Сабақтың мақсаты: Білімдік: «Халықтардың ұлы қоныс аудару»



Дата07.05.2017
өлшемі66,98 Kb.
#15944
түріСабақ
Сабақ жоспары

Шақат орта мектебі.

Сынып: 6

Пән: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Аралов С.Б.


Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Сабақтың мақсаты:

Білімдік: «Халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгіліне тоқтала отырып,Атилланың еуропаға жеңімпаз жорығы,қаһармандығы, ақылдылығы мен алғырлығы туралы толық түсінік беру.

Дамытушылық: Сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып,қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.     

Тәрбиелік: Ғұндардың және олардың патшасы Атилланың ерлігін әңгімелей отырып, оқушыларды елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.

Сабақтың типі: Интерактивті оқыту.

Cабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, картамен жұмыс,ауызша баяндау,талдау,есептеу.

Пәнаралық байланыс: Математика және қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, дүние жүзінің саяси картасы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.
Психологиялық дайындық кезеңі:

1.Егер сендердің көңіл-күйлерің көтеріңкі болса, аяқтарыңды топырлатыңдар.   

2.Егер сендер тарих сабағын жақсы көрсеңдер,қолыңдышапалақтаңдар.                                               

3.Егер сендер сабаққа дайын болсаңдар,қолдарыңды жоғары көтеріңдер.


Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

«Келгенше қонақ ұялады,

Келген соң үй иесі ұялады»,-демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

(Ғұндар тарихы)

ІІ.Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын қорытындылау тапсырмалары.



Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. 
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. 

Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы

Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат

Жеті ғашық:
1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа. 

Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. 
1. Ғұндар тарихының ерте кезеңі.

1. Тарихи деректер.

2. Ғұн мемлекетінің пайда болуы туралы аңыз.

3. Ғұн мемлекетінің құрылуы.



2.Ғұндар мемлекетінің құрылымы.

4. Басқару жүйесі

5. Қоғамдық құрылысы.

3.Ғұн тайпаларының бірлестігі.

6. Ғұн-Қытай соғысы.



7. Ғұн мемлекетінің екіге бөлінуі.

2.Тапсырма: «Жұлдызды сәт ойыны».

р/с

Сұрақтар

Жауаптар

1.

Ғұндар туралы дерек беретін

Қытай деректері

2.

Қытай деректерінде «ғұн» атауының пайда болған кезі:

 б.з.б. ІІІ ғ. аяғы

3.

Қытай деректерінде ғұн басшысының лауазымы

 «Шаньюй»

4.

«Жер дегеніміз – мемлекеттің негізі, оны қалай береміз?»,-деген ғұн басшысы

 Мөде

5.

Ғұн державасының б.з.б. 209 жылы пайда болғаны туралы жазған

 Л.Н.Гумилев

6.

Ғұндар мекендеген жері

 Енисей жағалаулары мен Алтайды

7.

Ғұн мемлекетіндегі Шаньюйден кейінгі басты лауазым

 Түменбасы

8.

Ғұн мемлекетіндегі түменбасы әскерінің құрамы

 10 мың атты әскер

9.

Ғұн мемлекетінде ақсақалдар кеңесі жылына шақырылды:

 3 рет

10.

Ғұндар мен Қытай елі арасындағы соғыс қимылдары созылған уақыт:

 300 жылдан астам

11

Хань әулетінің қол астына түскен:

Оңтүстіктегі ғұндар

12

Ғұндардың Қазақстан аумағына жылжуын кім басқарды?

Чжи-Чжи

Жаңа тақырыпқа шығу: б.з.б. ІІ ғ. -б.з.ІV ғ.

Ғұндардың шығыстан батысқа қарай жылжуы

Халықтардың ұлы қоныс аудару

Сабақтың мақсатын ашу.
ІІІ.Жаңа сабақ жоспары:

1.Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

2.Ғұн жорықтарының маңызы.

3.Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.


Халықтардың ұлы қоныс аударуы. 3 минут мәтінмен танысу. І жұп.

Ғұн жорықтарының маңызы. 3 минут мәтінмен танысу. ІІ жұп.

Тарихтағы ғұндар сипаттамасы. 3 минут танысу. ІІІ жұп.
Физминутка. Отыру-тұру, қол көтеру - қол түсіру.

Талдау жасаңыз.Қазақ ақын-жырауларының шығармаларын талдау:

Сабыр жырау шығармасынан үзінді:

Бабамыз батыр Еділ-ді,

Еділ кімнен жеңілді?

Көндірген екен ырқына

Сонау төменгі жатқан көп елді.

Қарсыласқан талай табырлар,

Ат артына теңделді.

Кезекті күні келгенде,

Мынау бес күндік дүниеден

Ол да өтіп жөнелді…

Мағжан Жұмабаев «Пайғамбар»

Ерте күнде жоқ бар еді түн туған,

Қап-қараңғы түн ішінде Күн туған.

Отты Күннің сәулесінен от алтын

Отты көзді,отты жанды Ғұн туған.

Ерте күнде отты Күннен Ғүн туған,

Отты Ғұннан от боп ойнап мен туғам,

Жүзімді де, қысық қара көзімді

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар,

Мен – Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем –

Күннен туған,Ғұннан туған пайғамбар.

Тапсырма: Тарихи жыл санау.

1.Каталаун ұрысы (451 жыл) мен сақтардан б.з.б. 530 жеңілген Кирдің жорығы аралығында қанша жыл өтті? __________

2.Б.з.б. 209 жылы Орталық Азия ғұндарын Мөде басқарды. 445 жылы ғұндардың билеушісі Аттила болды. Осы елеулі оқиға арасында қанша жыл өтті?__________

3.1856 жылы Парижде «Аттила және оның мұрагерлерінің тарихы» кітабы жарық көрді. Авторы – француз тарихшысы Тьер Амедиди. 453 жылы Аттила өлген соң, ұлы ғұн туралы кітап қанша жылдан кейін жарық көрді?_________



Еділ мінездеме беру.

ІV.Бекіту тапсырмалары.

Тест.

5 санына байланысты:

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш

1.Ғұн патшасы Аттиланың өмір сүрген жылы?

2.Ғұндардың соғыс құралдары қандай?

3.Ғұндар Еуропаның қай мемлекетіне дейін жетті,картадан көрсет.



4.Ғұн жорықтарының нәтижесі қандай?

VІ.Үйге тапсырма:                                                                                                             

1. §26.Халықтардың ұлы қоныс аударуы.

2.Оқулықтың 123 бетіндегі сұрақтар мен тапсырмаларға ауызша жауап    беруге дайындалып келу.  

3. Шығармашылық тапсырма: Қосымша әдебиетті пайдаланып, Аттила туралы әңгімеле

Отан сүйер ұлан бол!

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.

Қырық жыл қырғында тірі қалғандардың бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.

Балаларыма немере— шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды Сүйер Ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты болып өсіңдер!

Бауыржан Момышұлы

V.Бағалау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет