткізген: Муханова А.А.

бастауыш сынып



мұғалімі

2015 жыл
Каталог: uploads -> doc -> 1385
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1385 -> Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев
1385 -> Лекция Білім мен даналық адам көркі. Түсіну Ойлы сұрақтар «Таза тақта»
1385 -> Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі Пәні химия Сынып 8 Күні Сабақтың тақырыбы: Ауа газдар қоспасы Сабақтың мақсаты: Білімділік
1385 -> Сабақ Өткізген; Анебаева Ирина Тақырыбы
1385 -> Сабақ тақырыбы Электр өрісінің зарядқа әсер ететін күшін, кернеулігі мен потенциалын анықтау бойынша есептер шығару
1385 -> Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін тиімді қолдану касаинова Риза Кожахметовна «Степное негізгі мектебі- балабақша кешені»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет