Тақырыбы:
Тема Сын есім. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты
Сабақтың мақсаты:
Цель занятия:
Сын есім туралы мағлұмат беріп, түсінік қалыптастыру, сын есімнің сындық қасиеттерін ашу, зат есім арқылы алуан түрлі белгілерін дәлелдеу; студенттердің ой-қабілеттерін, сөздік қорларын, тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру; талдау барысында әдемілікті,әсемдікті түсінуге,туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру
Негізгі ұғымдар:
Основные понятия: сын есім, сын есімнің шырайлары
Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі:
Методическое обеспечение: қағидалар, бейне таспа, ойын түрлері, суреттер,сызбалар
Сабақтың типі:
Тип занятия: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Методы и приемы: сын тұрғысынан оқу мен жазу арқылы ойлау,сұрақ-жауап,түсіндіру, баяндау,жаттығу жүргізу, сергіту ойындары,логикалық тапсырмалар.
Сабақ жоспары:
План занятия:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Организационный момент.
Психологиялық тренинг.
«Мен қандаймын?»
Өз есімінің бастапқы әрпімен өзіне сипаттама беру. Мысалы: Менің атым – Жұлдыз. Жұлдыз жарқын.
Топты түстер бойынша алты топқа бөлу. Сабақты алты қалпақ әдісі бойынша өткізу
«Ақ қалпақ»-статистикалық
«Сары қалпақ» -сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)
«Қара қалпақ» -сәтсіздік, оқып жатқан мәтіннің сәтсіз тұстарын айтады.
«Көк қалпақ» -аналитикалық, барлық топтың пікіріне талдау жасайды.
«Жасыл қалпақ» -шығармашылық, жаңаша идеялар мен болжамдар жасайды.
«Қызыл қалпақ» -сезімтал, топ оқиғаны оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды.
II. Студенттердің білімдерін тексеру
Проверка знаний студентов.
Блум түймедағының алты күлтесі арқылы өткен тақырыпты қайталау
1. Қарапайым сұрақ. Сөз таптары дегеніміз не?
Сөздердің білдіретін мағынасына,түрлену тұлғасына,қойылатын сұрағына,сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталады.
2. Анықтаушы сұрақ. Сіз қалай ойлайсыз, А.Ысқақов зат есімді қарастырудағы негізгі ерекшеліктер қандай болды?
3. Интерпретациялық (түсіндіруші) сұрақ. Көптік мағына беретін зат есімдерге мысалдар.
4. Шығармашылық сұрақ: Берілген сөйлемдегі зат есімдерге морфологиялық талдау жаса
Сол жылы оның шәкірт ақыдан басқа қаражаты болмай, бір мезгіл қара жұмыс істейтін еді (С. Мұқанов)
шәкірт ақыдан – зат есім, туынды, күрделі (тіркескен), жалпы есім, дерексіз, ғаламзат, жансыз, дара мағыналы; сұрағы неден? –дан – шығыс септік жалғауы; сөйлемде басқа сөзімен тіркесіп, анықтауыш қызметін атқарып тұр.
қаражаты – зат есім, негізгі, дара, жалпы есім, дерексіз, ғаламзат, жансыз, дара мағыналы; сұрағы несі?–ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, (оңаша тәуелдеу)
қара жұмыс – зат есім, туынды, күрделі, жалпы есім, дерексіз, ғаламзат, жансыз, жинақты мағыналы; сұрағы нені? Табыс септік жалғауы жасырын тұр, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарып тұр.
5. Бағалау сұрағы. Алтай- екінші курс студенті. Алтай-кенге бай өлке. Берілген сөйлемдердің ерекшелігі қандай?
Жалпы есім мен жалқы есімдерге тән тағы бір ерекшелік- олардың бір-біріне ауысып отыруы.
6. Тәжірибелік сұрағы. Зат есімнің түрленуіне тоқтал. Қандай ерекшеліктерді байқадыңыз.
III. Жаңа материалды оқыту
Изучение нового материала.
Мұқағали Мұқатаев "Сап-сары жапырақтар"өлеңін тыңдату
Сапа-сары жапырақтар жоғалуда,
Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,
Жасыл бақ тоналуда, тоналуда.
Сын есімді тауып,түр-түсін білдіріп тұрғанын айту.
- Сіздер білуге тиіссіздер, балалар, кейбір сын есімдер омоним бола алады.
1.Ақ түр,түсті білдіреді. Ақ киім,ақ дастархан.
2. Ақ - сүт өнімдері. Ақты төкпе.
3.Ақ (ағу) қимылдық мағына. Бұлақтан су ағып жатыр.
4. Ақ (ауру түрі) Көзіне ақ түсті.
5. Ақ (ауыспалы мағынада) Күнәдан ақ, пәк таза.
Сын есімдер бір-бірімен антонимді жұп құрайды.
Үйрен жақсы әдептен, Жирен жаман әдеттен.
Сын есімдер синонимдік қатарлар құрайды. Айгүл сұлу, әдемі, көрікті қыз.
Сонымен, балалар, ереже шығарамыз.
Сын есім заттың, құбылыстың сын-сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді. Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді.
|
-
Тұлғасына қарай:
|
|
Құрамы мен құрылысына қарай:
|
-
Негізгі түбір
|
|
Туынды түбір
|
|
Дара
|
|
Күрделі
|
-
Мағынасына қарай: сапалық және қатыстық болып екіге бөлінеді:
|
-
Сапалық сын есімдер негізгі түбір күйіндегі сын есімдер
|
|
Қатыстық сын есімдер басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалады
|
Сын есімдер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі сын есімдер – сынды білдіретін түбір сөздер: ақ, қызыл, сұр, жас, кәрі, ұзын т.б.
Туынды сын есімдер – морфологиялық тәсілмен яғни жұрнақтар арқылы (ауыл-дық, боранды, айтқыш т.б.) және синтаксистік тәсілмен сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған сөздер ( ақ көңіл, алқызыл, қызыл күрең).
Сын есімдер мағыналалары мен грамматикалық ерекшелігіне қарай сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінеді.
Заттың таза сапалық, сындық белгілерін (түрін, түсін т.б.) білдіретін негізгі сын есімдерді сапалық сын есім дейміз. Мысалы: ақ, биік, жеңіл, тәтті т.б.
Басқа сөз таптарынан жұнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдерді қатыстық сын есім дейміз. Мысалы: түнгі, желсіз, таулы т.б.
Сын есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Мысалы: жылы, шөпті, қызыл – дара сын есімдер де, бидай өңді, ақ көңіл, ұзын бойлы – күрделі сын есімдер.
Егер сын есімге көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары жалғанып айтылса, олар заттанып, яғни заттық мағынада жұмсалады: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. (Мақал.)
Сындық, сапалық белгінің басқа бір сындық, сапалық белгілерден артық-кем екенін білдіретін сын есімнің түрін сын есімнің шырайлары дейміз.
Шырайлар: салыстырмалы және күшейтпелі болып бөлінеді. Салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар:-рақ,-рек,-ырақ,-ірек,-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу,-қыл,-ғыл,-қылт,-ғылт,-шыл,-шіл т.б. Мысалы: көк-көкшіл, үлкен-үлкендеу, биік-биіктеу, ақ-ақшыл т.б.
Күшейтпелі шырай күшейткіш үстеудің тіркесуі және күшейткіш буын арқылы жасалады: өте мықты, тым жуас, аса ұқыпты, тәп-тәуір, әп-әдемі т.б.
Сын есімдердің сөйлемдегі негізгі қызметі – анықтауыш, ал заттанғанда сөйлемдегі орнына қарай сөйлемнің басқа мүшелерінің де қызметін атқарады.
Мысалы: Талапты ерге нұр жауар. Үлкен бастар, кіші қостар. (Мақал.) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. (Абай). Бұл мысалдардағы талапты – анықтауыш, үлкен, кіші – бастауыш, білімдіден, талаптыға толықтауыш қызметін атқарып тұр.
IV. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс
Работа по закреплению основных понятий темы.
Ақ қалпақ: Төмендегі сын есімдерге лайықты зат есімдер тіркеп айтып, сын есімдердің мәнін көп сөзбен түсіндіріңіздер.
Албырт, аңқылдақ, біртоға, қырағы, кекқой, ұшан-теңіз, ұлан-байтақ, ынжық, мыртық, даурықпа, күйкі, жұпыны, күйгелек.
Сары қалпақ: Төменгі сын есімдердің мағыналас сөздері қалай екенін айтыңыздар.
Мешкей, Кербез. Дүниеқор. Сұңғыла. Әзілқой. Долы. Үздік. Ерке. Ізгі. Өжет. Ынтық. Іскер. Өнегелі. Озбыр. Көнгіш. Кескінді. Момақан. Дөкей. Аласа.
Қара қалпақ: Төмендегі сын есімдердің қарсы мәнді сөздерін тауып жазыңыздар.
Аңғырт. Пысық. Абажадай. Олақ. Сыпайы. Тайпақ. Елгезек. Кішіпейіл. Сасқалақ. Талдырмаш. Көңілшек. Салақ. Ұшқыр ойлы. Қыр мұрынды.
«Жылдам жауап» ойыны.
"Бір сөзбен айтқанда".
1. Сөзге шешен адамды (шешен,тапқыр)
2. Айтқанға сене алатын,еш нәрсені байқамайтын адамды (аңқау)
3. Тез ашуланатын адамды (ашуланшақ )
4. Жан аямай жұмыс істейтін адамды (еңбекқор,еңбексүйгіш)
5. Бойы ұзын адамды (бойшаң, ұзынша)
6. Керексіз көп сөйлейтін адамды (мылжың, көкезу)
7. Көрінгенге соқтыға беретін адамды (сотқар, тентек)
8. Әркімнің сыртынан жаман сөз айтып жүретін адамды (өсекші)
9. Бір сыныпта,бір мектепте оқыған басқаларды бір сөзбен айтқанда (құрдас)
10. Жақсы оқитын оқушы (үлгілі)
11. Сабақ оқымайтын оқушы (жалқау)
Көк қалпақ: Төмендегі жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдер ойлап, әрқайсысына 5 мысалдан жазыңыздар.
-қой: -паз: -шақ: -шек:
Жасыл қалпақ: Берілген жұрнақтардан туынды сын есімдер жасаңыздар.
Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:
-лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: тау-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі, т. б.
-сыз, -сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, жолдас-сыз, ат-сыз, т. б.;
-ғы, -гі, -қы, -кі: жаз-гы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі, т. б.;
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: азамат-тық, жыл-дық, көлем-дік, күн-дік, өлке-лік,т.6.;
-шыл, -шіл: жер-шіл, үйқы-шыл, күлкі-шіл, үй-шіл, сыр-шыл, т. б.;
-шаң, -шең: бой-шаң, сөз-шең, киім-шең, тер-шең, т. б.;
-дай, -дей, -тай, -тей: үй-деп, қой-дай, арыстан-дай, ат-тай, түлкі-дей, т. б.;
-кер, -гер, -қой, -қор, -паз (-ымпаз, -імпаз): та-быс-кер, найза-гер, әуес-қой, бәле-қор,
жем-қор, шай-қор, өнер-паз, жең-імпаз, т. б.;
-и, -ы, -і: тарих-и, дін-и, әдеб-и, ресм-и, мәден-и, қазақ-ы, түрк-і т. б.
Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар мыналар:
-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: ұрыс-қақ, тай-ғақ, үр(і)к-ек т. б;
-ық, -ік, -қ, -к: тол-ық, сын-ық, аш-ық, ақса-қ, сире-к, біт-ік, т. б.
-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: біл-гіш, жаз-гыш, көр-гіш, айт-қыш, бар-ғыш, т. б.;
-ғыр, -гір, -қыр, -кір: өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір, т. б.;
-шақ, -шек: ұрын-шақ, жасқан-шақ, сүрін-шек, қызған-шақ, мақтан-шақ, т. б.;
-ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі: бас-ыңқы, көтер-іңкі, шаш-ыңқы, салбыра-ңқы, т. б.;
-ынды, -інді, -нды, -нді: жаса-нды, асыра-нды, құра-нды, түй-інді, т. б.;
-малы, -мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі: көтер-мелі, таңда-малы, айны-малы т. б.;
-ымды, -імді, -мды, -мді: жара-мды, шыда-мды, қон-ымды, келіс-імді, т. б.;
-аған, -еген: қаш-аған, сүз-еген, теб(п)-еген, қаб(п)-аған, т. б.;
-улы, -улі: қаңтар-улы, іл-улі, ая-улы, ас-улы, т. б.;
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қыз-ба, бұра-ма, ес-пе, боя-ма, т. б.
Ескерту.
Көрсетілген жұрнақтардың кейбірі басқа сөз табында да кездеседі. Мысалы: -лық, лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы зат есім де жасайды: жақсы-лық, жаман-дық, дос-тық, күнде-лік т. б.; -сыз, -сіз, -дай, -дей, -тай, -тей, -шаң, -шең, т. б. үстеуде де кездеседі. Мысалы: ақы-сыз берді, ат-сыз келді, қыс-тай дайын-далды, тоты-дай сайрады.
Қызыл қалпақ: Синонимдер сөздігінен сын есімдердің синонимдік қатарларын жазып алыңыздар.
Ең көп синонимдік қатар түзген сын есімдер
Сергіту сәті.
Өздеріне ұнайтын түстерді таңдаңыздар. Олардың мағынасын білесіздер ме?
Жылы түстер:қызыл, сары, қызылсары
Суық түстер: көк, көгілдір, жасыл
Қызыл түс-оттың, күннің рәміздік белгісі. Қызыл таңдағандардың бойында құлшыныс, талпыныс бар.
Қара –жердің түсі, берекенің белгісі. Қара түстің мағынасы байырғы, ескі, мәңгі түсініктермен сәйкес келеді. Ол философиялық ұғым: тұрақтылық статиканы білдіреді. Қара түс қаталдықтың белгісі.
Ақ түс- қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың белгісі. «Ақ» деп сүттен жасалған тағамды да айтады. Ақ түс шындықтың, ақиқаттың, әрі тазалықтың, адалдықтың, шыншылдықтың белгісі. Ақ түсті таңдағандар тазалықты ұнатады, ақкөңіл өздерімен өздері жүреді.
Сары түс –ақыл-парасаттың белгісі. Сонымен бірге ол бір жағынан қайғы-мұңмен де байланастырылады. Мысалы: «Сары уайымға салыну», екінші жағынан, ол жұбаныш пен үміттің де кепілі «Сағыныш түбі-сара алтын, сарғайып жетер мұратқа». Сондықтан да , сары түсті ұнататын жандар –ойнақы, көңілді болып келеді.
Жасыл түс-жастық пен көктемнің нышаны. Себебі ол өсімдік үлгілес ою –өрнекте жиі пайдаланылған, кейіннен мұсылмандықтың сипаты ретінде енді. Жасыл түсті таңдағандар дем алғанды, тыныштықты жақсы көреді.
Көк түстің заттық мағынасы ертеде Көк Тәнірі, Құдай ретіндегі мәнге ие болған. Қазіргі кездің өзінде қазақ «көкке қара» деп аспанды айтады. Ашық қызыл,ашық көк түстер таңдағандар нәзіктікті білдіреді. Көк түсті таңдағандардың бойында үрейлік, қорқыныш бар.
Осылайша студенттер түстер арқылы мінездері туралы мағлұмат алады.
Жұмбақ шешу.
Оны ағаштың басынан ізде. Түрлі түске боянады күзде. Ол не? (жапырақ)
Қызылы бар, сарысы бар. Құйрығы бұлғандаған.
Түздің сондай тағысы бар. Ол не? (түлкі)
Жеміс деймін шіркін асыл. Іш қызыл. Сырты жасыл. Ол не? (қарбыз)
Пішіні қиярға ұқсайтын сары түсті тропиқалық аймақтың жемісі (банан)
Қызыл немесе ашық қоңыр түсті жердің астында өніп шығатын өнім. (картоп)
Түсі жасыл, салатқа көп пайдаланылатын жеміс.
Қара немесе қызыл түсті болып келетін балықтың ұрығы. (уылдырық)
Бұлтсыз, ашық аспанның түсі. (көгілдір)
Қысы –жазы жасыл болып тұратын ағаш. (шырша)
Жаңбырдан кейін аспанда пайда болатын жеті түсті доға. (кемпірқосақ)
«Ақ қалпақ»
Мәтіннен сын есімдерді тауып, қай шырайда тұрғанын анықтаңыздар.
Ақкөңіл өте қарапайым адамдар екен. Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жібектей жұмсақ. Саусақтары жұп-жұмсақ, жып-жылы екен. Үлкен көкшіл көзі мөлдіреп, күлімдеп тұр. Тап-таза тұнық ауа, көгілдір аспан, ну орман, сылдырап аққан су. Зағипа құп-қу болып кетті. Өте кекшіл, әрі сезімтал және өр көкіректеу Зағипаға Шолпанның сөзі табанға басқан шоқтай тиді. Оның сүмблдей сұп-сұлу денесі, жай теңселген шолақ көк толқындармен бірде тұтас көміліп, бірде тұтас көрініп, суға қара қоңыр сәуле түсіреді. Хакім оның қуқыл бетіне жүгірген қызыл шырайды көзі шалып, қыздың әлденеден қсылғанын сезді. Екеуі екі түрлі: қыз нәзік те, келіншек сүйріктей жұп-жұмыр, қыз қуқыл өңді, үлкен қоңыр көзді, қыр мұрынды; Шолпан қызыл шырайлы, дөңгелек бетті, өте сүйкімді. Аспан ақшыл тартып, мұнарта түседі, сар шытыр қуарып жоғалып, ебелек ұшып бітті, бетеге бозарып, қара жусандар ақ бурыл тартты. Бала қоңырқай сопақша беті күреңденген күйі отырып алды.
Жаман кейде қандай?
Жаман сөзі ұнамсыз сипатты, істі білдіретінін білесіздер. Ал кейбір тіркестерде ол басқа мағынада қолданылатынын байқадыңыздар ма? Төмендегі тіркестерді салыстырып көріңіздер.
Жаман жазда, жаман қуанды. Жаман жығылды, жаман қызықты. Жаман орындапты, жаман қатты сағындым.
«Сары қалпақ»
Берілген сөздерге лайықты зат есімдер тауып, тіркеп жазыңыздар
Бұл сөздер қай сөз табына жататынын және тұлға жағынан тағы қай сөз табына ұқсайтынын дәлелдеңіздер.
Құрама, жайма, өрме, жайылма, мықшима, жалдама, үкпе, аударма, түсіндірме, бүрме, тұтықпа, қайырма, тұнба, екпе, аспа, қазба, сықсима.
«Қара қалпақ»
Төмендегі сөздерге зат есім тіркеп айтуға бола ма?
Ықтырма, бастама, мәлімдеме, хабарлама, анықтама, кепілдеме, күйме, тапсырма, бұрыштама. Бұлар қай сөз табы?
«Көк қалпақ» Төмендегі сөздерден адамға тән сын есімдерді бір бөлек, малға,аңға т.б. табиғатқа тән сын есімдерді бір бөлек көрсетіңіздер. Ортақ сипатты білдірсе, оны айтыңыздар.Сақ. Бағлан. Кекшіл. Дүлей. Мешел. Бұралқы. Біртоға. Мылқау. Қомағай. Жарау. Суайт. Кекеш. Тепсең. Лайсаң. Тоғышар. Қорқау. Секпіл. Жебір.
Кім көп мысал келтіре алады?
Басқы әріптері а, қ дыбыстарынан басталатын және буындары а дыбысымен ғана келетін 2,3,4 буынды негізгі сын есімдерді тауып айтыңыздар.
«Жасыл қалпақ»
Семантикалық карта
№
|
Мысалдары
|
негізгі
|
туынды
|
дара
|
күрделі
|
сапалық
|
қатыстық
|
1
|
Биік
|
+
|
|
+
|
|
+
|
|
2
|
Таулы
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Ірілі-ұсақты
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Кішірек
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Қара торы
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Сары-көк
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Қара
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Шөптесін
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Ұялшақ
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Семіз
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Жылы
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Қой көзді
|
|
|
|
|
|
|
13
|
Тамаша
|
|
|
|
|
|
|
14
|
Сөзшең
|
|
|
|
|
|
|
15
|
Әсемпаз
|
|
|
|
|
|
|
16
|
Ауыспалы
|
|
|
|
|
|
|
17
|
Ашық
|
|
|
|
|
|
|
18
|
Ардақты
|
|
|
|
|
|
|
19
|
Биік-биік
|
|
|
|
|
|
|
20
|
Балалы
|
|
|
|
|
|
|
21
|
Сұлу
|
|
|
|
|
|
|
22
|
Ұзын
|
|
|
|
|
|
|
23
|
Сұр ала
|
|
|
|
|
|
|
24
|
Қой көзді
|
|
|
|
|
|
|
25
|
Аппақ
|
|
|
|
|
|
|
26
|
Пайдалы
|
|
|
|
|
|
|
27
|
Қызғаншақ
|
|
|
|
|
|
|
28
|
Семіз
|
|
|
|
|
|
|
29
|
Жылы
|
|
|
|
|
|
|
30
|
Ап-аласа
|
|
|
|
|
|
|
«Қызыл қалпақ» Төмендегі сөздердің әрқайсысына сын есімнен болған эпитеттерді кім көп тауып жаза алады?
Тау. 2. Сөз. 3. Күн. 4. Жігіт. 5. Суретші.
Кім қанша сөз тауып жаза алады?
Мынадай сөздер жазу керек:
Құрамында дауыссыз бір дыбыс қабаттасып, қатар келіп жазылатын негізгі сын есімдер.
Сондай туынды сын есімдер (Олар қандай жұрнақтар арқылы жасалатын сөздер).
Сабақты бекіту:
«Ыстық орындық» әдісі (3 минут)
Алты топтан бір студенттен шығады топтар студенттерге кезекпен бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Бағалау: «Басбармақ» арқылы бағаланады.
Рефлексия
«БӘРІ ОЙДАҒЫДАЙ» әдісі
Студенттер бір-біріне қалпақты жалғастыра береді, музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында қалпақ қалса, сол сабақтағы өз жұмысын талдайды, не бір топтың сабақта жұмыс істеуіне баға қойып, оған талдау жасайды.
V. Үй тапсырмасын беру
Задание на дом. Сын есімдерді пайдаланып, өздеріңе таныс бір адамға мінездеме жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |