Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі»



Дата11.02.2017
өлшемі73,93 Kb.
#8974
түріСабақ
Ашық сабақтың мақсаты:

1. М. Әуезовтің «Әнге әуес, күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген ұлағатты сөзін алға ұстап, баланы музыканы сүюге, музыканың ішкі мазмұнын түсінуге, ән салу дағдыларын машықтандыруға, ырғақтық сезімін жетілдіруге үйретуді мақсат етіп қою.

2. Мектепті қадірлеуге, ұстаздарды сыйлауға, мектеп бұйымдарын қастерлеуге, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, адамгершілікті, өз Отанын, елін сүйетін, сезімтал бала тәрбиелеу.

3. Ұлттық өнерге, салт-дәстүрді сыйлауға, халық музыкасы арқылы ақыл-ойы мен дене жағынан дамуды, адамгершілік, тазалық пен өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Туған жердің табиғатын, құстар мен жан-жануарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу



Мезгілі: 27.11.2014ж

Сыныбы: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы: Аңыздан жаралған жетіген.

Сабақтың мақсаты: Арфа тектес аспаптармен таныстыру.

1. Білімділік: Жетіген аспабымен танысу.

2. Дамыту: Ән айту қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке,еңбекқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Музыкалық саяхат сабағы.

Көрнекілігі: Жетіген аспабының суреті,кітап, интерактивті тақта, слайд көрсету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, ән айту, би билеу, баяндау,сергіту.

Жоспар:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Өткен сабақты еске түсіру.

III. Ән айту бөлімі

IV. Қызығушылығын ояту.

V. Жаңа сабақты меңгерту.

VI. Білімдерін тереңдету

VII.Оқулықпен жұмыс

VIII.Сергіту сәті.

IX. Ой толғаныс. Көріп ал

X. Бекіту.

XI. Үйге тапсырма.

XII. Қорытынды.

XIII.Баға қою.

XIV.Биле, биле

XV. Қоштасу



Барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

-Амандасу (би қимылымен)

-Сынып оқушыларын түгендеу.

-Оқушылардың оқу құралдарын реттеу.

-Әнұранды орындау (авторларын сұрау)

-Сынып оқушылардың назарларын сабаққа аудару



II. Өткен сабақты еске түсіру.

I-тоқсандағы тақырыптарға қысқаша тоқталу.

Тұлғаның аты-жөні

Кім болған?

Қандай шығармалары бар?

Құрманғазы Сағырбаев

Күйші

Қайран шешем.

Дина Нүрпейісова

Күйші

Әсем Қоңыр

Дәулеткерей Шығайұлы

Күйші

Қосалқа

Ықылас

Қобызшы

Жез киік

Қазанғап Тілепбергенұлы

Күйші

Көкіл

Тәттімбет Қазанғапұлы

Күйші

Сарыжайлау

-Ұрмалы аспап қалай пайда болған?

-Қазақ халқының ұрмалы аспаптарын ата.

-Қандай ұрмалы аспапты білесің?

-Сыбызғы аспабы қалай пайда болды?

-Сыбызғы тектес қандай аспаптар бар?

-Балаларға арналған музыкадық аспаптарды ата.

III. Ән айту бөлімі

Халық әні «Гүлдерайым»

Халық әні «Қалаулым»

IV. Қызығушылықтарын ояту

Жұмбақ.

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар.

Әуезінен жеті тарау мұң шығар

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар.

Бұл қандай аспап?

(жетіген)
V. Жаңа сабақты әңгімелеу арқылы меңгерту.

Жетіген- жеті ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жетіген – қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.

Тарихы Жетіген – жасалуы да, ойналу әдіс – тәсілі де өте күрделі.

Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетіген аспабы түркі тілдес халықтардың барлығында да бар және өз тілдік атауларымен аталады. Мысалы, татарлар – «етиген», тувалықтар – «жадықан». Хақастар – «шатқан» деп атап, музыкалық аспаптарымызды да этникалық шығу, пайда болунегізінің ұқсас, тектес екендігін байқатады.

Жетіген сөзінің пайда болуы «Жетіген» деген атау тегіндеекі сөзден құралса керек: жеті және ән. Яғни, мұны әндетуші немесе күй шертуші жеті ішек десе де болғандай.

Жетіген туралы аңыз

Ерте кезде бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болған. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы өлгеннен кейін, қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сыңар» деген күй шығарды, үшінші ұлы Жайкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жүлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады.Ең кіші ұлы Қиястан айырылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айырылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің далаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер мұнан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй-пьесасы түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - жетіген деген ұғым береді.

Қазақтың халық әндері-қазақ халқының рухани бай мұрасы. Олай болса сол бізге жеткен мұраларымыздың бірі – халық әні «Балапан қаз»


VI. Білімдерін Тереңдету

Жетіген- Арфа тектес аспап

Арфа — ішегін іліп-тартып ойнайтын муз. аспабы. Арфа ертеде Мысыр елдерінен тараған. Арфа ішегі біртіндеп көбейе келіп, жетілдірілген аспапта 47 ішекке жетті. Орындаушы арфаны тартқан кезде, бұрауын өзгертіп отырады, ол үшін аспаптың аяқ жағындағы жегі баспасы (педаль) пайдаланылады. Арфаның дыбысы жұмсақ Арфа тектес аспапты басқа елден де кездестіруге болады. Мысалы, Хорезм маңындағы Топырақ қаласын қазғанда, сарай қабырғасынан 3 ішекті арфа суреті табылған. 18 ғасыр саяхатшылары П. Даллас, И. Лепехин т.б. қазақтың 7 ішекті жетігенін “лежащая арфа” деп атаған (қ. Жетіген).

VII.Оқулықпен жұмыс:

38-бет Аңыздан жаралған жетіген. Оқушылар кезектесіп оқиды.

Гусли, цимбало аспаптарының суретін слайд арқылы көрсету
VIII. Сергіту сәті

Аспаптар ойыны:Домбыра



Қобыз

Дауылпаз Қимылмен ойнау тәсілдерін көрсету

Сыбызғы

жетіген
IX-ой толғаныс

Қай аспаптың дыбысы?

Аспаптың дыбысы ойнайды, оқушылар қай аспап екенін білу керек.

Жетіген аспабының ойнау әдістерін слайд арқылы көрсету

17-слайд (сыбызғы)

18-слайд (қылқобыз)

19-слайд (дауылпаз, шертер, домбыра)

20-слайд (жетіген)



X. Бекіту

-Жетіген қандай аспап?

-«Жетіген» сөзі қандай екі сөзден шыққан?

- Неден жасалады?

-Басқа аспаптардан айырмашылығы қандай?

-Ертеде ішектері неден жасалған?


XI.Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып, халық әні «Қалаулым» әнін жаттау.



XII.Қорытынды

Сабақты аяқтау. оқушылардан түсінгендерін сұрау



XIII. Бағалау кезеңі

Оқушылардың күнделіктеріне, журналға әділетті бағаларын қою.



XIV.Кел билейік!

21-слайд арқылы оқушылар 3-топқа бөлінген оқушылар

3-түрлі би таңдайды.

Хатуба,Қара жорға,Өзбек биі



XV.Қоштасу

-Сау болыңдар балалар! (Әуендете)

-Сау болыңыз мұғалім! ( Әуенменен)
Ашық сабақтың мақсаты:

1.М.Әуезовтің «Әнге әуес,күйге құмар бала – жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген ұлағатты сөзін алға ұстап, баланы музыканы сүюге, музыканың ішкі мазмұнын түсінуге, ән салу дағдыларын машықтандыруға, ырғақтық сезімін жетілдіруге үйретуді мақсат етіп қою.



2. Мектепті қадірлеуге, ұстаздарды сыйлауға, мектеп бұйымдарын қастерлеуге, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу. Білімді, дарынды, алғыр, өнерлі, адамгершілікті, өз Отанын, елін сүйетін, сезімтал бала тәрбиелеу.

3. Ұлттық өнерге, салт-дәстүрді сыйлауға, халық музыкасы арқылы ақыл-ойы мен дене жағынан дамуды, адамгершілік, тазалық пен өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Туған жердің табиғатын, құстар мен жан-жануарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет