Сабақтың мақсаттары : Білімділік : мәтіннің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу. Білімдері мен түсініктерін кеңейту



Дата11.01.2017
өлшемі23,39 Kb.
#7329
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Астана-бас қала.Еліміздің картасы.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: мәтіннің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу. Білімдері мен түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, мәтін арқылы сөздік қорын байтуға, өз ойын қорытындылап айтуға бағдарлау .

Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық мақтаныш сезімін туғызу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой-қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі: СТО технологиясының элементтері, топтастыру, суреттер.

Сабақ барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Сәлеметсің бе алтын күн

Сәлеметсің бе көк аспан

Сәлеметсің бе туған жер

Сәлеметсізбе қонақтар.



II.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын «Бәйге»ойыны арқылы тексеру



III.Жаңа сабақ

«Астана» әні тыңдалады .

-Бұл ән қай қала туралы?

-Астана қаласы туралы.

.Астана қаласы туралы түсінік беру.Мәтінді мәнерлеп оқып беру .Мазмұнын түсіндіру.Дәптеріне күннің жадын ,жаңа тақырыпты жаздыру .Сөздік жұмысын жүргізу .

Руда –кен.

Оқушыларға дауыстап оқыту .

IV.Сергіту сәті

Бұғының үлкен үйі бар ,

Әйнектен көзін салып тұр.

Орманнан қашан бір қоян

Есікті келіп қағып тұр .

Тық-тық-тық ,аш есікті,

Орманға аңшы жетіпті ,

Қоянжан,енді тұрыс не,

Қолыңды соз ,кір ішке.

VI.Топпен жұмыс

I-топ «Президент сарайы»

II-топ «Бәйтерек»

III-топ «Пирамида»

Тапсырма

I-топ .Астана қаласы туралы әңгіме жазу.

II-топ.Астана туралы 4 жол өлең жазу .

III-топ . «Астана-бас қала» тақырыбында сурет салу .

Астанада болған оқушылардың әңгімесін тыңдау .

VII.Сабақты бекіту

Сабақта топтастыру жұмысын жүргізу .



VIII.Сөзжұмбақты шешу.

1.Қазақстанның оңтүстік астанасы .

2.Қазақ халқының ұлттық тағамы.

3.ҚР мемлекеттік рәмізі.

4.Мемлекеттік туда бейнеленген құс.

5 «Родина»сөзінің қазақша аудармасы .

6.ҚР президанті.

IX.Қорытындылау .Рефлексия.

-Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызда не үйрендік ?

-Кім бәрін түсіндім ,сабаққа белсенді қатыстым, беске жауап бердім деп санаса –күлімсіреген үлкен фигураларды алыңдар, яғни өздеріне «5»қойыңдар .

-Кім жауапты толық бере алмадым ,жақсы жұмыс істедім деп ойласа –кішірек фигураны алсын «4»



-Кім ойланатын нәрсе бар , бұл сабақта аз жұмыс істедім ,-көңілсіз «3»фигураны таңдайды.

X.Үйге тапсырма.

Мәтінді оқып келу ,әңгімелеп келу,Астана сөзіне дыбыстық талдау жасау .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет