Тақырыбы: Біздің көңіл күйіміз Мақсаты



бет7/8
Дата26.11.2022
өлшемі44,99 Kb.
#159972
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты қойылымдардың жинағы Н.Ж.Оспанов

Тыныс алу жаттығулары:
1. Балалар, біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік.
Гүлдер əдемі жəне хош иісті болады. Кəне, гүлдерді иіскеп көрейікші.
Тамаша!
2. Балалар жіп ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, көбелекті ерін деңгейінде ұстайды. Сол мезетте мұрын арқылы ауа жұтып, ауа ағымын көбелекке қарай, оны «ұшыру» үшін бағыттайды. – Балалар, бір əуен естілген сияқты.
Тыңдап көріңдерші. Ертегі ханшайымы билеп келеді.
– Сəлеметсіңдер ме, балалар, ғажайыптар əлеміне қош келдіңдер!
Бұл жерде қызыққа толы ойындармен ертегілер көп, ойнағыларың келе ме?
Ойын: «Көңілді қояндар».
Қояным, жүрші,
Ұйқыңнан тұршы,
Беті-қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Айналаңа қарашы,
Бір баланы таңдашы.
Ойын: «Жануарлардың дауысын сал».
Жануарлардың дауысын ұқсастырып, бір деммен айтуларын
тапсырады.
Бұзау қалай дыбыстайды?
Қозы қалай дыбыстайды?
Балалар жаттығуды қайталайды, жаттығу 2-3 рет қайталанады.
Балалар жарты шеңбер болып отырады. Ғажайыптар əлемін
тамашалап, Ертегі ханшайымын тыңдайды.
Дөңгеленіп қол ұстасып тұрады, ортада бір бала қоян болады. Балалар барлығы бірлесе қоянды оятуға тырысады.
Қимыл-əрекеттерді қайталайды.
Балалар жарты шеңбер болып тұрады, ортасында тұрған педагог балаларға доп лақтырып, бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап, сол жануардың дыбыстауын еске түсіріп айтады.
Күшік қалай дыбыстайды?
Бота қалай дыбыстайды?
Құлын қалай дыбыстайды?
Марғау қалай дыбыстайды?
- Балалар, мен сендерді ғажайыптар əлеміндегі «Түлкі мен қоян» ертегісін конус театры арқылы сахналауға шақырамын.
- Ертегіде не туралы айтылды?
- Достар қандай болу керек?
- Түлкінің жасаған əрекеттері дұрыс па?
- Сен болсаң, не істер едің?
Сөздік жұмыс: конус театры.
Билингвальді компонент:
қоян – заяц
түлкі – лиса
1-тапсырма. Суретте «Түлкі мен қоян» ертегісінің қай кезеңі бейнеленген? Түлкі мен қоянның көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсет. Осы үзіндіні жұбыңмен ойнап беріңдер.
Айару сандықша алып келеді.
Сандықшада ертегі кейіпкерлері бейнеленген жəне бос карточкалар бар. Балалардың карточкаларды бөліп алып, рөлдерге бөлініп, қуыршақтарды алып, сахнаға шығып ойнауын ұйымдастырады. Суреті жоқ бос карточка алған балалар көрермен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет