Күтілетін нəтижелер:
жасайды: жаттығуларды орындауда саусақтарын қимылдатып, сюжет жасайды;
түсінеді: ойын барысында үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас
жасап, олардың ойын, əрекеттерін түсінеді;
қолданады: саусақ ойынын ойнау барысында қуыршақтарды қолдана алады.
Тақырыбы: Түлкі мен қоян (конус театры)
Мақсаты: ертегі барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
кейіпкерлердің іс-əрекеттері мен дауыс ырғақтарын сəйкестендіре дұрыс
сөйлеуге баулу; достыққа, бірлікке баулу, адамгершілікке, мейірімділікке
тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Түлкі мен қоян» ертегісін оқып беру, балалардың жас
ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау, қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; ойын-жаттығуларды оқу, қарастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақтар – Айару, Ертегі ханшайымы, ертегі туралы конус қуыршақтары, түрлі түсті қағаздан жасалған кішігірім көбелектер үлгілері жіпке бекітілген.
Сөздік жұмыс: конус театры.
Билингвальді компонент: қоян – заяц, түлкі – лиса.
Мотивациялық-қозғаушылық
- Балалар, Айару бүгін біздіғажайыптар əлеміне саяхат жасауғашақырады.
Көзімізді жұмып, тынышталайық.Көз алдымызға ғажайыптар əлеміндегі гүлдерге қонған көбелектерді, сайрап ұшқан құстарды, тауда жүрген аңдарды
елестетейік. Ал енді көзімізді ашайық. Ғажайыптар əлеміндегі көріністі бірге тамашалайық. - Балалар, мен көзімді жұмып, жортып жүрген коянды көрдім,
сендер ше? Балалар жарты шеңбер болып отырады.
Көздерін жұмып, педагогтің айтқандарын көз алдарына елестетіп, əңгімелейді.
- Мен ұшып жүрген көбелектердікөрдім.
- Мен тауда жүрген аңдарды,түлкіні көрдім.
- Мен ағаштың түбінде отырғанқоянды көрдім.
- Мен жайқалып тұрған гүлдердікөрдім.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Педагог алдын ала түрлі түстіқағаздан кішігірім көбелектер үлгісін дайындап, оларды жіпке бекітеді.
Балалар түрлі түсті көбелектерді тамашалайды.
– Келіңдер, ғажайыптар əлеміндегі көбелектер мен құстарды ұшырып ойнайық.
Достарыңызбен бөлісу: |