Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты. - Тыңдау, көру арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
- Білімділік: Лексикалық сөздік қорын байыту.
- Дамытушылық: Айтылған сөздерді, сөйлемдерді түсінуге және қолдана білуге дағдыландыру.
- Тәрбиелік: Дос бола білуге тәрбиелеу.
-
Сабақтың типі: жаңа сабақ - Сабақтың типі: жаңа сабақ
- Сабақтың әдістері: түсіндіру, топпен, жеке оқушымен жұмыс.
- Сабақтың көрнекіліктері: сюжетті суреттер, слайдтар, интерактивті тақта.
- Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, математика.
- Меңгерілетін сөздер: сандар 1 – 10, жануарлар атаулары.
- Дидактикалық ойын: «Не артық?», «Салыстыр».
Сабақтың жоспары: - Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық тренинг
- Өткен сабақты қайталау.
- Жаңа сабақ.
- Сабақты бекіту.
- Сабақты қорытындылау.
- Үйге тапсырма.
- Бағалау.
- Ертегі бойынша
- тапсырмалар
- -Кемеде неше жолаушылар болды?
-Неше жолаушылар қосылды? - -Неше жолаушылар қосылды?
-Енді неше жолаушылар болды? - -Енді неше жолаушылар болды?
- Кемедегі жолаушыларды атаңдар?
Қайсысы көп? Фонетикалық жаттығу. - - АУ, -АУ, -АУ КІШКЕНТАЙ
- - ЫН, -ЫН, -ЫН ЖҮЙРІК
- - АҚ, -АҚ, -АҚ АҚ
- - ЗЫ, -ЗЫ, -ЗЫ МОМЫН
- - ТА, -ТА, -ТА ӘДЕМІ
4-ші артықты тап Мәтінді тыңда, оқы. - Түйе
- Түйеге жүк арту қолайлы. Әуелі шөгеріп болған соң, жүкті асықпай артасың. Содан соң тұрғызып, бір – біріне тіркеп, он шақтысын бір адамға жетелетеді.
- Түйенің жас туған ботасы сондай сүйкімді болады. Екі көзі қап – қара. Оған көз тимесін деп, мойнына қызыл жіп байлап қояды.
- Түйенің сүті – ертеден халқымыздың басты бір тағамы. Түйенің шұбаты әрі сусын, әрі тамақ . Оның емдік қасиеті бар. Өкпе, асқазан, ішек ауруларын шұбатпен емдейді.
- Түйенің жүні де өте бағалы. Әр түйе бес-он килограмм жүн береді. Түйенің еті, өркешіне жиналған майы да пайдалы.
- ( Н. Қазыбеков)
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. - Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Түйе қандай жануар?
- Түйенің төлі қалай аталады?
- Түйенің адамға қандай пайдасы бар?
Жылқы - Жылқы
- Жылқы біздің заманымыздан алты – жеті мың жыл бұрын қолға үйретілген. Ол – жер жүзіне тараған түлік. Жылқының жүйрігі, жорғасы, жүк тартатыны бар.
- Жылқы – суыққа төзімді мал. Жылқының қымызы жетпіс түрлі ауруға ем.
- Тарихта аттары қалған жылқылар да бар. Олар ер азаматқа серік болған аттар. Олар: Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ақанның Құлагері.
- ( Н.Қазыбеков)
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. - Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Жылқы қашан қолға үйретілген?
- Жылқының ерекшелігі неде?
- Қымыз туралы не білдің?
- Тарихта аты қалған жылқыларды білесің бе?
Сиыр. - Сиыр.
- Сиырдың адам тіршілігі үшін үлкен пайдасы бар. Сиырдың сүтінен жасалған тамақтың түрі көп. Олар: құрт, май, ірімшік, қаймақ, айран, қатық, сүзбе. Ертеде сиырды көлік үшін де пайдаланған. Жер шарында мұндай елдер әлі бар.
- Орта есеппен әрбір сиыр жылына үш мың, төрт мың литрден сүт береді.
- Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер
- Сиырдың адамға қандай пайдасы бар?
- Орта есеппен сиыр жылына неше литр сүт береді?
Қой. - Қой.
- Қой төрт түліктің ішіндегі аса жуасы, момыны. Үстіміздегі киген тонымыз, аяғымыздағы пимамыз, басымыздағы тымағымыз бәрі де қойдың терісінен жасалған.
- Қойдың еті мен сүті – өте дәмді ас. Республикамызда қаракөл қой, меринос қой, қазақы қой өсіріледі.
- Қойдың жейтін шөбі – изен мен жусан. Қойдың жасына қарай қозы, марқа, бағлан, ісек, саулық деп атайды.
- ( «Жыл он екі ай» жинағынан)
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. - Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Қойдың адамға қандай пайдасы бар?
- Қойдың түрлерін ата.
- Үй жануарлары.
- Адам баласы пайдаланатын үй жануарлары өте көп. Үй жануарлары: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі.
- Адам жылқы, сиыр, түйе, ешкі, қойды ертеден –ақ пайдаланып келеді. Сиырдың сүтін, етін, майын, терісін кейінірек пайдалана бастаған. Сүттен айран, май, ірімшік, құрт жасайды.
- Биенің сүтінен қымыз ашытады. Түйенің сүтінен шұбат жасайды.
- Үй жануарларын адам көлік ретінде де пайдаланады. Атты мінеді, арбаға жегеді, өгіздің күшін пайдаланады. Итте адамға көп пайда келтіреді. Ит малды қорып, үйді күзетеді. Үй жануарларын қора-жайда ұстайды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. - Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Қандай үй жануарларын білесің?
- Сүттен қандай тағамдар жасайды?
- Ит туралы не білдің?
Не жейді? - Не жейді?
- БАЛЫҚ
- СӘБІЗ
- ЕТ
- ШӨП
Сурет бойынша әңгімеле. Жұмбақтар. - Жұмбақтар.
- Кезікті бір жануар,
- Үстінде екі тауы бар.
- Жарға шығып ойнайды,
- Ойынға бір тоймайды.
- Болса – дағы сақалы,
- Секеңдеуді қоймайды.
- Кішкентай ғана бойы бар,
- Айналдырып киген тоны бар.
Достарыңызбен бөлісу: |