Миға шабуыл. «Адасқан әріптер» әдісі
Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздерден сөйлем құрайды. 2 әріптен алып тастай отырып, сөздерді шығару. «Ақпаратты қорғау әдістері» сөзі
«Аенқрйпугазоркбадытлитжсы қдфошврнуғхгаэяу әседұқіғасфштуделоржиі»
«Дейін-кейін» стратегиясы. «Дейін» бөлігінде жаңа тақырып бойынша не білетінін жазады.
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Түсінгендерін ортада талқылайды.
1-топ: Криптология, криптография, криптограф, криптоталдау, криптожүйе, шифрлау, алфавит, мәтін
2-топ: Алмастыру шифрлары, шифрлау кестелері, ЭЦҚ.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
1-тапсырма. Техникалық диктант
... термині «...» – құпия және «...» – хабар деген ұғымдарды білдіретін грек сөздерінен шыққан. ... екі бөлімге бөлінеді: ... (шифрлау) және .... Криптографиямен айналысатын адамды ... деп атайды. ............ - ақпаратты кілтсіз кері шифрлау мәселесімен айналысады.
Дескриптор:
Криптология, шифрлау ұғымдары мен бөлімдерін анықтайды.
2-тапсырма.
1-топ. 2-суреттегі қазақ алфавитін пайдаланып,
«Сағат онда кітапханада кездесеміз» сөйлемін шифрла.
Жауабы: 43 11 16 11 44, 36 34 17 11, 27 63 44 11 41 52 11 34 11 17 11, 27 21 24 17 21 43 21 33 63 24.
2-топ. Кестелік шифрлау. «Сағат онда кітапханада кездесеміз» сөйлемін шифрла. 5 мм×6 мм өлшемді кестеге мәтінді баған бойынша жазыңыз. Егер мәтінді қатар саны бойынша көлденеңінен 3 әріптен топтап жазса, қандай шифрланған мәтін пайда болады?
С
|
О
|
І
|
А
|
К
|
С
|
А
|
Н
|
Т
|
Н
|
Е
|
Е
|
Ғ
|
Д
|
А
|
А
|
З
|
М
|
А
|
А
|
П
|
Д
|
Д
|
І
|
Т
|
К
|
Х
|
А
|
Е
|
З
|
Жауабы: СОІ АКС АНТ НЕЕ ҒДА АЗМ ААП ДДІ ТКХ АЕЗ.
Дескриптор: Сөйлемдерді шифрлайды.
3-тапсырма. Практикалық жұмыс.
Оқушылар egov.kz сайтында жұмыс жасап, мекен-жай анықтамасын алу керек.
Интерактивті тақтада сайтта жұмыс істеу көрсетіледі. Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып көрсетеді.
1-топ: ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету
2-топ: Бір реттік пароль арқылы қызмет көрсету
|