Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік оқушылардың оқу қабілеттерін, білім, білік, таным



бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі372,31 Kb.
#30795
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: Цилиндр.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік

- оқушылардың оқу қабілеттерін, білім, білік, таным

ерекшеліктерін арттыру. Айналу денелері, цилиндр

туралы мағлұмат беру.

2) Дамытушылық

- оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой - өрісін,

сөйлеу тілін дамыту.

3) Тәрбиелік

- жылдамдыққа, шапшаңдыққа және өз ойын еркін

айтуға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: Қағаздан жасалған цилиндр, цилиндрдің темір

макеті, үлестірме карточкалар, плакат.



Сабақтың жабдығы: Тақта, бор, мультимедиалық тақта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты топтастыру.

Байланысы: Арнаулы пәндер (трактор және автомобиль, ауыл

шаруашылық машиналары)



Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап.

Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.


Біздің сабағымыз 5 бөлімнен тұрады.

І. «Білімінді сынап көр»

Өткен тақырыптағы көп жақтарға тоқталып кету. Призма, параллелелепипед, пирамида. Бұл макеттер шыны (әйнек) құрыслыстарда пайдаланады.



ІІ. «Білімді азамат – ел ертеңі»
Жаңа сабақ.
Мұғалімнің түсіндіруі: Айналу денелеріне цилиндр,конус, шар жатады.

Цилиндр деп – параллель екі жазықтық арасындағы, жазықтықтардың бірінде дөңгелек қиып өтетін, барлық параллель түзулердің кесінділерінен жасалған денені атайды. Бір ұшы осы дөңгелек шеңбердің бойында жататын кесінділер цилиндрдің жасаушылары деп аталады. Цилиндрдің беті параллель жазықтықтарда жататын тең екі дөңгелектен, цилиндрдің табандарынан және бүйір бетінен тұрады.

Егер цилиндрдің жасаушылары табандарының жазықтықтарына перпендикуляр болса, онда ол тік цилиндр деп аталады.

Цилиндрдің радиусы деп оның табанының радиусын атайды.

Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.

Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды.


Цилиндрді осінен өтетін жазықтықпен қиғандағы қиманы осьтік қима деп атайды.

Цилиндрдің осіне перпендикуляр жазықтық оның бүйір бетін табан шеңберіне тең болатын шеңбер бойымен қиып өтеді.



О







Жасаушысы



ОО - биіктігі ß – цилиндрдің осіне перпендикуляр жазықтық

ОА – радиусы

Осы цилиндр біздің өмірімізде де, техникада қолданылады. Жанар – жағармай пайдаланатын техникаларда қолданылады. Мысалы: су моторларда, мотоциклде және трактор және автомобильдерде т.б қолданылады.Осы цилиндрдің атқаратын қызметі туралы бізге трактор және автоиобиль пәнінің мұғалімі Б.Абдрахманов түсіндіреді.


Трактор және автомобиль пәнінің мұғалімі Б.Абдрахмановтың

түсіндіруі

Техникаларда автомобиль, тракторларда цилиндрдің атқаратын қызметі, жұмыс туралы айтады.



ІІІ. «Ескісіз жаңа болмайды,

Есепсіз дана болмайды»

1.Есептер шығару.
№1

Бер:ОА═2м Шешуі:АС═2·ОА

ОО═3м ВСА=> АВ=ВС+АС


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет