Реферат Тақырыбы: Криптография туралы түсінік Орындаған: Дербізәлиева Л. Тексерген: Омирбекова З. Алматы,2020 ж



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,23 Kb.
#87848
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дербізәлиева Лаура


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
«Есептеуіш техника және информациялық жүйелер» кафедрасы


Реферат
Тақырыбы: Криптография туралы түсінік

Орындаған: Дербізәлиева Л.


Тексерген: Омирбекова З.

Алматы,2020 ж


Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлімі
1. Криптография негіздері
2. Кілт-мәтіндерді шифрлауға және қайта шифрлауға қажетті ақпарат
3.Криптографиялық қызметтердің типтері

Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Бөтен адамдарға оқуға мүмкіндік бермейтіндей түрлендіру әдісімен ақпаратты қорғау проблемасы адамзатты бұрынғы заманнан толғандырды. Криптографияның тарихы адамзат тілінің тарихымен жасты. Сонымен қатар, ежелгі қауымдастықтарда онымен тек қана таңдаулылар иемденгендіктен алғашқы жазу криптографиялық жүйемен тең болған. Оған мысал ретінде Ежелгі Мысыр, Ежелгі Үндістанның қасиетті кітаптары бола алады. Жазу-сызудың кең таралуына байланысты криптография жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың басында кездеседі. Сондықтан Цезарь хат жазуда өзінің атымен аталған жүйелі шифрді пайдаланды. Криптографиялық жүйе бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қарқынды дами бастады. Соғыстан кейінгі уақыттан қазіргі күнге дейін есептеу құрылғыларының пайда болуы, криптографиялық әдістерді өңдеу мен жетілдіруді жеделдетті. Мәліметтерді қорғаудың криптографиялық әдістері автоматтандырылған жүйелерде ЭЕМ- дерде өңделетін немесе әртүрлі типтегі ЗУ-да сақталатын ақпаратты қорғау үшін пайдаланады. Криптографиялық түрлендіру рұқсат етілмеген алдыналу тәсілі ретінде көпғасырлық тарихқа ие. Қазіргі кезде көптеген шифрлар әдістері жетілдірілген және қолданудың теориялық және практикалық негіздері құрылған. Бұл әдістердің көбісі ақпаратты жабуда ойдағыдай пайдалануы мүмкін. Қандай себептен ақпараттық жүйелерде криптографиялық әдістерді пайдалану проблемасы қазіргі кезде аса маңызды болды. Бір жағынан, компьютерлік жүйелерді, соның ішінде үлкен көлемді мемлекеттік ақпараттарды, әскери, коммерциялық және жеке тұлғалардың рұқсат етілмеген мәліметтері жіберілетін интернет глобальді жүйесі пайдаланады. Екінші жағынан, жаңа қуатты компьютерлердің жүйелі және нейронды есептеу техникасының пайда болуы шешуге мүмкін емес деп саналған криптографиялық жуйеге сенімсіздігін арттырды. Ақпараттарды түрлендіру жолымен қорғау проблемасымен криптология айналысады ( kryptos- құпиялы, logos- ғылым ). Криптология 2 бағытқа бөлінеді- криптография және криптоанализ. Бұл бағыттардың мақсаты бір-біріне қарама-қайшы. Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін іздеу және зерттеумен айналысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет