Қой және ешкі етінің пайдасы



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі195,25 Kb.
#110012
  1   2   3   4
Байланысты:
қой, ешкі еті. Ералина А.
таланты первокурсников — копия

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау Университеті КеАҚ

С.Садуақасов атындағы аграрлы-экономикалық институты

“Механикаландыру және мал шаруашылығы” кафедрасы

 
“Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы” пәнінен 

 

Р Е Ф Е Р А Т



Тақырып: Қой және ешкі етін өндіру

 

 



 

 


Орындаған: ТППЖк-81 тобы, Ералина Айман

Тексерген: аға оқытушы Алпысов А.Р.

 


Көкшетау қ., 2021 ж

Жоспар:

  1. Қой мен ешкі шаруашылығы;

  2. Қой және ешкі етінің пайдасы;

  3. Қой мен ешкі етінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндылығы;

  4. Қой мен ешкіні бордақылау;

  5. Етті тұқымдағы қой мен ешкілер;

  6. Қорытынды;

  7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше. Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді.

Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.

Ешкі шаруашылығы құнды және жоғары енім беретін малшаруашылығы болып саналады. Ешкіні ет, сүт, түбіт, жүн, тері өндіру үшін өсіреді. Е., әсіресе лақ, серке еті дәмді, сіңімді келеді. Түбіті мен жүнінен жеңіл, әрі берік орамал, қолғап, басқа да киімдер тоқылады. Терісінен жоғары сапалы шевро, замш, лайка былғарысы жасалады. Сүйегі, мүйізі, тұяғынан желім жасайды, ішегінен музыкалық аспаптарға ішек иіреді. Ешкі сүті емшектегі балаға жұғымды, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт, айран, т.б. тағамдар дайындалады. Ешкі өсімтал келеді, екісінің бірі егізден, үштен лақтайды. Ешкі тұқымын асылдандыру, күтімі мен азықтандыруын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның өнімділігін арттырады. Ешкі жылына бір рет кырқылып, бес айға дейін сауылады.

Қой етінің пайдасы – оның құрамындағы магний, йод, калий, темір, В тобы дәрумендерінің кешені. Қой етінің ажырамас бөлігі – қой майы ішке пайдаланған кезде суық тию вирус ауруларына қарсы профилактикалық күрес ретінде жақсы пайдаланылады. Құрамында темірдің көптігіне байланысты қой еті қан құрамын жақсартып, теміртапшылықты емдеуге әсер етеді. Бұл ет құрамына енетін лецитин заты ағзада холестериннің дұрыс алмасуына септігін тигізеді. Қой етінің зияны – мөлшерден аса қолдану ұмытшақтық пен семіруге әкеледі.

Ежелгі заманнан бері ешкі еті микроэлементтер мен аминқышқылдарының қоймасы болған. Ешкі етін әдетте сырқаттанаған адамдарға диеталық тағам ретінде ұсынылады. Сондай-ақ, артықшылықтардың бірі-тез сіңімділік. Оның құрамында майға қарағанда су көп. Ал холестерин, ешкі етінде шошқа еті мен сиыр етіне қарағанда әлдеқайда аз. Құрамында май қышқылдары болғандықтан оған ешқандай паразиттер әсер етпейді. Диетологтар әрдайым атеросклероздан, жүрек ауруынан зардап шегетін және иммунитеті әлсіреген қарт адамдарға ешкі етін ұсынады. Ешкі еті әсіресе балаларға, қарт адамдарға, емізетін аналарға және жүктілік кезінде әйелдерге пайдалы. Ешкі етіндегі холиннің (В4 дәрумені) бауыр денсаулығы үшін қажет болғандықтан, оны үнемі тұтыну созылмалы алкоголизм немесе гепатит жағдайында бауырдың зақымдануының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Қой етінің құрамында майда еритін дәрумендерден тек Е дәрумені бар. Ал суда еритін дәрумендерден B1, B2, B3 (PP), B5, B6, B9 және B12 дәрумендері бар.

Қой етінің құрамында көмірсулар жоқ. Калория мөлшері-125 кКал.

Химиялық құрамы:



  • Майлар-4,19 г,

  • Ақуыздар-20,52 г,

  • Көмірсулар-0,00 г,

  • Су — 74,44 г,

  • Күл-1,08 г.

Минералдар құрамы, нормадан

  • Кальций 6,0 мг 0,6%

  • Темір 1,8 мг 18,2%

  • Магний 27,0 мг 6,8%

  • Фосфор 195,0 мг 27,9%

  • Калий 290,0 мг 6,2%

  • Натрий 61,0 мг 4,7%

  • Мырыш 3,9 мг 35,4%

  • Мыс 0,1 мг 13,8%

  • Марганец 0,0 мг 1,0%

  • Селен 23,4 мкг 42,5%

Ешкі етінің химиялық құрамы. Тағамдық құндылығы бойынша сиыр етінен асып түседі және қой етіне жақын болады. Құрамындағы негізгі май қышқылдары бойынша ешкі етінің майы қой және сиыр етіне ұқсас, бірақ олардан айырмашылығы балқу температурасының төмендігі және түсінің ақ болуында; иісі немесе дәмі болмайды.

6 айлық лақтың еті гастрономиялық сапасы бойынша ересек ешкі етінен асып түседі. Құрамындағы А (ретинол), В (тиамин), В (рибофлавин) дәрумендері бойынша ешкі еті ауылшаруашылығының басқа жануарларынан асып түседі. Түбітті, қылшық жүнді жэне жүнді тұқым ешкілері жақсы семіртіледі.





Табиги жайьшымдарда жайғаннан кейін 3-5 жасар ісектердің сояр алдындагы салмагы 46,0-75,0 кг, сойыс салмағы 20,0-37,5 кг, сойыс шығымы 41,0-52,7 %, кесек етінің шығымы 77,0-79,7 %.


Бордақылау. Ешкіні етке еткізер алдында оларды жайылымдарда, азықтандыру алаңдарында немесе қораларда бордақылайды. Ешкілерді кектем-жазгы жэне күзгі кезеңдерде жайып семіртеді. Семіртетін ешкілерді асыл тұқымды емес, бракталған лақ, ересек ешкілер, ісектер жэне текелер қатарынан алады. Семіртуге қоюға арналган еркек ешкілерді піштіреді. Лақгарды енеесінен айырысымен, ал қартайып бракталған аналықтарды оларды төлдерінен айырғаннан кейін семіртуге қояды. Ересек ешкелерді семіртуді олар коктемде жайылымга шыққан кезде бастаған дұрыс, ол кезде ұзақ мерзім азықтандырганнан кейін олардың салмақтарын өсіруге болады. Жайылым жэне климаттық аймақтың жағдайына байланысты семіртілетін отар жануарларын қыркүйекте - қазан айының басында етке тапсырады. Себебі толық жастагы ешкілерден былғары - елтірі тауар алады, ешкілерді сояр алдында жүндерін қырқып алады.

Семіртуді бастар алдында және ол аяқталған соң ешкілердің салмақтарын өлшейді.Семірту барысын бақылау үшін ай сайын бір топ жануарларын өлшеп отыру дүрыс.

Ешкі өсіру тәжірибесінен жазғы таулы жайылымдарда жайғанда қоспа жемдермен қосымша жемдемей-ақ піштірілген текелердің тірі салмагының тэуліктік орташа өсуі 110—125г дейін, аналықтарда 100—120г ауытқып түрады. 80-100 күн семірткеннен кейін жас ерекшеліктеріне байланысты топ ешкілерінің тірі салмагы 30-40 %, ал 4 айдың ішінде шамамен 60-75 % үлғаяды. Семірткен кезде жас телдің тірі салмағы негүрлым екпінді өседі.

Ешкі өсіруді өнеркэсіптің негізі ретінде аудару кезіңде ешкілерді семіртулермен қатар, оларды механикаландырылган ашық жэне жабық семірту алаңдарында статционарлы түрде азықтандыру қажет. Мүның өзіңде жануарлардың тірі салмағының өсу көрсеткіштерін алу үшін олардың жастарына байланысты жемшөптің қүрамы мынадай болуы қажет: 0,7-0,9 жемшөп бірлігінде 80-1ООг қорытылатын протеин, ал ересек ешкілердің рационында 1-1,2 жемшөп бірлігінде 70-90г қорытылатын протеин болуы қажет. Сояр алдында ешкілердің күйлілігін бүлшық еттерінің даму деңгейін, қабыргаларында, омыртқасында жэне арқасында майдың шогырлануын басып көріп анықтайды. Ешкілердің күйлілігінің жақсы болуының белгілерінің бірі болып сегізкөзінің терісінің еркін қозғалуы енеді. Алайда ешкілердің күйлілігін (семіздігін) анықтау кезіңде ол эдіс нақты болмайды, ешкілердің дене бітімінің бүрыштанып келуі, олардың майларының ішінде жиналуы жақсы семіртілген ешкілердің әзін жеткілікті түрде күйлі емес қылып көрсетуі мүмкін. Сондықтанда қазіргі уақытта ешкілердің күйлілігін оларды сойганнан кейін анықтайды. Олардың күйлілік санатына байланысты олардың үшасын сатып алудың қой жэне ешкі етіне бірдей мемлекеттік багалары бекітілген. Тірі салмақ көрсеткіштерін анықтау үшін, ешкілердің үшасының салмағын олардың күйлілік сипатына байланысты тірі салмагын есептеудің коэффициенттері бекітілген.

Қой бордақылау және жайып семірту - етті көп өндірудегі елеулі резервтердің бірі. Бордақыланбаған қойдың таза еті мен майының шығымы 38-40% болса, жақсы бордақыланған қойдікі 60 пайызға дейін жетеді. Ет өнімін молайту мақсатында жас малдың биологиялық ерекшілігін - тез өсіп-жетілуі қарқыны мен сақа мал организміне майды көп жинау қасиетін дұрыс пайдалана білген жөн.

Қазіргі кезде қой шаруашылығы практикасында қой бордақылаудың мынадай әдістері белгілі: қозыларды 7-8 айлығына дейін тірілей салмағы 40-46 килограмға жеткенше жедел бордақылап, жас қозы етін алу; тоқтыларды 8-11 айлығына дейін тірілей салмағы 50-55килограмға жеткенше орташа түрде бордақылап, сапалы қой етін алу; сақа қойды бордақылап, семіз, майы көп ет алу.

Жедел бордақылау үшін қыста немесе көктемде туған қозылар алынады. Оларды енесін еміп жүрген кезінен бастап жақсы азықтандырады да, 4 айлығында енесінен айырады. Тәулігіне берілетін жемнің мөлшерін бордақылаудың аяқ кезінде 600-700 грамға дейін арттырады. Рациондағы бір азық өлшеміне келетін қорытылатын протеиннің мөлшері 100-150 грамға жеткізіледі. Сонда майы ғана аз, белокты жас қозы етін алуға болады. Ол әрі дәмді, әрі сапалы болып келеді.

Қазақстанда арзан қой етін өндірудің елеулі көзі - етті-майлы қой шаруашылығын өркендету. Республикамызда етті-майлы қойдың тәуіртұқымының бірі - еділбай қойы. Ол өскелең, семіріп, жетілуі жағынан ағылшынның етті-жүнді қойынанкем түспейді. Бұл қой жергілікті жердің табиғи ауарайына және таулы, қуаң дала, шөлді және шөлейтжерлердің өсімдігіне жақсы бейімделген. Бірақ бұлтұқымның бойдақ қойын 2-3 жылға дейін қолдаұстау тиімсіз.

Еділбай қойларының тоқтылары 4,5-5 айлығында 40 кг және одан да көп тартады, сондықтан олардыосы кезінде етке сойған пайдалы. Жүргізілгентәжірибелердің қорытындыларына қарағанда,5 айлығында етке сойылған тоқтылырдың таза еті мен майының шығымы 53,7 пайызға жеткен. Осығансәйкес отардағы саулық қойдың үлес салмағы 70-75 пайызға дейін көтерілген.

Сонымен экономикалық жағынан алып қарағанда, қозыларды етке өткізуге - етті-майлы қойшаруашылығында 4,5-5 айлығында, яғни енесіненажыратқаннан кейін; ал етті-жүнді биязылау жәнебиязы жүнді қой шаруашылығында - 7-10 айлығындабордақылағаннан немесе жайып семірткеннен кейін. Егер жақсы табиғи немесе екпе жайылым болса, қозыларды тәулігіне әр басына 0,3-0,5 кг жем беріп, жайып семірткен пайдалы; ал жайылым нашарболса, сүрлем, пішен, жем беріп бордақылағантиімді. Бірақ қазіргі уақытта қолданылып жүрген көпкомпонентті рацион өте көлемді екенін, жемшөпүлестіру жұмысын механикаландыруды едәуірқиындататынын, оның үстіне жемшөптің көп і айта кеткен жөн.

Қойдың ет өнімділігі таңдалған тұқымға тікелей байланысты, олардың саны қазіргі уақытта өте жоғары. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері бойынша өнімділікке сүйене отырып, қой тұқымдары ет, ет-май, ет-жүн, жүн-ет және әмбебап болып бөлінеді. Бағыттардың атауынан көрініп тұрғандай, қойдың ет тұқымы қой мен қой етін өндіруге жақсы келеді, дегенмен бұл олардан жүн мен сүт алуға болмайды дегенді білдірмейді. Қойдың ет тұқымы ең алдымен массаның тез өсуімен сипатталады. Төрт айлық қозылардың салмағы ересек жануардың жартысынан кем емес. Орташа салмақ, ұстау әдісіне байланысты 300 г құрайды, бір жасқа қарай ол орташа ересек қошқардың 80-90% құрайды.

Ет бағытындағы қойлардың ең танымал және өнімді тұқымдарына: романовский, горьковская, куйбышевская(ромни-марш), северокавказдық(тянь-шаньская), Латвиялық қарабасты, еділбай, гиссарлық, батыс-сібірлік, прекос, Дорпер, цвартблес, тексель және т.б жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет