Тақырыбы: Біздің көңіл күйіміз Мақсаты



бет2/8
Дата26.11.2022
өлшемі44,99 Kb.
#159972
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты қойылымдардың жинағы Н.Ж.Оспанов
Перспективалық жоспар
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: текшедегі əртүрлі көңіл күйді қайталап көрсетеді;
түсінеді: өмірдегі болып жатқан құбылыстарға байланысты əртүрлі көңіл күйдің болатынын;
қолданады: кейіпкердің рөлін сомдау кезінде түрлі дауыс күшін, эмоциясын,
қимыл-қозғалысын қолданады.


Тақырыбы: «Шалқан» (ертегіні сахналау)


Мақсаты: түрлі мəтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын
қалыптастыру; сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың
мінез-құлқын келтіру, командаға немесе музыкалық белгіге қарай əрекет ету
дағдыларын қалыптастыру; адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа
тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: «Шалқан» ертегісін оқу, ертегі желісі бойынша суреттер
қарау, мультфильмін көру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, ертегі кейіпкерлерінің
атрибуттары, əліппе-дəптер.
Сөздік жұмыс: шалқан.
Билингвальді компонент: шалқан – репка.
Психологиялық дайындық.
Құлаққа жағымды əсем əуен қойылады, балалардың көздерін жұмдырып, көз
алдарына керемет жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендерін елестету.
– Балалар көздеріңді жұмып, жеңіл əрі терең дем алыңдар.
Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп, рахаттаныңдар.
Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі гүлдерге қонып, сол
гүлдердің иісін сезініңдер. Қане, гүлдерді иіскейікші, ішімізге демді тартайық. Гүлдің жұпар иісімен дем алыңдар! Енді көздеріңді ашыңдар! Балалар көздерін жұмып, жаздың шуақты шалғынын елестетеді.
Балалар кезекпен өздерінің сезімдері жайлы айтады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Музыкалық жаттығу.
Музыка əуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билеуі керек. Əуен тоқтағанда бастарын иеді. Балалар музыка əуенімен түрлі қимылдар жасап
билейді. Əуен тоқтағанда бастарын иеді.

Айарудың тапсырмалары.


1-тапсырма. Жаңылтпашты əртүрлі екпінде қайтала.
Кім білмейді шалқанды,
Талайлар оған таңқалды.
Ойын-жаттығу: «Айна».
Ойынның шарты: Екі бала бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Алдымен біреуі кез келген іс-қимыл, пішін, көңіл күйді көрсетеді, ал екінші бала – дəл сол баланың қалпын қайталап көрсетуі керек. Екіншіде рөлдерді ауыстырып ойнау керек.
2-тапсырма. «Шалқан» ертегісін сурет бойынша есіңе түсір. Ертегі кейіпкерлерін ата. Кейіпкерлердің бір-бірін қалай көмекке шақырғанын,
жүрісін, эмоцияларын ойнап көрсет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет