Сабақ 7 сынып Тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары



Дата25.08.2017
өлшемі92,75 Kb.
#25960
түріСабақ
Ашық сабақ

7 сынып


Тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары




Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары.
Көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, табиғат зоналары картасы, әр түрлі өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, Оңтүстік Американың өзендеріне байланысты кесте мен сөзжұмбақ. Интерактивті тақта және тақырыпқа байланысты слайдтар.
Мақсаты: Оқушыларға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын салыстыра көрсете отырып, табиғат зоналарының топырағын және ондағы тіршілік ететін өсімдіктері мен жануарлары дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сынып тазалығын тексеру;

б) журналды толтыру;

в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Оңтүстік Америка Гандванадан бөлінгеннен кейін ұзақ уақыт басқа құрлықтардан оқшау қалды. Сондықтан мұнда тек Оңтүстік Америкаға тән өсімдіктердің түрлері – каучукты гевея, какао ағашы, хина ағашы, виктория регия. Каучукты ағаштың 20-ға тарта түрі бар. Үндістер каучуктан аяқ-киім жасайды. Хина ағашының қабығынан дәрі жасалады.

Оңтүстік Америка – көптеген екпе өсімдіктердің отаны.

Оқушыларға алдын-ала тек Оңтүстік Америкаға тән өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін тауып, сол суреттері бойынша баяндау тапсырылған. Әрбір оқушы өзі тауып әкелген суретін алып шығып қорғайды.

Виктория регияпатша гүл деген сөз. Үндістер бұл гүлді апонана дейді, бұл құс табасы деген сөз. Құстар осы жапырақтың үстінде жуынып, таранады. Испандықтар су жүгерісі деп атайды. Бұның жемісінің үлкендігі қауынның үлкендігіндей. Жемістің іші ұн тәрізді үгілген тұқымға толы. Одан Америка халықтары нан пісіреді. Европалықтар оны Амазонка аруы деп атайды, өйткені ол теңдесі жоқ әсем гүл. Оның жапырағының диаметрі 2 метрге жетедеі, 50 кг-ға дейінгі салмақты көтереді.

Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Тапиршөппен қоректенетін жануар. Оңтүстік Американың экваторлық ормандарындағы батпақты жерлерде тіршілік етеді. Жалқауаң – тырнақтарымен жабысқан күйі бүкіл өмірін бұтақтарда өткізеді, жерде жүре алмайды, ол орман ағаштарының жапырағымен қоректенеді. Уистити – кіп-кішкентай маймыл адамның алақанына сыйып кетеді. Түкті сауытты – Аргентина пампасының өлексе жегіші. Сауытты жеміс-жидек, құстардың ұясын талқандап, жұмыртқаларын және балапандарын жалмайды. Тышқанды, жыланды жейді, бәрінен де былығып иістенген, шала шіріген өлексені сүйсіне жейді.



Қалталы опоссум – денесінің ұзындығы 45 см, сырт түрінен егеуқұйрыққа ұқсайды, балаларын құрсақ терісінен қабатталып пайда болған қалтаға салып жүреді. Лама – жүк таситын жануар ретінде пайдаланады. Құмырсқажегіш – өзінің ізін түкті құйрығымен сыпырып жүреді. Аралдарында салмағы 300 кг дейін жететін алып тасбақалар тіршілік етеді. Су шошқасы – капибара жер бетіндегі ең ірі кеміруші, салмағы 50 кг жетеді. Ол тамаша жүзеді және сүңгиді. Өзендерінің жағасында өте ұсақ кокои деп аталатын көл бақалары кездеседі. Оның ұзындығы 2-3 см, ал салмағы 1-ақ грамм, уы жыланның уынан 30 есе күшті. 1 бақадан алынған у 50 оқтың ұшына жағуға жетеді екен, кокоилардың уы тиген жануарлар қол-аяқтары қарысып, біраз уақыттан кейін өліп қалады. Броненосец – қатты қабыршағы бар сауытты аң, үлкендігі иттей, түн жануары. Қауіп төнсе, кірпіше сауытына тығыла қояды. Оңтүстік Американың өзендерінде аллигаторлар көп. Оңтүстік Америка крокодилдері – қаймандар, ұзындығы 2 метрден астам адамға тиіспейді, жалпы қорқақ және сақ. Олардан сәнді аяқ киімдер мен әйелдер сумкаларын жасайды. Пума мен ягуар – Оңтүстік Американың ең қорқынышты жыртқыштары.

Жер бетінде қазір құстардың 8600-ге жуық түрі бар, оның 6000-ға жуығы осы Оңтүстік Америкада кездеседі. Колибри – тек Америкада таралған. Дене тұрқы 20 мм, салмағы 1.8г, тұмсығы жіңішке, әрі ұзын. Гүл шырынымен, ұсақ насекомдармен қорекиенеді, өте қомағай, бір тәулікте өз салмағынан 2 есе артық қорек жейді. Тукан – адамның құйқа терісін шымырлата өксіп-өксіп жылайтын кіп-кішкентай жапалақ. Оңтүстік Американың түйеқұстары – шегелерді, тиындарды, шар тәрізді домалақ темірлерді қиналмай-ақ жұта береді. Бір түйеқұсты сойғанда ішінен әр түрлі темір-терсек шыққан, бірақ осы заттардың бәрі де құс организміне ешқандай зиян келтірмеген.



Интерактивті тақта арқылы «Оңтүстік Американың органикалық дүниесі» тақырыбында слайд шоу көрсетілді.

І. Экваторлық ормандар экватордың екі жағында орналасқан. Оңтүстік Америкада оны сельвас деп атайды, португал тілінен аударғанда «орман» дегенді білдіреді. Топырағы қызыл-сары ферролитті. Өсімдіктері: биіктігі 80 м сейба ағашы өседі, пальманың алуан түрлері, қауын ағашы, какао, гевея өседі. Ірі өсімдіктерді лианалар шырмаған. Ағаштардың діңінде әдемі гүлдейтін орхидейлер көп. Көптеген ағаштардан бағалы сүрегі, жемістер, шырын, техника мен медицинада қолданылатын қабық алынады. Пальманың жемісі мен өзегін жеуге болады, ал жапырағынан әр түрлі бұйымдар тоқуға, үйдін төбесін жабуға болады. Сельвас жануарлар дүниесіне ерекше бай. Мұнда ілмекқұйрықты маймылдар, жалқауаң, батпақты жерлерде тапир, су шошқасы – капибара. Ірі аңдардан – ягуар. Тіпті бұл жердің бақалары мен кесірткелері ағаш басында кездеседі. Құстардан: калибрилер, тотықұстар, тукандар, ала қанат құстар бар. Алуан түрлі көбелектер, туристерге, сувинерлер, лакталған қораптар, подностар әшекейлерін жасайды (әр түрлі қанаттарынан). Жылтырауық жарық шығаратын қоңыздар, ұзындығы 3 см дейін жететін жыртқыш құмырсқалар кездеседі.

ІІ. Саванналар зонасы. Оринока ойпатты жазықта льяностар деп, Бразилия таулы қыратында кампостар деп аталады. Топырағы ферралитті қызыл және қызыл-қоңыр. Льянос та шөптердің арасында пальма мен қараған ағаштары, әр түрлі астық және бұршақ тұқымдастар өседі. Кампоста бөтелке тәрізді ағаштар, ағаш тәрізді кактустар кеңінен тараған. Жануарлары: ұсақ бұғылар, жабайы шошқалар, сауыттылар, құмырсқажегіштер, нанду түйеқұсы мекендейді.

ІІІ. Дала зонасы Оңтүстік Америкада пампа деп аталады, үндістер тілінен аударғанда «ағаштары жоқ кеңістік» дегенді білдіреді. Топырағы құнарлы қызыл ферралитті. Өсімдіктері – шөптер, олардың ішінде бетеге, жабайы тары, кішкене сары гүлді бұталар, қамыс, ірі дәнді тұқымдастар, бұршақтар. Пампаға жүйрік жануарлар тән. Олар: пампа бұғысы, пампа мысығы, ламалардың бірнеше түрі, нанду түйеқұсы, шүрегейлер, үйректер, көкқұтан, қара мойын аққулар кездеседі.

ІҮ. Шөлейттер зонасы Патогония деп аталады. Топырағы сұр және қоңыр. Өсімдіктері: астық тұқымдастар, тікенді бұталар. Жануарлары: кеміргіштер, ін қазушы жануарлар, саз құндызы, қауіп туған кезде жерге тығылатын кішкентай тас қабықты жәндік бар.

Анд тауында биіктік белдеулер алмасады. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жағалық шөлі орналасқан. Салмағы 9-12кг болатын аса ірі жыртқыш құс – кондор мен лама Анд тауының символы болып табылады.

Материктің топырағы, өсімдігі, жануарлары – маңызды табиғат байлығы.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Жаңа сабақты бекіту мақсатында, Оңтүстік Американы 5 табиғат зонасына бөліп тастап, (кардонға сызып) оқушылардың өз түсініктері бойынша құрастыруы.

ІҮ. Үй тапсырмасын сұрау: Оңтүстік Американың ішкі суы.

1.Оңтүстік Американың өзендерін пысықтау мақсатында, сөзжұмбақ шешу. Аяғы «А» әріпімен аяқталатын Оңтүстік Американың өзендері.






















И

С

А


М

А

Р

Ж

У

Р

У

П

А

Р

А

Н

М

А

Д

Е

Й

Р

А

М

А

З

О

Н

К

М

А

Г

Д

А

Л

Е

Н

2. Өзендеріне сипаттама беру



Өзеннің аты

бастауы

сағасы

сарқырамасы

шаруашылықта пайдалануы

І.Амазонка


ІІ.Парана
ІІІ.Ориноко













3. «Мен-өзенмін» ойыны

Мұғалім: «Мен Парана өзенімін, қайда барып құямын?» дейді. Бір оқушы шығып, «Мен Парана өзенімін, Атлант мұхитына барып құямын» деп, картадан көрсетеді. Ойын әрі қарай жалғаса береді.

Ү. Сабақты бағалау, қорыту, тапсырма:



§41-42 Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Кескін картаға табиғат зоналарын бояп, түсіріп келу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет