Мекеме атауы: № 29 жалпы орта білім беру мектебі Аты –жөні: Рахметжанова Зайда Төлегенқызы Лаузымы: Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жұмыс өтілі: 10 жыл Санаты: II санатты Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер Сыныбы: 6 сынып Сабақтың мақсаты: а) Білімділік мақсаты: сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру, күрделі сан есімдердің жасалу ерекшеліктерін таныту;
Ә) Дамытушылық мақсаты: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
б) Тәрбиелік мақсаты: Адам өміріндегі сандардың маңыздылығын жете түсіну, сандарға қатысты халықтық ұғымдарға мән беру.
Міндеті: 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру
2. Оқушылардың өзін және өзгені бағалай білуіне ықпал ету.
3. Сыни ойлауын арттыру.