Тақырыбы: Біздің көңіл күйіміз Мақсаты



бет3/8
Дата26.11.2022
өлшемі44,99 Kb.
#159972
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қызықты қойылымдардың жинағы Н.Ж.Оспанов

Билингвальді компонент:
шалқан – репка
Ғажайып сəт. Айару сандықша алып келеді.
Сандықшада ертегі кейіпкерлері бейнеленген жəне бос карточкалар бар.
Балалардың карточкаларды бөліп алып, рөлдерге бөлініп, Жаңылтпашты əртүрлі қарқында дауыстап, сыбырлап айтады. Балалар серігінің қимыл-
қозғалысын айнытпай қайталап жасауға тырысады.
Шалқан ертегісін суреттер бойынша еске түсіреді.
Кейіпкерлердің бір-бірін қалай көмекке шақырғанын, атаның екі жаққа теңселіп жүрісін, қарлығыңқы дауысын, сол сияқты барлық кейіпкерлерді салып көрсетеді.
Сандықшадағы ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін бөліп алады.
Бөлінген рөлдері бойынша ертегіні сахналайды. Атрибуттарын киіп, сахнаға
шығып ойнауын ұйымдастырады.
Көрермен балалар шапалақ соғып, қошеметтейді.
Рефлексиялық- түзетушілік
Педагог қорытынды жасайды.
Балалар, бүгін қандай ертегіні сахналадық?
Балаларды мадақтау.
Бүгінгі сабақта оларға не ұнағанын, не қызықты болғанын айтуды ұсынады.
Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Əсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нəтижелер:
жасайды: тіл ұстарту жаттығуларын жасайды;
түсінеді: отбасы мүшелері, достар бір-біріне көмектесуі қажеттігін;
қолданады: кейіпкерлердің рөлін сомдау кезінде түрлі дауыс күшін, эмоциясын, қимыл-қозғалысын қолданады.

Тақырыбы: Саусақ театры
Мақсаты: саусақ театры арқылы балалардың саусақтары мен қол буынының
ұсақ қол моторикасын жақсарту, жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру; қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту; қиялын, логикалық ойлауын, көру жəне есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру; ұғымталдыққа, икемділікке тəрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты
материалдарды жинақтау; қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау; ойын-жаттығулар қарастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айару, театр түрлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет