Сабақтың тақырыбы: § 27. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері



Дата08.09.2017
өлшемі50,74 Kb.
#31325
түріСабақ
Сабақ жоспары:

Сыныбы: 9 «В»

Күні: 28.11.2014.

Сабақтың тақырыбы: § 27. Математикалық және серіппелі маятниктердің

тербелістері

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік - Математикалық және серіппелі маятник тербелістері, оның тербеліс

периодтарының қандай шамаларға тәуелді екендігін түсіндіріп, есептеу

формуласын тұжырымдау

2) Дамытушылық –Оқушылардың ой- өрісін дамыту, танымын кеңейту, оқушыны ойын

еркін жеткізе білуге, өзін өзі басқаруға, бағалауға жетелеу

3) Тәрбиелік - Оқушыларды шапшаңдыққа, өзбетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі - Жаңа материалды меңгерту сабағы

Сабақтың әдісіТоптық жұмыс, сұрақ – жауап, тақтамен жұмыс, практикалық,

эксперимент

Сабақтың көрнекілігімультимедиа, слайдтар ,тұрғы, жүктер,жіп, серіппе,

карточкалар

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өтілген материалдарға шолу:

1) Қандай қозғалыстар тербелмелі қозғалыстар деп аталады?

2) Қозғалыстың басқа түрлерінен тербелмелі қозғалыстардың ерекшелігі неде?

3) Қандай тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады?Ол қандай теңдеумен

өрнектеледі?

4) Тербелмелі қозғалыс қандай шамалармен сипатталынады?

5) Тербелуші дененің толық энергиясы неге тең?

III. Жаңа материалды меңгерту ( Математикалық және серіппелі маятниктердің

тербелістері )

ІV. Деңгейлік есептер:

І- деңгей

1. Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 211 г жүктің тербеліс тербеліс периоды мен жиілігі неге тең?

2. Ай бетіндегі ұзындығы 100 см математикалық маятниктің тербеліс жиілігі неге тең? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с2

ІІ- деңгей

1. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасы неге тең?

2. Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алды?

ІІІ- деңгей

1. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктердің біреуі 10, ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?

IV. Эксперименттік тапсырма:

II- топ

Қатаңдықтары бірдей екі серіппені тізбектей жалғап, серіппелік маятниктің тербеліс периоды серіппенің қатаңдығы мен жүктің массасына тәуелді болатынын анықтаңыздар.

III - топ

Ұзындықтары әртүрлі маятник берілген. Қай маятниктің бірлік уақыт ішінде тербеліс периоды көп болатындығын анықтаңыздар.

V. Тест сұрақтары :

( Оқушылар 2 нұсқа арқылы тест тапсырмаларын орындайды)

Тест сұрақтары: 1 - нұсқа

1. Гармоникалық тербелістің теңдеуі: Х=2sin2П/t ( м ). Тербелетін нүктенің максималь жылдамдығын анықтаңыз:

А) 2П/10; В) 4П/10; С) 4П; Д) 4П/5; Е) 5П

2. Материалдық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуі:

X=Asin ( wt+φ0). Осы өрнектегі физикалық шамалардың қайсысы нүктенің тепе- теңдік қалпынан ығысуын анықтайды?

А ) ( wt+φ0); В ) w; С) Х; Д) А; Е) φ0

3. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шамалар:

А ) Маятниктің массасына;

В ) Жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне;

С ) Жүктің массасы мен қатаңдыққа;

Д ) Тек маятниктің ұзындығына;

Е) Тек еркін түсу үдеуіне

4. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 1 минут ішінде 60 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігі неге тең?

А) 30 Гц; В) 0,5 Гц; С) 120 Гц; Д) 60 Гц; Е) 1 Гц

5. Математикалық маятниктің қозғалыс теңдеуі: Х=0,1 cos ( 2t+П/4 ). Математикалық маятниктің ұзындығы қандай?

А) 4 м; В) 0,1 м; С) 2,45 м; Д) П/4 м; Е) 2

Тест сұрақтары: 2- нұсқа

1. Ұзындығы 245 см математикалық маятник 60 с- та қанша тербеліс жасайды?

А) 19; В) 76; С) 38; Д) 190; Е) 2

2. Математикалық маятниктің тербеліс периоды тәуелді болатын физикалық шамалар:

А ) Маятниктің массасына;В ) Жіптің ұзындығы мен еркін түсу үдеуіне;

С ) Жүктің массасы мен қатаңдыққа;Д ) Тек маятниктің ұзындығына;

Е) Тек еркін түсу үдеуіне

3. Материалдық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуі:

X=A cos ( wt+φ0). Осы өрнектегі физикалық шамалардың қайсысы тербелмелі қозғалыстың бастапқы фазасын анықтайды?

А ) cos ( wt+φ0); В ) ( wt+φ0) ; С) φ0 ; Д) А ; Е) Х

4. Ұзындығы 2,45 м, ал тербеліс амплитудасы 0,4 м математикалық маятниктің тербелісінің теңдеуі:

А) Х=0,1 sin t; В) X=0,1 sin 2t ; С) Х= sin t; Д) Х=0,1 sin Пt; Е) Х= sin Пt

5. Тербеліс теңдеуі: Х=5 co s ( t+8 ). Тербеліс жиілігі неге тең?

А) 16 Гц; В) 1/16 Гц; С) 1/8 Гц; Д) 8 Гц; Е) 10 Гц

VI. Жеке оқушылармен жұмыс ( карточкалар арқылы )

VII. Үйге тапсырма: §27. 22-жаттығу
VIIІ. Оқушыларды бағалау
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет