Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейту жолдары



Дата11.02.2022
өлшемі52,88 Kb.
#131517
түріСабақ
Байланысты:
ДӘРІС №3. Жылыжай. docx
41ш топ студенті Далабай Жұлдыз

ДӘРІС №3
Тақырыбы: Көкөніс дақылдарының көбеюі
Сабақтың мақсаты: Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейту жолдары
Дәріс жоспары:
3.1. Тұқымнан көбеюі
3.2.Өсінді жолымен көбейту
3.3.Баданамен (жуашықпен) көбейту.
3.4.Тамырсабақпен көбейту.
3.5.Қалемшелермен көбейту.
3.6.Тамыр жемістерін бөліп көбейту.


3.1.Тұқымнан көбеюі.Көкөніс дақылдарының басым бөлігі тұқымынан көбейеді. Көкөніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге қарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп-дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.
Тұқым-ағзаның сұрыптық тұқым қуалаушылық белгілері мен қасиеттерін сақтаушы. Тұқым ұрықтанған бүршігінің ұлғаюының нәтижесінде пайда болады. Іссанада көбінесе тұқым деп, жатынның ұлғаюынан пайда болған құрғақ жемісті атайды.
Көкөніс дақылдарының тұқымдары өзара мөлшерлері (көлемі), пішіндері, түстері, иістері бойынша ажыратылады. Тұқымдарының көлемі (массасы) бойынша В.И. Эдельштейн көкөніс дақылдарын 1 грамдағы тұқым санына байланысты бес топқа бөледі: өте ірілер, тұқым саны 10-нан аспайтындар-бұршақбас, үрме бұршақ, асбұршақ, асқабақ, қарбыздың ірі дәнді сұрыптары, қантты жүгері; ірілер (11-100 дана) – қарбыздың ұсақ дәнді сұрыптары, қауын, қияр, қызылша, рауғаш, саумалдық, шалғам, шалқан; орташалар (150-300 дана) – қызанақ, орамжапырақ, тарна, пияз, бұрыш, баялды, ботташық, аскөк; ұсақтар (600-1000 дана) – сәбіз, ақжелкен, шомыр, ақсүтіген; өте ұсақтар (1000-асатындар) – қымыздық, қызылшөп, балдыркөк.
Ұсақ дәнді дақылдар үшін топырақты себер алдында өте мұқият өңдеу, тегістеу және тұқым сепкішті себу тереңдігіне дәлірек реттеу қажет. Ұсақ тұқымдарды топыраққа терең сіңіруге болмайды.
Тұқымның егістік (себу) және сұрыптық сапасын ажыратады. Себу сапасына: тазалығы, өнгіштігі, көктеу (өну) энергиясы, өміршеңдігі (тіршілікке қабілеттілігі), өсу күші, дымқылдылығы, аурулармен және зиянкестермен залалдануы, себуге жарамдылығы, егістік өнгіштігі, тіршілігінің ұзақтығы жатады.
Себу сапасы бойынша тұқымдарды екі класқа бөледі. Тұқымның сұрыптық сапасын олардың сұрыптық тазалығы, яғни аталған сұрыпқа жататындығы бойынша анықтайды. Көкөніс дақылдары элита, 1 және 2 сұрыптың тұқымы болып үш санатқа (категорияға) бөлінеді.
3.2. Өсінді жолымен көбейту. Көкөніс шаруашылығында өсінділік көбеюдің мынадай тәсілдерін қолданады.
Баданамен (жуашықпен) көбейту. Түбіртегінде ұрық жұрнағы болатын пиязды, сарымсақты, шалот пиязын өсіргенде қолданады. Мұндай баданаларды отырғызғанда әр бүршіктен жаңа бадана қалыптасады. Сарымсақтың және көп қат-қабатты пияздың сабақтанғыш формалары қалыптастыратын ауалық пиязшықтары да көбейту үшін қолданылады.
Тамырсабақпен көбейту. Бұл тәсілді көп жылдық көкөніс дақылдарын – қояншөпті, рауғашты, ақжелкекті өсіргенде қолданады. Қояншөп пен рауғаш өздерінің топырақ үстілік мүшелерін, тамырсабақтың жоғарғы жағында орналасқан өсу бүршігінен дамытады. Сондықтан бұл дақылдардың тамырсабақтарын бөлгенде әр бөлікте өсу бүршігінің және қоректік заттары бар тамырсабақ бөлігінің болғанын қадағалайды. Неғұрлым бөлік ірі және өсу бүршігі көбірек болса, солғұрлым топырақ үстілік мүшелер тез және жақсы өсіп-дамиды. Тамырсабақты бөліктеу өсіп-даму аяқталғаннан кейін, қоңыр күзде немесе көктемде жүргізіледі.
Қалемшелермен көбейту. Көптеген көкөніс дақылдарының-орамжапырақ, қызанақ, қияр, қауын және т.б. топыраққа сабақтарының бір бөлігін тамырландыру арқылы өсе алатын мүмкіншіліктері бар. Бұл тәсілді көбінесе селекциялық жұмыста қолданады. Бір-екі жапырақты сабақ бөлігін кесіп алып құм салынған жәшікке тамырландырады. Жақсы дамыған тамыр жүйесі бар өсімдікті тұрақты өсірілетін жерге отырғызады.
Тамыр жемістерін бөліп көбейту. Тамыр жемістерін ұзынынан тіліп, егістікке отырғызады. Тамыр жемісінің әр бөлігінде тамыр, ал жоғарғы бүршігінен сабақ пайда болады да, олардан гүлдер мен тұқым қалыптасады. Бұл тәсіл тұқым шаруашылығында қолданылады
Көкөніс шаруашылығында тұқымдық тәсілден басқа, өсіндімен де көбейтіледі. Тұқыммен көбейтілгенде өсімдіктің көбею коэффициенті өте жоғары: өсімдік өскен ортасына жеңіл бейімделеді. Тұқым алу технологиясы қарапайым және өсінді жолымен көбейтуге қарағанда тиімдірек. Бірақ сұрыптың қасиеттерін сақтап, әр өсімдіктің және бүкіл егістіктің өсіп-дамуына жақсы жағдай жасалу бағытында, тұқым шаруашылығында ерекше шаралар кешенін атқаруға тура келеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Тұқымнан көбеюі, тіршілік ұзақтығы бойынша ажырату?

  2. Өсінді жолымен жуашықпен көбейту?

  3. Өсінді жолымен тамырсабақпен көбейту?

  4. Өсінді жолымен қалемшелермен көбейту?

  5. Тамыр жемістер бөліп көбейту?

  6. Тамыр жемістерін бөліп көбейту

  7. Қалемшелермен көбейту

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ.Ж. Сейтбаев Қорғаулы топырақ құрылыстарында көкөніс дақылдарын өсіру
технологиясы: Оқулық. - Алматы : ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2015. - 424 б.
2.Ә.М.Тоқтамысов, Р.І.Құдияров, Г.З.Сауытбаева, Қ.Ә.Омаров. Жылыжай жағдайында қияр мен қызанақты топырақсыз өсіру: Оқу құралы / - Астана : ТОО "Дәме", 2015. - 118 б. ; Көлемі көрсетілмеген. - Библиогр.: 116-118 б.
3.МегаПРО - http://library.korkyt.kz:84/MegaPro/Web

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет