Тақырыбы: Біздің көңіл күйіміз
Мақсаты: көңіл күй туралы түсініктерін бекіту; өзінің, басқа адамдардың көңіл күйін түсіну қабілеттерін, мəнерлі сөйлеу, ым-ишара арқылы көңіл күйін бере білу дағдыларын дамыту; ересектермен жəне құрдастарымен өзара əрекетте мəдениетті мінез құлық-дағдыларына тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Қасқыр жəне жеті лақ» ертегісін оқу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, əртүрлі көңіл күй
бейнеленген алты қырлы текше, əліппе-дəптер.
Сөздік жұмыс: эмоция.
Билингвальді компонент: көңіл күй – настроение.
Мотивациялық-
қозғаушылық
Ойын-жаттығу: «Көңіл күйіңмен бөліс».
Балалар, көңіл күйіміз жақсы болғанда, не істейміз?
Менің көңіл күйім бүгін өте тамаша болып тұр. Осы көңіл күйіммен сендермен бөліскім келіп отыр. Шеңбер бойымен бір-бірімізге жақсы көңіл
күйімізді жымию арқылы береміз (педагог жанындағы тұрған балаға жымиып қарайды, ал ол бала келесі жанындағы тұрған балаға жымиып қарайды, солай жалғаса береді).
Балалар шеңберге тұрып, жылы жүзбен жымиып, бір-біріне қарайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
- Айару бізді «Көңіл күй еліне» саяхатқа шақырып отыр.
Ойын-жаттығу: «Сиқырлы текше». Текше қырларында (өлшемі 10-15 см) əртүрлі көңіл күй бейнеленген смайликтер жапсырылған. Бір бала ортаға шығып, «Айнал, дөңгелен, бір қабырғаңа жат!» деп айтып, текшені ортаға лақтырады. Балалар текшенің бетіндегі суретке қарап, көңіл күйді салып береді, ортаға шыққан бала көңіл күйге сəйкес эмоциямен өзі білетін бір тақпақ айтып беруі керек.
Билингвальді компонент:
көңіл күй – настроение
Сергіту сəті.
Ойын: «Теңіз толқиды».
Толқиды теңіз – бір,
Толқиды теңіз – екі,
Толқиды теңіз – үш,
Толқындар, бір пішінге көш.
Осы ойында барлық бала бет- əлпеттерімен бір көңіл күйді көрсетуі керек.
«Қасқыр жəне жеті лақ» ертегісін еске түсіру.
Балалар Айарудың алып келген ойынын қызығушылықпен ойнайды.
Əртүрлі көңіл күйге сəйкес эмоциямен тақпақ айтады.
Балалар текшеге 6 түрлі көңіл күйді бейнелеп салады.
1. Қуанып, шаттанып,
2. Ренжіп,
3. Ашуланып,
4. Қуланып,
5. Таңданып,
6. Жыламсырап
тұрған.
Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.
Ертегі кейіпкерлерінің бір көңіл күйін салып, қозғалмай тұрып қалады.
Ойын: «Қандай екенін айт».
Қасқыр қандай?
Ешкі қандай?
«Қасқыр жəне жеті лақ» ертегісіндегі кейіпкерлердің көңіл күйін сипатта, қайталап көрсет. Жұбыңмен ертегі сюжеттерін ойнап көрсет.
Ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, атайды. Сөздерге сай сын есімдерді таңдап,
ойынға араласады. Қасқыр - ашулы, жауыз.
Ешкі – қайырымды қамқор.
Балалар ертегі кейіпкерлерінің көңіл күйін интонация, ым- ишара, мимика арқылы көрсетуге тырысады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Кім ертегідегі көңіл күйді жақсы сомдады?
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.
Өздеріне ұнаған көңіл күйді көрсеткен балаларды атайды.
Бүгінгі сабақта не ұнағанын, не қызықты болғанын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |