Сабақтың тақырыбы: Түстер (Тәуелдік жалғаудың оңаша түрі). Сабақтың мақсаты



Дата09.06.2018
өлшемі0,76 Mb.
#42201
түріСабақ
3 «Б» сыныбындағы «Түстер» тақырыбындағы ашық сабақ жоспары


Өткізілген күні:

14.03.17.

Cыныбы:

3 «Б»

Сабақтың тақырыбы:

Түстер (Тәуелдік жалғаудың оңаша түрі).


Сабақтың мақсаты:


Оқушылар түстерді ажыратуға үйренеді, түстердің атауларын қазақша орысша, ағылшынша айта алады, тәуелдік жалғаудың оңаша түрі туралы түсінік алады.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талқыға салу, әңгіме, демонстрация.


Көрнекілігі:

Бағалау парағы, презентация, рефлексияға арналған құралдар, түстер, көңіл күй білдіретін смайликтер, жасыл және қызыл түсті сигналдар.

Сабақтың барысы:


Кезең

Мұғалімнің қызметі

Оқушылардың қызметі

І.Ұйымдастыру кезеңі:


  • Сәлеметсіз бе, оқушылар!

  • Жақсы, отырыңыздар.

  • Балалар, тақтаға назар

аударыңыздар, көріп отырғанымыздай тақтада көңіл күй білдіріп тұрған тамаша смайликтерді көріп тұрсыңдар: қызыл смайлик – көңіл күйім жоқ, сары смайлик – көңіл күйім орташа, жасыл смайлик – көңіл күйім тамаша. Ал енді менің сұрағыма жауап беріңіздерші:

  • Көңіл күйлеріңіз қандай?

  • Тамаша, сабақ барысында тағы

да сұрайтын боламын.

- Сәлеметсіз бе, мұғалім!

(Оқушылар отырады).



(Оқушылар тиісті смайлик көтереді).



ІІ. Психологиялық дайындық:


  • Ал енді, балалар, бүгінгі

сабағымызды өлеңнен бастайық:

  • Кел, бала, сабақ баста!

Саша: Жаз, оқы, сөйле, тыңда!

Настя: Айт, зертте, тексер, сұра!

Олег: Шаршама да, демалма!

Тохтамыз: Қазақ тілің үйренсең,

Настя (Пр.): Көп ұтасың сен ертең!

ІІІ. Сабақтың ережесі:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың

ережесін ұғып алайық:

нәрсені түсінбесеңіз немесе мұғалім көмегі керек болса, қызыл түсті жоғары қарай көтересіз, ал егер жауабыңыз дайын болса, жасыл түсті жоғары қарай көтеріңіздер.

Тыңдайды.

IV. Тақырыпқа көшу:


«Кемпірқосақ қайдан пайда болады?» бейнефильмін қосамын.

  • Енді, балалар, келесі менің

сұрақтарыма жауап беріңіздерші:

  • Фильм не туралы?

  • Кемпірқосақ – радуга –

rainbow.

  • А из чего состоит радуга?

  • Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі

сабағымыздың тақырыбы қалай болады?

  • Бүгінгі сабақта, балалар,

әрқайсымыз өз гүлімізді құрастыруға тырысамыз (тақтадағы бағалау критерийі ретінде ілініп тұрған гүлді қалай толтыру керектігін түсіндіремін).

  • Бір жылда неше жыл мезгілі

бар?

  • Бір жылда неше ай бар?Бір

аптада неше күн бар?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктемнің неше айы бар?

  • Қандай?

  • Қазір қандай ай?

  • Бүгін наурыздың нешесі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • Біздің Отанымыз қандай

мемлекет?

  • Елбасы кім?

  • Мемлекеттік тіл қандай тіл?

  • Ребята, сегодня мы будем

проходить тему «Цвета», как вы думаете, что мы должны знать к концу урока?

  • Ребята, как вы думаете, а

почему вместе с казахским и русским языком мы изучаем слова на английском языке?

  • Жарайсыңдар, кәне, Саша,

елбасымыздың сөздерін оқышы.

Оқушылар қарайды, сұрақтарға жауап береді:

  • Кемпірқосақ туралы.

  • Кемпірқосақ – радуга –

rainbow (хормен қайталайды)

мезгілі бар.

  • Бір жылда он екі ай

бар.

  • Бір аптада жеті күн бар.

  • Қазір көктем.

  • Көктемнің үш айы бар.

  • Наурыз, сәуір, мамыр.

  • Қазір наурыз айы.

  • Бүгін наурыздың он

төрті.

  • Бүгін сейсенбі.

  • Біздің Отанымыз –

Қазақстан.

  • Елбасымыз –

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Мемлекеттік тіл – қазақ

тілі.

  • Уметь различать цвета.

  • Потому что наш

президент сказал что казахстанцы должны знать три языка.

(Саша тақтадағы елбасының сөздерін оқиды).



V.Үй тапсырмасын тексеру.


Үй жұмысын тыңдап болғаннан кейін бағалау парағындағы гүлге бір-бір жапырақтан қосады.

Саша мен Настя түрлі-түсті орамалды алып, қойылым көрсетеді:

  • Сәлем, Настя!

  • Сәлем, Саша!

  • Ооо, сен бүгін

кереметсің! Орамалың қандай күшті!

  • Иә, маған түрлі-түсті

орамалдар ұнайды, мына орамалда қызыл, сары, көк, ақ, жасыл түстер бар.

  • Жарайсың, Настя, сен

түстерді жақсы біледі екенсің!

  • Мен ағылшынша да

білемін: it`s red, it`s green, it`s yellow, it`s white and it`s black.

Олег пен Тохтамыз жобалық жұмысты ұсынады «Түстер қалай пайда болды?»

Мұғалім бағалайды (гүлге бір жапырақ қосады)

VІ. Ойлан тап.

Мұғалім интерактивті тақтада берілген кестені толтыруға ұсыныс береді.

Оқушылар орындайды, парақтарын ауыстырып, бір-бірін бағалайды.

Бір-бірін бағалау (тиісті сұрақтарға жауап бергені үшін гүлге бір жапырақ қосады немесе қоспайды)

VІІ. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Басты онға бұрамыз,

Басты солға бұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып аламыз.



Сергіту сәтін қайталайды.


VIІI. «Жолдан өту» ойыны

  • Жақсы орнымызға отырамыз,

түстер бізге керек пе? Не үшін керек? Ал жолдан өтуге олар бізге қалай көмектеседі? Мынау не? Ол қалай істейді?

  • Жарайсыңдар, енді жолдан өту

ойының ойнайық. Мен сендерге қызыл түсті көрсетсем, сендер орындарыңда отыра бересіңдер, сары түсті көрсетсем - тұрасыңдар, ал жасылды көрсетсем – жүре бересіңдер.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

Ойнайды.



ІХ. Грамматикалық тапсырма

  • Оқушылар, бүгінгі біздің

грамматикалық тақырыбымыз: тәуелдік жалғаудың оңаша түрі. Тақтаға назар аударыңыздар, бір қайталап өтейік. (Тәуелдік жалғаудың кестесін ұсынамын, «дәптер» сөзін тәуелдеуге ұсыныс беремін).

  • Оқушылар, жазар алдында

жаттығу істейік:

  • Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Алақанды ашамыз,

Бесті беске қосамыз.


Орындайды

Мұғалім бағалайды (тиісті сұрақтарға жауап бергені үшін гүлге бір жапырақ қосады немесе қоспайды)

Х. Сұрақ-жауап

Оқушыларға тапсырма бар үлестірмелер беріледі, оларға сұрақтарға жауап беру керек:


Шөп (трава)

жасыл

Аспан (небо)

көгілдір

Апельсин

қызғылт сары

Күзгі жапырақ (осенние листья)

сары

Шие (вишня)

қызыл

Қар (снег)

ақ

Теңіз (море)

көк

Жауаптарды тыңдаймын, бағалаймын.



Өз бетімен орындайды.

Осы кезде «Температура өлшеу» кері байланысы өткізіледі, яғни мұғалім оқушыларға жұмыс барысында сұрақ қояды:

  • Не істеп жатырсыңдар?

  • Бұл тапсырманы қалай орындайсыңдар?

  • Не үшін бұл тапсырманы орындау керек?

Өзін-өзі бағалау (6-7 жауап дұрыс болған оқушыларға бір жапырақ қосады)

ХІ. Соңғы станция «Киімдер»

Оқушыларға түрлі-түсті киімдер салынған үлестірмелер беріледі, киімді атап оның түсі жайлы сөз тіркесін құрастыру керек.




Осы кезде «Әдейі қате түсінік беру» кері байланысы өткізіледі, яғни мұғалім оқушыларға жұмыс барысында әдейі қате түсінік береді, ал оқушы мұғалім сөзін жоққа шығаруы тиіс. Мысалы: Оқушы «қызыл көйлек» десе, мұғалім «жоқ, бұл көйлек қызыл емес, бұл көйлек - сары» деп айтады, ал оқушы көйлектің қызыл екенін дәлелдейді.

Мұғалім бағалайды (тапсырманы тез әрі дұрыс орындаған оқушылардың гүлдеріне бір жапырақ қосады немесе қоспайды)

ХІІ. Фонетикалық жаттығу.

Тақтада түстердің бірінші буындары жазылып тұрады, оқушыларға түстің атауын айту керек:

Қо-қо-қо – қоңыр

Қа-қа-қа – қара

Қы-қы-қы – қызыл

Са-са-са – сары

Қыз-қыз-қыз – қызғылт



Жа-жа-жа – жасыл



Оқушылар қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді.

ХІІІ. Бағалау.

Оқушылардың гүлдеріндегі жапырақтарының саны бойынша баға қойылады.

Күнделіктерін береді.

ХІV. Үйге тапсырма.

Кемпірқосақ салу және түстерді атап шығу.

Жазып алады

ХV Рефлексия.

Оқушыларға сабақтан қандай әсер алды деген сұраққа смайликпен жауап беруге ұсыныс беремін: қызыл – сабақты түсінбедім, сары – мұғалімге қояр сұрақтарым бар, жасыл – бәрі түсінікті.

Орындайды.


Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының

«Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты» КММ

Қазақ тілі пәні бойынша 3 «Б» сыныбындағы «Түстер» тақырыбы бойынша

өткізілген ашық сабақ



Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ю.В.Байманова

14 наурыз, 2017 жыл




«Түстер» тақырыбы бойынша 3 «Б» сыныбында өткізілген ашық сабақтың өзіндік талдауы
Күтілетін нәтиже:


  • оқушылар «Тілдердің үштұғырлығы» мемлекеттік идеяны жүзеге асыру барысында өз үлестерін салады;

  • оқушылар түстерді ажыратуға үйренеді;

  • түстердің атауларын қазақша, орысша, ағылшынша айта алады;

  • тәуелдік жалғаудың оңаша түрі туралы түсінік алады;

  • формативті бағалаудың және кері байланыстың тиісті формалары арқылы жетістікке қалай жетуге болатынын түсінеді;

Сабақты ұйымдастыру кезеңі амандасудан басталады: оқушылар мұғаліммен

амандасады, отырады.

Психологиялық дайындық барысында оқушылардың көңіл күйлері сұралады, олар қызыл, сары және жасыл түсті смайлик арқылы жауап береді, барлық оқушылар жасыл смайликті көтерді, бұл «Көңіл күйлеріміз тамаша!» деген мағынаны білдіреді.

Сабақтың ұраны ретінде әрбір оқушы бір-бір өлең жолдан айтып береді.

Сабақтың ережесі анықталады:


  • егер жауап дайын болса жасыл түсті карточканы жоғары қарай көтереді;

  • егер мұғалімнің көмегі керек болса қызыл түсті карточканы жоғары

қарай көтереді.

Кері байланыстың осы әдісі қолайлы, өйткені, балалар шуламайды, мұғалімге деген сұрақтарын дауыстап сұрамайды, басқаларға кедергі жасамайды. Алайда, осы әдісті сабақта бірінші рет қолданылды, сондықтан да оқушылар көбінесе қол көтеріп, карточкаларды көтерген жоқ, нашар оқитын оқушы Полухин Олег карточкаларды мүлдем көтерген жоқ, баяу оқушы Жаканов Тохтамыз үздік оқушылардың жасыл карточкаларын көріп, асығады, сонын салдарынан тапсырмаларды дұрыс орындамайды, кейде шамданады.



Бағалау критериі ретінде әрбір оқушыға бес жапырақты гүл құрастыруға ұсыныс берілді. Сабақ барысында бес тапсырма жоспарланды. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға бір жапырақ берілді.

Сабақтың тақырыбына көшу «Кемпірқосақ қайдан пайда болады?» бейне фильмнен басталады.



Күні мен сабақ тақырыбын дәптерлерге жазып алу үшін оқушылар мұғалім сұрақтарына жауап береді, жыл мезгілдері туралы ағылшынша төрт жолдық өлең қайталайды.

Сабақтан күтілетін нәтижені де оқушылар өздері баяндайды. «Сабаққа не себептен ағылшын тілі кіріктіріледі?» деген сұраққа жауап беру барысында оқушылар Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы» идеясы жайында айтқан сөздерін әңгімелеп береді.



Озық тапсырма ретінде берілген үй тапсырмасын да оқушылар сәтті орындады. Диалогты дайындаған Титаренко Александра және Вальтер Анастасия қазақша және ағылшынша сөйлеп, түстерді атап шықты. Жаканов Тохтамыз бен Полухин Олег «Көгілдір мен қызғылт түс қалай пайда болды?» деген тақырып бойынша шағын жоба дайындады. Аталған екі оқушы үлгірімі төмен оқушылардың қатарында, сондықтан да, тапсырманы қазақ тілінде әңгімелеп беруге дайындалған оқушылар, нәтижесінде өз ойларын орысша жеткізді.

Үй тапсырмасы үшін мұғалім бағалайды (гүлге жапырақ қосу арқылы).

Сабақтың келесі кезегінде интерактивті тақтада берілген кестені толтыру ұсынылады, яғни тақтада қазақша, орысша және ағылшынша берілген түс атауларын толықтыру керек болатын. Бұл тапсырманы орындауда мұғалімнің қатесі алдын-ала керекті сөздерді берілмеуі, сондықтан да оқушылар ағылшын сөздерді орысша әріптерімен жазып шықты.

Осы тапсырманы орындап болғанна кейін бір-бірін бағалауы жоспарланды.



Мұғалім сергіту сәтін өткізіп болғаннан кейін «Жолдан өту» ойынын өткізеді. Ойынның шарты бойынша мұғалім бағдаршамның түстерін көрсету арқылы оқушыларды жүруге немесе тоқтауға жұмылдырады. Осы сәтте мұғалімге бірқатар өткізіп жіберіп, бірнеше рет оқушылардың біреуін жүргізуші қылдыруға болатын еді.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: «Тәуелдік жалғаудың оңаша түрі». Осыған байланысты оқушылар бір-бірден тақтаға шығып, «дәптер» сөзін тәуелдейді, мұғалім тапсырманы орындағаны үшін гүлге жапырақтарды қосады.



Келесі тапсырма – сәйкестендіру, яғни заттарды керекті түстермен сәйкестендіреді.

Осы кезде «Температура өлшеу» кері байланысы өткізіледі, яғни мұғалім оқушыларға жұмыс барысында сұрақ қояды:


  • Не істеп жатырсыңдар?

  • Бұл тапсырманы қалай орындайсыңдар?

  • Не үшін бұл тапсырманы орындау керек?

Тапсырманы орындап болғаннан кейін өзің-өзі бағалайды.

«Киімдер» атты соңғы тапсырманы орындауда «Әдейі қате түсінік беру» кері байланысы өткізіледі, яғни мұғалім оқушыларға жұмыс барысында әдейі қате түсінік береді, ал оқушы мұғалім сөзін жоққа шығаруы тиіс. Мысалы: Оқушы «қызыл көйлек» десе, мұғалім «жоқ, бұл көйлек қызыл емес, бұл көйлек - сары» деп айтады, ал оқушы көйлектің қызыл екенін дәлелдейді.

Сабақты қорытындылау мақсатында фонетикалық жаттығу жүргізіледі. Мұғалім қазақша оқушыларға түстің атауының бір буынын айтады, ал оқушылар түстің атауын аяқтап, оны орысшаға және ағылшыншаға аударды.

«Бағдаршам» ретіндегі сабақтың рефлексиясы өткізілді. Оқушылардың көтерген түстерінің бәрі жасыл болып шықты. Бұл – «менің көңіл-күйім тамаша, маған сабақ өте ұнады, осындай сабақтарды жиі өткізсе...» деген тілекті білдіреді.





Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ю.В.Байманова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет