Сабақтың мақсаты: Күрделі шығарма туралы жан -жақты мағлұмат беру. Білімділігі



Дата31.12.2019
өлшемі13,92 Kb.
#54134
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мәдидің әні «Үшқара» шығармасын үйрену.
Сабақтың мақсаты: Күрделі шығарма туралы жан –жақты мағлұмат беру. 
Білімділігі: 
Мәдидің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Үшқара» шығармасында кездесетін штрихтардың орындалуын үйрету. 
Дамытушылық: 
Шығарманы талдау арқылы оқушының ой –өрісін ноталық сауатын, шығармашылық қабілетін дамыту. 
Тәрбиелік: 
Шығарманың авторымен таныстыру қазақ халқының ән өнері арқылы, оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, тірек-сызба, домбыра,пульт, фортепиано аспаптары
Техникалық құрал. Үнтаспа,  ноутбук
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 
2.Үй тапсырмасын тексеру. 
3.Сергіту сәті 
4.Жаңа сабақ 
5.Бекіту 
6.Қорытындылау 
7.Үйге тапсырма 
8.Бағалау.


І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 
1. D-dur гаммасын ойнау. 
2. «Балбырауын» Қурманғазы күйін жатқа ойнау. 
Актуалдау: Біз өткен сабағымызда Құрманғазы өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдық.Құрманғазы күйлерінің бірі «Балбырауын»күйін ойнап үйрендік. Үй тапсырмасын пысықтап және музыкалық біліміңді шыңдап еске түсірейік . 
 

Жаңа сабақ: Мәди Бәпиұлы «Үш қара» 
Күрделі шығарма деп бірнеше бөлімнен тұратын шығарманы айтады. «Штрих»деп музыкалық аспаптарда дыбыс шығару тәсілін айтады. «Штрих»неміс тілінен аударғанда «сызықша» мағынасын білдіреді. Штрихтың бірнеше түрі болады.

 

1Пиццикато а)бас бармақпен төмен қарай орындау . 
б) сұқ саусақпен төмен-жоғары орындау. 
2.Тремоло әдісі 
а)Дара ішектегі тремоло 
б)Қос ішекті тремоло 
Мәди Бәпиұлы 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мәди халық ақыны, әнші композитор. Қаздауысты Қазбек бидің ұрпағы.Жасынан ән-жырға құштар оны халқы әнші, ақын, сері атандырды.Мәдидің әндерінің барлығы халық арасына кеңінен тараған. Оның «Шіркін ай», «Қаракесек», «Мәди», «Қарқаралы», «Үшқара», т.б. әндері бар. 
Сергіту сәті: Мәдидің «Үшқара» әнін үнтаспадан тыңдату. 
-Шығарма ұнадыма? 
-Шығармада не естіледі? 
-Шығарма қандай аспаптарда орындалды? 
(Домбыра және фортепиано аспабының сүйемелдеуімен) 
Ендеше осы шығарма туралы мағлұмат аламыз. 
Мәди осы әнін туған жеріне, еліне деген сағынышын абақтыға түскендегі мұңлы-шерлі, жан-сезімін баяндайды. «Үшқара» 2 бөлімнен тұрады. 
І бөлімінде қағыспен басталып, қос ішектегі тремоло қағысымен орындалса, ал, ІІ бөлімінде дара және қос ішектегі тремоломен, сұқ саусақтан орындалатын пиццикато қағысымен ойналады.Өлшемі 2/4, кейде ауыспалы ¾ кездеседі.Кілт белгісінде Си бемоль мен ми бемоль белгілері бар. Екпіні жүрдек.Қоңыржай тездете орындалады.

Бекіту:1.Күрделі шығармада кездесетін қағысты не деп атайды. 
2.Штрихтің түрлерін ата. 
3.Үшқара әнінің авторы туралы не біледі? 
4.Үшқара әнін неге арнап шығарған? 
5Шығарма неше бөлімнен тұрады? 
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? 
Қорытындылау:Бүгінгі шығармада кездесетін штрих қағыстарымен таныс болдық. «Штрих» түрлері арқылы шығарманы түрлендіріп ойнауға болатынын білдік.Мәди Бәпиұлының өмірбаянымен таныс болдық.Оның «Үшқара » әнін аспапта ойнап үйрендік.Әрқашан қазақ халқының күй өнерімен қатар,ән өнерін де биік бағалап,халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау,ұрпақққа жеткізу міндетіміз. 
Үйге тапсырма: «Инсерт әдісі» 
не білдім, не уйрендім,өткен куй шығармаларды қайталау және жаттқа ойна
Каталог: uploads -> doc -> 0b5c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b5c -> Сабақ түрі: Аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: баяндау, ойын, шығармашылық жұмыс, ән айту, т б
0b5c -> Сабақ жоспары №1 информатика Тақырыбы: Кіріспе. Техника қауісіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет