Сабақтың мақсаты: Білімділік:



Дата28.06.2017
өлшемі42,26 Kb.
#20113
түріСабақ
Сабақ жоспары

1.Пән аты: Қазақ тілі

2.Сыныбы: 8

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: І

Сабақтың тақырыбы: Досы көпті жау алмайды

Грамматикалық тақырып:Сын есім

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:« Достық » тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз

тіркестерін сөйлемдерде пайдалана білу.Сын есім туралы түсініктерін байыту.

2. Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; ауызша

ойлау мен сөйлесу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем

құрау дағдысын қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Достықты бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін

жетілдіру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: Сұрақ–жауап, әңгімелеу, іздендіру,жаттығу жұмыстары

Сабақтың көрнекіліктері: слайд-презентация,мақал–мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі.
ΙΙ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.51 бет ереже,2-тапсырма


ІV. Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақ.

а) мәтінді оқу

ә) жаңа сөздермен жұмыс

б) сөз тіркестерін құрастыру

в) грамматикалық тапсырмалар.
Кіріспе сөз:

Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге сабақ дайындайсың, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай:


Жаманмен жолдас болсаң,

Кесірі жұғар.

Жақсымен жолдас болсаң,

Несібі жұғар.

– Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

– Мағынасы неде?

– Жақсы. Ал енді достық туралы тағы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

– Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?

– Біз бүгін сабақта нені үйренеміз?

– Дұрыс. Бүгін сабақта сөздерді оқимыз, сөз тіркестерін құрастырамыз, мәтін

аударамыз.
Жаңа сөздерді оқыту,сұрау

Заттың сындық қасиеттері


  1. Түрін, түсін: ақ (қағаз), көк (сия), жасыл (жапырақ).

  2. Көлемдік, аумақтық, салмақтьщ белгісі: биік (үй), кіші (інісі), қысқа (жіп).

  3. Сапалық белгісін, сипатын: жақсы (сөз), сараң (адам), жалқау (кісі).

  4. Дәмін, иісін жэне басқа сипаттарын: ащы (пияз), тэтті (тағам).

  5. 5. Затқа, қимыл, іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты: балалы (үй), қысқы (демалыс), білімді (жігіт).

  6. Сұрактары: қандай, қай?

1.Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.

2.Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

а)Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә)Оқушылар дауыстап қайталайды.

б)Оқушылар тізбекпен оқиды.

3.Сөздер мен сөз тіркестерін құрастыру.

Тіл дамыту.

Оқулықпен жұмыс:

52–бет,1 тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп,диалог құрыңдар.

2. Мәтінге қарап,сөйлемдердің ретін табыңыз



VI.Бекіту кезеңі:

Плакат бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ойын «Полиглот». Перевести слова на английский, казахский языки.

30–У меня есть друг.Менің досым бар.

30–Его зовут–Сергей. Оның аты–Сергей.

30–У него красивая внешность.Оның бет әлпеті сүйкімді.

20–хороший друг,жақсы дос,

20–добрый характер,мейірімді мінезі,

20–голубые глаза,көк көзі,

10–хобби,ермегі,

10–ученик,оқушы,

10–друг, дос,



VII. Сабақтың қорытындылау.

– Сондықтан, балалар достықты бағалай біліңдер.



– Досың қиналғанда, қол ұшын бер.

VIII. Үй тапсырма: 53 бет ереже,кесте толтыру

Тексердім:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет