8-сынып. Дүние жүзі тарихы 20.02.2016жыл
Сабақтың тақырыбы: § 22. Латын Америкасы елдері
Сабақтың мақсаты:
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, тәуелсіздік алғам мемлекеттердің иеліктері мен олардың басқару жүйелерін оқушыларға түсіндіру. Латынамерикалық тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы қазіргі латынамерикалық өркениеттілік бастауы болғандығына оқушының назарын аудару. Оқушылардың тақырыпты терең меңгеріп, жеткілікті ақпарат алуын қадағалау.
Сабақтың түрі:ойын сабағы
Әдісі: сұрақ жауап
Көрнекілігі: плакат, карталар, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: « АҚШ»
Скваттерлік дегеніміз не?
«Жоғары көтерілу мүмкіншілігі» деген сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?
АҚШ Луизианаға қашан және қалай ие болды?
Аболиционистер деген кімдер?
1861 жылы республикалық партияға кім жетекші болды?
Азамат соғысы кезіндегі Оңтүстік және Солтүстік күштерін салыстырыңдар. Күресушіжақтардың қандай ерекшеліктері болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Латынамерикалық отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістер
Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы «Монро доктринасы» және оның Латын Америкасы елдерінің дамуына ықпалы
Саяси құрылыстар
Латын Америкасы — Солтүстік Американың оңтүстік бөлiгi (Рио-Браво-дель-Норте өзенінің оңтүстігінен бастап бүкiл Орталық Америка мен Вест-Үндістан аралдарын қамтиды) мен бүкiл оңтүстік Америка аумағындағы елдердің жалпы атауы.
Ұлттық құрамы өте күрделi этникалық және тарихи процестерден өткен (еуропалықтардың ұрпақтары, үндiстер, метистер,негрлер, мулаттар, т.б.). Мұнда ресми және мемлекеттік тiл ретiнде негiзiнен испан тiлi, ал Бразилияда – португал тiлi, Гаитиде – француз тiлi, Суринамда – нидерланд тiлi саналады. Одан басқа 14 кiшi мемлекет, Ямайка мен Багам аралдары халықтары ағылшын тiлiнде сөйлейдi. Жалпы халықтың 10%-на жуығы үндiс және жергiлiктi диалектiнi қолданады.[1]
Монро доктринасы - 1823 ж. АҚШ президенті Дж. Монро еуропалық державаларға сес көрсете, олардың Латын Америкасы жаңа тәуелсіз елдерінің ішкі істеріне араласпауын талап етіп, оның АҚШ-пен достық қарым-қатынасқа түсірілген көлеңке ретінде қабылданатынын ескерткен сөзінде келтірілген "Америка тек американдықтарға" принципі. Егер бастапқыда Монро доктринасы еуропалық державалардың Батыс жартышары істеріне араласпауы керектігін білдірсе, кейіннен доктрина басқадай мәнге ие болды: АҚШ бұл істерге қажет деп тапқан уақытында араласа алады. Монро доктринасының бұлайша түрленіп, құбылуын 1904 ж. АҚШ президенті Т.Рузвельт жүзеге асырды (Монро доктринасының Рузвельттік салдары ретінде белгілі болды).
ІҮ. Сабақты бекіту:
Латын Америкасы халықтарының азаттық күресі нәтижесінде қандай мемлекеттер құрылды?
Латын Америкасындағы оқиғаларға Еуропа державаларының арасындағы қандай қарама-қайшылықтар және АҚШ-тың қандай көзқарасы әсер етті?
Латифундизм Латын Америкасы елдерінің экономикалық және саяси өміріне қандай әсерін тизігді?
Латын Америкасы елдері саяси өмірінің ерекшеліңктері қандай?
Ү. Тестпен жұмыс:
1. Испандықтар мен португалдықтар қашан Америкаға өз үстемдігін орнатты?
А ) ХҮІ ғ В) ХҮІІ ғ С) ХҮІІІ ғ
3. Конкиста бұл…
А ) жаулау В) тонау С) жеңу
3. Испандықтардың Америкадағы иеліктері қалай аталды?
А) Испандық иелік В ) Испандық Америка С) Испандық корольдік
4. Креолдар кім?
А ) еуропалықтардың ұрпақтары В) аралас нәсіл өкілдері С) король мұрагерлері
5. Негрлер мен еуропалықтардың некелерінен туған ұрпақ?
А) креолдар В) самбо С ) мулаттар
6. ХІХ ғ Латын Америкасындағы ең ірі құл сату орталығы
А) Мексика В ) Бразилия С) Венесуэла
7. Гаити тәуелсіздігі жарияланды
А) 1791 ж В) 1794 ж С ) 1804 ж
8. Америкадағы құлдық жойылған ең алғашқы ел?
А) Эквадор В ) Гаити С) Колумбия
9.Бразилия тәуелсіздігі қашан жарияланды?
А) 1815 ж В ) 1822 ж С) 1804 ж
10. 1821 жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
А ) Мексикада В) Бразилияда С) Венесуэлада
11. Латын Америкасындағы ірі жер иелері қалай аталды?
А ) латифундистер В) пеондар С) гаучолар
12. АҚШ президенті Джеймс Монро «Монро доетринасын» қашан мәлімдеді?
А ) 1823 ж В) 1822 ж С) 1826 ж
ҮІ. Бағалау:
ҮІІ. Үйге тапсырма: §22. Латын Америкасы елдері.
Тексерген:
ДОТІЖО: Жумадиллаев Ж.А.
Достарыңызбен бөлісу: |