Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру



Дата20.02.2023
өлшемі12,68 Kb.
#169556
түріСабақ
Байланысты:
сен білесің бе


Мақсаты:

- Оқушылардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

- Жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.

- ұлттық салт – дәстүрді, еліміздің мақтаныштарының үлгі - өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ.

Көрнекілігі: слайд,

Шаңырағың шайқалмасын – туған ел! (Қазақстанға қазақ еліне байланысты сұрақтар қойылады)
Ұлт рухы – ұлыларымен мықты! (Аттары аңызға айналған , қазақ елінің мақтаныштары туралы сұрақтар).
Салт- дәстүрім – салтанатым !(Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар).
«Мақал – сөз атасы»(қатысушыларға сұрақ қойылады, қатысушы мақалмен жауап беру керек)
Кітапханашы:Қазақ халқының ұғымында туған жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Туған жердің тұнық суын ішіп, жұпар ауасын жұтқан әр бір адамның туған топырағына деген сезімі ерекше болса керекті. Қазақ халқы ел болып бірігуі , ұлт болып ұйысу жолында талай белестерден өтті.

Қазақ халқы қаншама миллион адамынан , ата- бабамыз ат үстінде жүріп қасық қаны қалғанша қорғап алып берген кең- байтақ жеріміздің үштен бірінен, зиялы азаматтарынан айырылып, жер қойнауындағы байлығы таланып , ғажайып төл тума мәдениеті көмескіленіп, тілі мен діні тоқырап , есепсіз мехнат-азаптарды бастан өткеріп – қазіргі күні тәуелсіздікке қол жеткізді. Сол тарих қойнауында жатқан сырлары мол тылсым күштер – біздің баға жетпес байлығымыз.

І бөлім:

Шаңырағың шайқалмасын – туған ел!

1 сұрақ. Қазақстан азаматтарының құқықтың қағидаларын тұжырымдайтын мемлекеттік заң қалай аталады? (конституция)

2 сұрақ. Мемлекеттің ең жоғарғы лауазымды тұлғасы (Президент)

3 сұрақ. Ұлттық валюта куні? (1995 15 қараша)

4 сұрақ. Белгілі бір нәрсені суреттермен , таңбалармен сипаттап көрсетуден туатын шартты белгі? (рәміз)

5 сұрақ. Қазақстандағы ең биік шың ? (Хантәңірі 6646 метр)

6 сұрақ. Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға қай жылы , қай айда көшірілді? (1925 , наурыз)

7 сұрақ. Қазақстан БҰҰ- на қашан қабылданды? (2 наурыз , 1992 ж)

8 сұрақ. Әнұранның сөзін жазғандар?( Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)

9 сұрақ. Жайықтың екі жағасын бойлай орналасқан байырғы қалалардың бірі? (Атырау )

10 сұрақ. Атырау қаласы қандай табиғи байлығымен атақты? (мұнай , газ, балық )

11 сұрақ. 1991 ж қазанның 2 сі күні ғарышқа тұңғыш ұшқан ғарышкер? (Т. Әубәкіров )

12 сұрақ. «Ұйқыдағы ару» атанған өлке , еліміздің мұнайы мен газын беріп отырған қазына түбегі ? (Маңғыстау облысы)

13 сұрақ. Маңғыстау облысының орталығы: (Ақтау қаласы)

14 сұрақ. Қазақстан неше мемлекетпен шектеледі? (5 мем – т. Ресей, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Түркменстан)

15 сұрақ. Маңғыстау түбегінің ең терең ойпаты қалай аталады? (Қарақия)

ІІ бөлім:

Ұлт рухы – ұлыларымен мықты!

Рейхстагқа ту тікке Қазақстанның халық қаҺарманы ? (Р. Қошқарбаев)


1912-1957 ж ж өмір сүрген Қазақтың бұлбұл әншісі? (К. Бәйсейітова)
Мен жастарға сенемін өлеңінің авторы ? (М. Жұмабаев)
Қазақтыңң кәсіби ұлттық негізін салушы , қазақ биінің падишасы? (Ш. Жиенқұлова)
Желтоқсан көтерілісің құрбаны , халық қаҺарманы? (Қ. Рысқұлбеков)
Әні тірі ағаның жаны тірі, аралап жүр қазақтың кең даласын, 40 жыл бойы қазақтың даласы мен баласын ән әуенімен әлдилеген ұлы компазитор? (Ш. Қалдаяқов )
Ұлт жанашыры ? (М. Шаханов)
Ғибратты ғұмыр кешкен , ел арасында әулие атанған, 2 ғасырға жуық халқын рухымен қолдап , қорғап келе жатқан кемеңгер тұлға ? (Бекет Мырзағұлұлы)
Атақты қазақ суретшісі, қылқалам шебері? (Ә. Қастеев)
Жеті жарғы заңын кім шығарды? (Тәуке хан)
ІІІ бөлім: Салт – дәстүрім – салтанатым!

Кітапханашы

Салт - кәсіпке, cенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады. Уақыт өткeн сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді.

Дәстүр - ұрпақтaн-ұpпаққa ауысатын, тарихи қалыптасқан ноpмaлаp мен үрдістeр.. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.

Туғаннан соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған салтымыз,

Кең даланың ежелгі

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

-Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
(Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық, Жеті ата, Шашу, Ерулік, Енші, Аманат.)

Сүйінші дегеніміз не ? (- қуанышты хабар әкелушігe берілетін сыйлық. Дүниeге жас нәресте келгeнде, келін түcкенде, алыcтан сағынған адам келгeнде, жоғары атақ беpілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуaнышты хабарлаушы адам сүйінші cұрайды, осы кездe бағалы зат немесе ақша берілуі керeк.)


Айттыру дегеніміз не? (- қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкeсі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шeшесінің айттыруға қарсы емес екендігін білeді. Содaн кейін қызды рeсми түрде айттырaды. Ескі салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың eсімін aтатады. Той қамы, бaсқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кеcілeді.)
«Азан шақыру» -дегеніміз не? (Бала дүниеге келгеннен киін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды.Кейде баланың атын азан шақырып молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баласынң құлағына «сенің атың .....» (баланың аты айтылады) – деп 3 рет қайталайды)
Тоқым қағар (- қазақтың eскі дәстүрі бойыншa, жас жігіт алғаш рeт жолaушы жүргендe бeрілeтін жолaяқ, кәде. Алыc жoлға кеткен жігіт амaн-есен кeлсін, тoқымы жерде қалмaсын деген жақсы тілек білдіруге бaйланыcты бергeн. Тоқым қағуға арнайы қой немеcе қозы сойылады, болмасa қазы-қарта асылады.)
Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
(Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,)

IV бөлім:

«Мақал – сөз атасы»

«Мақал – сөз атасы» (Бұл сайыстың шарты жүргізуші қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап беруі керек.

Мысалы: С: Жыланды інінен қалай шығарады?

Ж: Жылы, жылы сөйлесең,

Жылан інінен шығады )

Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанар)


Тастың жеңілі болама? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дер)
Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, Қасқырдың ойлағаны арамдық)
Жігітті шал деген жөн бе? (Жаман жігіт жасында шал болар)
Адамның қай мүшесі қорқақ, Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
Етікті қонышынан басып киюге болама? (Қолыңнан келсе қонышынан бас)
Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кірер)
Оттан ыстық не бар? (Отан – оттан да ыстық)
Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс - күймейсің)
Шошқаның үргенін көрдің бе? (Ит жок жерде шошқа үреді)
Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз)
Кітапханашы: Болсын елім тыныштықтың тұрағы,

«Жас ұландар» болсын мәңгі қырағы.

Сендерсіңдер жаңа ғасыр жастары,

Болашақтың мәңгі өмір шырағы – дей келе әділ қазылар алқасынан топтардың қорытынды бағасын сұраймыз!

(Әділ қазылар алқасы сайыс қорытындысын жариялап, алға шыққан топ мүшелерін марапаттады.)

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу орта мектебі» ММ

Кітапхана менгерушісі



Сармысова Гүлзира

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет