Сабақтың мақсаты: Өткен материалды қайталау, пысықтау; Мектеп, сынып тақырыбына байланысты сөздерді үйрету



Дата17.02.2017
өлшемі123,97 Kb.
#9433
түріСабақ
3 сынып.Қазақ тілі. Күні:

Сабақтың тақырыбы: Менің сыныбым.

Сабақтың мақсаты: Өткен материалды қайталау, пысықтау;

Мектеп, сынып тақырыбына байланысты сөздерді үйрету;

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту;

Ұлттық салт- дәстүрді сақтай отырып, тәртіпті, ақылды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, аудару, іздену, оқу әдісі, т.б.

 

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

 А) Амандасу      Б) Кезекшімен диалог            В) Өткенді қайталау.

 

1.Сұрақ- жауап.

 1. -Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

  ( бокс, күрес, жеңіл атлетика, жүзу, футбол, хоккей, теннис, шахмат,т.б)

 2. Спорт неге баулиды? ( жылдамдыққа-быстроте; ептілікке- подвижнос

 ти; табандылыққа- упорству, күшті болуға).



3. Спорттың қандай түрі ойлауға үйретеді?

-шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ



4. -Ал сендер, балалар, қандай спорттың түрлерімен айналысасыңдар?

Спортпен айналысқан балалар күшті, мықты және ақылды болады.Солай

ғой балалар? Онда білімдеріңді тексерейік.

 

   2. Қызығушылықтарын ояту.



-Грамматикадан қандай тақырыптар өттік? ( көптік пен тәуелдік жалғ).

1.Тапсырма. Нүкте орнына көптік жалғау жалғаңдар.

Мектеп, оқушы, мұғалім, ұстаз, дәптер, күнделік, сынып ( Тексеру).

 

2.Тапсырма.Қазақ тіліне аударыңдар.

Моя тетрадь            Ваша книга             Твоя ручка               Его дневник

 

-Балалар, кім айтады,  бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?  Тақ. шығ.

-Қандай мақсат қоямыз? (ж/с тан; тақырып бойынша сөйлесу; білімді,

Тәртіпті болу).     

                                 II. Сергіту сәті.

                                 III. Негізгі бөлім.



1.Сөздікпен жұмыс.

Жарық- светлый      әдемі- красивый   кең-просторный    орындады-выпол

нил     аяқталды- закончился       қандай?- какой?

Сөз тіркестерін ж/е сөйлем құрастыру.

2. Сыныпта не бар?

3. Кітаппен жұмыс-183 бет.

1-тапсырма.Мәтінді оқы.

Мәтінді оқып,түсінігін айту.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Мәтіндегі сан есімдерді табу.



2- тапсырма. Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрап айт.
3-тапсырма. Екі қатарға бөліп жаз.

 Неше? Нешінші?


4-тапсырма.Сөйлеп үйрен.
                       

       IV Рефлексия.



Қазақ тіліне аударыңдар.

Класс.


Наш класс.

Наш класс просторный,  чистый, светлый.

 

                               V.Қорытынды жасау.



Сабақта нені өттік? Не білдік? Не ұнады?Сендердің сыныптарын қандай?

 

                              VI. Үй жұмысы. ж/с.; сынып туралы айта білу. 184-бет.5-тапсырма.



                             VII. Бағалау.

                             



7 сынып. Қазақ тілі. Күні:

Сабақтың тақырыбы:Интернет деген не?

Мақсаты: Оқушыларға Интернет желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс жасауды үйрету

А) Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру


Ә) Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

Көрнекілік: компьютер, кітап-журналдар, тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану

Сабақтың түрі: тест технологиясын пайдалану

Сабақтың жоспары:

 І. Ұйымдастыру кезеңі.


а.Салеметсіздер ме балалар, отырыңдар!

Бүгін сыныпта кім кезекші?

Сабақта кім жоқ?

ә. Оқушылармен сұарақ-жауап.


 ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау.
 ІІІ. Жаңа білімді игеру.

Интернет деген не?

Сөздікпен жұмыс.

Сөздерді оқып,сөз тіркесін,сөйлем құрастыру.



Байланыстыру-связаться, дүниежүзілік-всемирный, ауқымды-обширный, басқару-управлять, көмегімен-с помощью, қашықтан-дистанционно, торап-сеть.
1-тапсырма.Мәтінді оқып,мазмұнын ашатын негізгі сөйлемдерді теріп жазыңдар.
2-тапсырма.Мәтін бойынша сөйлемнің дұрыстығын тексеріңдер.

3-тапсырма.Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын анықтаңдар.

Термин сөздерге ұғым беру, мысалдар келтіру.

4-тапсырма.Үш деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

III-деңгей

1.Мәтінді түсініп оқып,сұрақтар дайындаңдар.

2.Мәтіннен табыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазып,сөз құрамына қарай морфологиялық талдау жасаңдар.

II-деңгей.

Мәтінмен танысып,төмендегі берілген сұрақтарға жауап беріңдер.



Сұрақ:Интернет тағы да қандай мүмкіндіктер ұсына алады?
Сабақты қорыту:

I-деңгей.

Жоғарыда берілген мәтіндерге сүйене отырып,Интернет туралы айтып беріңдер.



Үйге тапсырма: 235-бет.5-тапсырма.

Бағалау.

8-сынып. Қазақ тілі. 
Сабақтың тақырыбы: Күн тәртібім.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Күн тәртібі кестесімен таныстыру; Тәуелді септеу,біріккен сөздер туралы түсінік беру; 
Дамытушылық: Мәтін арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; Тәуелді септеуді қолданыста пайдалануға жаттықтыру; 
Тәрбиелік: Уақытты дұрыс үнемдеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: оқулық, тақта, суреттер. 
Сабақтың типі: білім беру, ауызекітілде сөйлету 
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық жұмыс 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру) 
II. Жаңа сабақ 
1.Сабақ сөздік жұмысымен басталады: 
а) ояну-просыпаться 
шешіну-раздеваться 
серуендеу-гулять 
орындау-выполнять 
кесте-график 
ауысым-смена 
біраз-немного 
ұйықтар алдында-перед сном 
б) жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлемдер құрау 
2. Тірек сұрақтарға жауап алу арқылы оқушыларды сөйлету: 
- Сен сағат нешеде оянасың? 
- Таңертеңгі асты нешеде ішесің? 
- Мектепке дейін немен барасың? 
- Мектепте сабақ нешеде аяқталады? 
- Қай уақытта үйге келесің? 
- Қанша уақыт үй тапсырмасын орындайсың? 
3. Таблица арқылы тәуелді септеу туралы түсіндіру. 

Септіктер Тәуелдік жалғаудың I,II жақтарынан кейін Тәуелдік жалғаудың III жағынан кейін 
Атау септік 
Ілік септік 
Барыс септік 
Табыс септік 
Жатыс септік 
Шығыс септік 
Көмектес септік - 
-ның, -нің 
-а, -е 
-ды, -ді 
-да, -де 
-нан, -нен 
-мен - 
-ның, -нің 
-на, -не 
 
-нда, -нде 
-нан, нен 
-мен 

III. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары. 
1-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құраңдар. (Күн тәртібі бейнеленген суреттерге қарап әңгіме құрайды) 
2-тапсырма. Диалогты толықтырып,өзара сөйдлесіңдер. 
3-тапсырма. «Менің күн тәртібім» мәтінін оқып, мәтін желісі бойынша әр оқушы өзі туралы әңгіме жазады, бір-екі оқушыға дауыстатып оқытуға болады. 
4-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрап,орыс тіліне аударыңдар.Сөйлемдер құраңдар. 
Күн демаламын 
бесінші ас 
уақытты жинаймын 
күн тәртібімнің тапсырмасы 
төсегімді ауысым 
таңертеңгі дұрыс пайдалану 
үйден тәртібім 
бірінші алыс емес 
біраз пәтерде 
үй кестесі 
5-тапсырма. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар. 
Он екіде, сыныпта, пәтерде, отбасымда, уақытта, тәртібімнің, кестесін, төсегімді, асымды, мектепке, үйден, ауысымда, үйге, теледидар, кітап. 
Жай септіктегі сөздер Тәуелді септіктегі сөздер 
... ... 

6-тапсырма.Төменде берілген сөздерді мағынасына,бірігу жолдарына қарай талдаңдар.
IV. Сабақты қорыту: 

-Балалар, сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? 
-Сабақта не істедік? 

-Күн тәртібі неге керек? 
Адамды тәртіпке үйретеді. Уақытты үнемдейді. 
Денсаулықты сақтайды.

Сөйлемдерді етістіктермен аяқтау арқылы: 
Мен таңертең .... 
Беті-қолымды .... 
Тісімді жақсылап .... 
Сосын таңғы асты .... 
Мектепке көлікпен.... 
Сабақтан бірде .... 
Үйге екіде .... 
Түскі асымды .... 
Демалып біраз .... 
Содан ертеңгі сабақты .... 
Сағат онда ұйқыға .... 
V. Үйге тапсырма: 211-бет. 3-тапсырма.
VI. Оқушылардың жауабын, білімін бағалау. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет