Әртүрлі топырақ.
Суреттерді салыстыру. Су басқан және құрғақ алқаптың суретін көрсетіп, салыстыру. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту. Суреттер бойынша қойылатын сұрақтар:
Суреттерде не бейнеленген?
Оларға не ортақ?
Олардың ерекшеліктері неде?
Суреттегі өсімдіктер өсіп тұрған жердің топырағы жайлы не айтар едіңдер?
Неліктен бір алқапта су топыраққа сіңбеген? Екіншісінде сіңіп кеткен деп ойлайсың?
Олардың қайсысы құнарлырақ?
Зертте. Өрік ағашын отырғызу үшін қандай топырақ қолайлы?
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқулықтағы кесте бойынша жұмыс жасау. Берілген кестедегі ақпараттарға талдау жасау.
Сұрақтармен жұмыс:
- Кестеде топырақтың қандай түрлері
- Әр түрлі топырақта ағаштың биіктігі әр жылда қалай өзгереді?
- Ағаштың биіктігі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?
- Оны басқа өлшем бірліктерімен алмастыруға бола ма?
- Жеміс ағашының көшетін отырғызу үшін берілген кестедегі деректерді қалай қолданасыңдар?
- Қай жылдар бойынша салыстыру жасалған?
3. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Кесте берілген мәліметтерді пайдаланып, зерттеуші күнделігіне диаграмма салу, көшет биіктігін жылдарға байланысты сантиметрмен көрсету. Әр топыраққа белгілі бір түсті таңдап, бағандар салу.
• Қорытынды шығару: Ойды аяқта. Жеміс ағашын (өрікті) құнарлы топыраққа отырғызса, тез өседі. Өйткені......
Ең құнарлы топырақ – қаратопырақ екенін өздері айтуға бағыттау. «Қаратопырақ» сөзінің мағынасын түсіндіру үшін мәтінмен жұмыс жасау.
Мәтінмен жұмыс.
Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Үштен бірігу. Біріншісі – қаратопырақ, екіншісі- сазды топырақ, үшіншісі-құмды топырақ рөліне еніп, өздері туралы ақпараттарды бір-біріне айту. Мысалы: Мен-қаратопырақпын. Менің қабатым 1 м жетеді. Менің бойымда қоректік заттар көп. Менде өскен өсімдік жайқалып өседі тсс.
Топырақ және адам. Топтық жұмыс.
Топырақты құнарландыру жолдарын топпен ақылдаса отырып кестеге жазу және өз ойларымен басқа топтармен бөлісу.
Топырақты құнарландыру жолдары:
1.
2.
3.
6. Ойлан.
- Қыста топырақта қандай өзгеріс болатынын сұрау. (Ол қардың астында тынығады.)
- Көктемде қар қайда кетеді? (Қар ериді, суы топыраққа сіңеді)
- Адам құрғақ топырақты барынша ылғалмен қамтамасыз ету үшін не істеуі қажет? (Қыс мезгілінде алқаптарға көбірек қар үю қажет.)
Осындай әрекет «қар тоқтату» деп аталатынын айту. 7. Сен білесің бе? Өсімдік тіршілігіндегі топырақтың маңызы жайлы айту.
|