6 Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік- экономикалық дағдарысы
Сабақтың мақсаты:
ХХ ғ. екінші жартысында
кеңес қоғамында орын алған
елеулі оқиғаларға талдау жасап, объективті баға беру.
Сабақтың сұрақтары:
1.
Соғыстан кейінгі экономикалық даму проблемалары. Бейбіт өмірге
өтудің қиындықтары мен қарама-қайшылықтары.
2.
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында.
Әдебиет
1.
Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ
в. – Алматы, 1997.
2.
Аяғанов Б. Дағдарыстың тағдыры: 70-80-ші
жылдардағы Республика
қоғамдық-саяси өмірінің даму үрдістері.//Ақиқат.1996.№1. 44-47-бб.
3.
История Казахстана: народы и культуры: Учебное пособие.-Алматы, 2001.
4.
Қозыбаев М. История и современность. – Алматы, 1991.
5.
Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). Т.1-2. – Алматы, 1998.
6.
Кунаев Д.А. О моем времени. – Алматы, 1991.
7.
Новейшая история Казахстана: сборник документов и материалов. Т.1
(1917-1939 гг.). – Алматы, 1998.
8.
Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері.
Көмекші оқу құралы. – Алматы, 2003.
9.
Смаилов К. Н.С.Хрущев: ағы мен қарасы.// Ақиқат. 1994. №4. 46-48бб.
Бірінші сұрақта
Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдарда дамуына
сипаттама беру қажет.
Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай қандай болды? Соғыстан кейін
халықтың психологиясында қандай өзгерістер болды?
Ғылым мен мәдение саласында қандай саясат жүргізілді?
Зиялылардың
қатаң бақылауға алынып, қудалауға ұшырауына не себеп
болды?
Репрессиялардың жандануын немен түсіндіресіз?
«Лагерлік экономика»(Карлаг, Степлаг т.б) дегеніміз не?
Ұлтаралық қатынастар саласында қандай
келеңсіз жағдайлар орын
алды?
Соғыстың экономикалық зардаптары қандай болды?
Экономиканы бейбіт өмірге көшірудің қиындықтары туралы айтыңыз.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жоспарының ерекшеліктеріне
тоқталыңыз. Кеңес экономикасының
қысқа мерзімде қалпына
келтірілуін немен түсіндіресіз?
Халықтың әлеуметтік жағдайына сипаттама беріңіз.
Ядролық полигон салынуының әлеуметтік салдары қандай болды?
Қорытындылай келе, КСРО мен Қазақстанның соғыстан кейінгі
қоғамдық саяси және әлеуметтік-экономикалық
дамуына баға беріп,
ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
Екінші сұрақта
алдымен елдің қоғамдық-саяси өмірінде болған
өзгерістер туралы айтып беріңіздер.
Бұл кезеңді неліктен «жылымық» жылдары деп атайды?
Хрущевтің «жылымық» жылдарының мәні неде? Қандай игі бастамалар
көтерілді?
КОКП-ның ХХ съезі және оның тарихи маңызы қандай?
Елдің сыртқы саясатында қандай өзгерістер болды?
Декмократизациялау үрдісінің аяқталмай қалуын қалай түсіндіресіз?
Қоғам өмірінің маңызды саласы – экономикада да
маңызды өзгерістер
болды. Осы салада қолға алынған бастамалар мен олардың нәтижелері мен
салдарын ашып, баға беру қажет. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап іздеңіз:
Өнеркәсіпті ұйымдастыру және басқару
саласында ұандай реформалар
жүргізілді? Өнеркәсіп пен көліктің дамуында не өзгерістер болды?
Ғылыми-техникалық прогресстің экономика дамуына ықпалы қандай
болды? Жауабыңызды дәлелдермен бекітіңіз.
Экономика дамуының экстенсивті және
интенсивті даму жолдарына
сипаттама беріңіз.
Жаңа қалалардың пайда болуы туралы айтыңыз. Урбанизациялау
үрдісінің дамуы қалай жүрді?
Хрущевтік әлеуметтік қиял туралы не білесіз?
50-жж. басында ауыл шаруашылығнда қандай жағдай қалыптасты?
Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт алу (1953 ж. қыркүйек)
туралы айтып беріңіз.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді
игерудің мақсат-міндеттері
қандай болды?
Тың игерудің игі нәтижелеріне тоқталыңыз.
«Тыңның» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары туралы
айтып беріңіз.
Рефераттар мен пікірталас(дискуссия) тақырыптары
1. Соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері мен
қарама-қайшылықтары.
2. Ызғарлы жылдар іздері: соғыстан кейінгі саяси репрессиялар
3. Н.С.Хрущев, Л.И.Брежнев, Д.А.Қонаев, М.С.Горбачев: саяси портреттер.
4. Қазақстан экономикасында тоқырау болды ма?
5. Диссиденттер қозғалысы.