Сөздік жұмыс: саусақ театры.
Билингвальді компонент: саусақ театры – пaльчиковый театр.
Педагог: Сəлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қандай?
- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
- Жағымсыз, жаман сөз естігенде көңіл күйлерің қандай болады?
- Білесіңдер ме, адамдардың көңіл күйлері əртүрлі болады: жабырқау, көңілді, жайдары. Педагогті тыңдайды, сұрақтарға
жауап береді. Көңіл күйіміз жақсы Қуанамыз Ренжиміз, мұңаямыз
Көңіл күйлерді ым-ишара арқылы көрсетейік.
1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.
2. Қатты қорқынышты. Қасқырдан қорыққан қоянды немесе ұядан
түсіп қалған балапанды, мысықтан қорыққан тышқанды жəне иттен қорыққан баланы бет- əлпетіңмен көрсет.
3. Жылап тұрған адамды көрсет.
4. Жай күліп тұрған адамды жəне қатты күліп тұрған адамды көрсет.
5. Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсету.
Балалар тапсырмаларды тыңдап, қорқу, жылау, ренжу кейпіндегі көңіл күйлерді бет-əлпетімен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Айару балаларды қуыршақтар жиналған сөреге шақырады.
- Біз қуыршақтар театрына келдік. Бұл жерде əртүрлі қуыршақтар тұрады. Олар өте мейірімді, ойнағанды жақсы көреді.
- Алдымен қуыршақтармен танысайық.
- Мынау – үстел үсті театры.
Біз олармен өткен оқу қызметтерінде танысқанбыз.
- Неге үстел үсті театры деп аталған?
- Тағы қандай театр түрлері бар?
- Мынау – қуыршақ театры.
Қуыршақ театрында қуыршақтарға адамның қолында жан бітіп, тіріледі.
- Балалар, бұл жерде басқа да қуыршақтар өте көп. Мына театрға қараңдаршы. Сендер осы қуыршақтармен ойнағыларың
келе ме?
Балалар ойыншықтарға жақын жиналып тұрады.
Балалар сөредегі қуыршақтарды алып қарайды.
Қуыршақтар үстел үстінде өнер көрсетеді.
Қуыршақ театры, конус театры, көлеңке театрлары бар.
Балалар қуыршақтарды саусақтарына киіп көреді, əр саусақты кезекпен бас бармаққатүйістіріп амандасады.
Бұл – саусақ театры.
Бұл қуыршақтарды басқару үшін,
қолымызды, саусақтарды
дайындап алайық.
Топ-топ-топ (саусақтарды тез
қимылдатып жүгіртеді.)
Тук-тук-тук (əр саусақпен үстел
үстін тықылдатады).
Ойын: «Саусақтар серуендейді».
- Балалар, саусақтар серуенге шығады, біз оларға жол көрсетейік.
- Олар жолмен қалай жүреді? Топ-топ-топ.
- Жаңбыр жауатын сияқты, саусақтар қалай жүгіреді:
топ-топ, топ-топ, топ.
- Енді саусақтар үйлеріне кіреді:
тық-тық-тық.
Достарыңызбен бөлісу: |