Сабақтың тақырыбы:
|
Абзацтар, шегіністер және интервалдар
|
Сынып: 6 «А»
|
Күні: 17.01.2017ж.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылар абзац, шегініс, интервал туралы толық ақпарат алуы керек.
Берілген тақырыпты практика жүзінде қолдана алуы керек.
|
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
|
Жұптық жұмыс, жеке жұмыс, келесі сұрақтар
|
Күтілетін нәтиже:
|
Мен абзацтың не екенін білемін.
Мен шегіністің не екенін білемін.
Мен интервалдың не екенін білемін.
Мен бүгінгі өткен тақырыпты практикада қолдана аламын.
|
Сабақ жоспары:
|
Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин
Амандасу, оқушыларды тексеру
психологиялық ахуал туғызу,топқа бөлу.
Үй тапсырмасын қайталау «Блиц» сұрақ
Жаңа сабақты меңгеру
Бекіту
приактикалық жұмыс (жеке жұмыс)
Қорытынды
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру.
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
1. Қызығушылығын ояту:
Психологиялық тренинг өткізу.
топтарға бөлу «абзац» «интервал»
|
Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады.
Топқа бөлініп, өз орындарына отырады.
|
2. Үй жұмысын қайталау
1. Оқушылар бір-біріне «Келесі» батырмасын ұсыну арқылы сұрақ қояды, қойылған сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда «келесі» деп келесі оқушыға ұсынады.
2. 1-топ Мектепаралық олимпиада туралы хабарландыру жасау.
2-топ «Алтын күз» туралы хабарландыру жасау.
Бағалау: оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы бағалау.
|
1. Оқушылар бір-біріне «Келесі» батырмасын ұсыну арқылы сұрақ қояды, қойылған сұрақтарға жауап береді. Жауап бере алмаған жағдайда «келесі» деп келесі оқушыға ұсынады.
2 . Жеке тапсырма орындайды.
|
2. Жаңа сабақты меңгеру:
мен неліктен сендерді осы аттар арқылы топқа бөлдім деп ойлайсыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын өздерің айта аласыңдар ма?
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Абзацтар, шегіністер және интервалдар»
Осы тақырыпты меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жасайсыздар. Тақырыпты оқый отырып, постер қорғайды. Берілген тақырыпты осы қалған екі топқа түсіндірулеріңіз керек. Алдарыңызда сіздерге көмекші ақпараттар берілген соның ішінен керекті суретті таңдап алуларыңа болады. Әр топқа барлық оқушы ат салысуы тиіс.
1 топ қорғайды 2 топ сұрақ қояды.
2 топ қорғайды 1 топ сұрақ қояды
|
Әр топ оқушылары оқулықты оқиды. Берілген тақырып бойынша әр топ постерді және интерактивті тақтада қорғайды.
|
Сергіті сәті:
|
Жұмбақ шешеді:
1 - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор – монитор-monitor)
2. Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)
|
Сабақты бекітіу:
Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру.
|
Оқушылар берілген тапсырманы компьютерде жеке-жеке орындайды.
|
Қорытынды бүгінгі сабақта біз қандай тақырыпты өттік?
Алған біліміміз бізге не үшін керек?
Бағалау
|
Алған білімдерін түйіндейді.
|
Үй тапсырмасы §18, 103 бет
106 беттегі сұрақтарға жауап беру
|
Үй жұмысын күнделікке жазып алады
|
Ой толғаныс
|
Әр топ бүгінгі сабақтан алған білімдері мен әсерлері бойынша “Ой қозғау“ БҮҮ
жазып іледі.
|