Сабақтың тақырыбы: «Бәрінен де жақсы»



Дата31.12.2019
өлшемі17,84 Kb.
#54574
түріСабақ
"Қызылқұм" жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Исмайлова Мейрамгуль Махкамбаевна

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 2 "б"

Сабақтың тақырыбы: «Бәрінен де жақсы» Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің «Бәрінен де жақсы» атты мәнерлеп ,түсініп оқи отырып, шығармадағы негізгі ойды өз сөздік қорларына қолдана білуге үйрету және анаға деген сүйіспеншілікті сезіне білуге жағдай жасау.

Дамытушылығы: оқушылардың ой- өрісін ,тіл байлықтарын , сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.

Тәрбиелік мәні: ананы сыйлауға ана еңбегін бағалай білуді дәріптеуге, ізеттілікке , адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ және жаңа білімді меңгерту.

Әдісі: ой қозғау,түртіп алу жүйесі, оқыту, түсіндірмелі шығармашылық жұмыс , ассосация құру, болжау стратегиясы.

Көрнекілігі: слайд, плакаттар, қызғалдақ, жапырақтар, алма ағашы.

Сабақтың барысы:

1.Бағдарлау кезеңі.

Оқушы құралдарын түгендеу,психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем беріп құрметпен ,

Бас иеміз біз.


  • Енді балалар, бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өзара амандасайық.

Күлім қағып қолымды

1,2,3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме

Қолымды мен бұлғайын

Жылы –жылы жүзбенен

Маңдайыңнан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен

Жүрегімді сыйлайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір қысайын



  • Бүгінгі сабақта әдемі жапырақтар жинаймыз.Кім көп жапырақ жинаса,жақсы баға алады.

Үй тапсырмасын пысықтау.

«Сәлем берем үлкенге»өлеңін мәнерлеп оқу.

Бекіту сұрақтары:


  • Амандасудың қандай түрлері бар?

  • «Ассалаумағалейкүм» деп кіммен амандасасыңдар?

  • Мектептегі ұстаздармен қалай амандасасыңдар?

  • Өзара достарыңмен амандасасың ба?

  • Сәлемдесу адам боындағы қандай қасиеттерді білдіреді?

ІІ.Операционалдық – орындаушылық кезең.

Қызығушылықты ояту.



  • Балалар, бүгін бізге «Балапан » бағдарламасынан хат келіпті. Бірақ мен хаттағы сөздерден ештеңе ұқпадым. Өйткені ондағы сөздердің орындары ауысып кеткен. Сендер соны оқуға көмектесесіңдер ме? Ендеше бәріміз бірігіп осы сөздерді мағынасына қарап дұрыс орналастырайық.

  1. анам өте мейірімді Менің.

  2. бала жақсы менің болғанымды қалайды Ол.

  3. жақсы мен көрем Сондықтан анамды.

  • Біздерге нелер келді? Олардан не құрадық? Олар қалай жазылған? Неше сөйлем құрадық?

  • Міне, балалар біз үш сөйлемнен тұратын «Мәтін»құрадық.

Мәтін адамның белгілі бір ойын білдіреді. Онда үш немесе одан да көп сөйлемдер болады және сөйлемдер бас әріппен басталып жазылып, соңына нүкте қойылады.

Енді балалар Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бәрінен де жақсы» әңгімесімен танысамыз.

Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен таныстыру.

Мағынаны таныту.



  1. Мұғалімнің мәтінді оқуы.

  2. Оқушылардың тізбектей оқуы.

  3. Мәтін мазмұнын шамасына сай баяндау.

  4. Топтық жұмыс.

І- топ.

Мәтіндегі тасымалданбайтын сөздерді табу, тасымалдың ережесін айту.

ІІ- топ.

Оқулықтан қыздың анасы туралы айтқан сөзін табу, ана қандай?

Гүл дестелерін толтыру.

ІІІ- топ.

«Шеше»сөзінің баламасын айту. Ана туралы тақпақ айту.

Сұрақтар:



  1. Мәтінде кім туралы айтылған?

  2. Өз анаң туралы әңгімеле, ол қандай?

  3. Ана туралы қандай тақпақ білесің?

Сергіту сәті.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды

Бәрін осы басқарған

Мынау менің оң қолым

Мынау менің сол қолым

Анашымды құшақтауға арналған.

Дәптермен жұмыс.

120- жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазу, дыбыстық талдау жасау.

121-жаттығу. Ребусты шешу.

Мысық ,,,, әтеш,, ,,тиін Шешуі : мәтін,

Шешуі болып тұрған сөз туралы не білесіңдер?

Ойын. «Ойлан, тап , бұл нешінші әріп ?»

Ең қымбат адам ? Ана – 1

Мәтіндегі адасқан кім? қыз 15

Анасы қандай? жақсы-10

Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса. Қай әріп қай үйге барады?

ІІІ. Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Мәтін неден құралады?

Бүгін қандай мәтінмен таныстық?

Мәтінде қанша сөйлем бар?

Болжау стратегиясы.

Егер сен анаңнан адасып қалсаң не істер едің?

Ассосация құру.

Өзіңнің анаңды неге теңейсің, ол сенің кімің?

Ана-жүрек,жүректі құдірет де

Ана – тірек, тіректі сен құрметте.

Ана- шың, шыңыңа сағынып жет,

Ана күнің ,күніңе табынып өт

Оригами әдісімен қызғалдақ жасау.



  • Енді балалар, жапырақтарымызды санап бағаларымызды білейік.

Мадақтау. Бағалау. Үйге тапсырма «Бәрінен де жақсы»мәтінін оқу.Түсінік айтуға үйрену.

Ана туралы өлең жаттау



Сабақ аяқталды
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет